1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
19 наурыз 2017
Әблязов сырттай сотталып жатыр

Қазақстанда сотталушысы жоқ тағы бір сот отырысы басталды. Наурыздың 17-сі күні Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы банкир, Еуропада қуғында жүрген қазақстандық оппозицияшыл тұлға Мұхтар Әблязов пен оның серіктеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Бұл күні сотталушылар орындығында БТА банк басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, осы банктің басқарма төрағасының несие мәселелері бойынша орынбасары болған Қайрат Садықов, БТА банк басқармасының бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мамеш отырғанымен, бұл істің басты тұлғасы М.Әблязовтің өзі болмады.
Осыған байланысты адвокат Анжелика Әжіғұлова Әблязовтің қайда екенін білмейтінін меңзеп, қорғауындағы азаматқа «айыптау актісін прокурор каналдары арқылы жеткізу» жөнінде өтініш түсірген еді, бірақ бұған мемлекеттік айыптаушы прокурор Баймағамбетов «Әблязовті бір-екі рет шақырдық, айыптау актісі сізге берілді, сол жеткілікті» деп қарсы шықты. Ал Қайрат Садықовтың адвокаты «Әблязовке Facebook желісі немесе басқа да ақпарат құралдары арқылы айыптау актісін жеткізу керек» деген ұсыныс айтты.
Бұл жолғы сот тыңдауында Жақсылық Жарымбетовтің адвокаты Нұрлан Өстеміров қорғауындағы азаматқа қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы, ал Сәдуақас Мамештің адвокаты Клименко «айыптау актісін наурыздың 16-сы күні ғана алғанын» айтып, іспен танысуға уақыт беруді, сот отырыстары мерзімін өзгертуді сұрады. Алайда прокурорлар және БТА банк өкілі Жарымбетовтің кінәсі дәлелденгенін айтуда.
«Азаттық» сайтының жазуына қарағанда, осыдан кейін судья өтініштердің ақылдасу бөлмесінде қаралатынын, ал соттың негізгі отырыстары қашан басталатынын наурыздың 18-і күні сағат 10-да хабарлайтынын айтып, кеңесу бөлмесіне шығып кетті.
Жалпы алғанда, сырттай сот Қазақстанда бірінші рет өтіп тұрған жоқ. 2001 жылы Астана соты Қазақстанның Ұлыбританияда тұратын бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдинді, 2008 жылы Қазақстан соты Рахат Әлиевті де сырттай соттаған болатын.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Төре | 26 наурыз 2017 15:09
М.Аблязов тірі қалса, ал М,Жакишев абақтыдан аман-есен оралса, солар елдің ИЕСІ болады! Олар Елімізді басқаруға лайық! Осы сыннан аброймен өтсін деп тілеу тілеймін? Екеуініңде Ата-Бабалары абақтыны, қуғын-сүргінді көргендер. Тағдыр қайталануда?! Олардың бір кемшіліктері бар - ол Ана тілін толық білмейтіндері. Абақтыда бекер жатпай Ана тілін үйреніп келсе болды?!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті