1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (16211)   30 наурыз, бейсенбі 2017
30 наурыз 2017
«Зейнетақы ісіндегі» төртеудің қамау мерзімі ұзартылды

Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Диас Махамбетовтің хабарлауынша, сот Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ісі бойынша төрт адамның қамау мерзімін ұзартты. Анығында, БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевқа, БЖЗҚ қаржылық қатерлер басқармасының басшысы Мұса Бахтовқа, «АлатауМұнайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы әрі «Бузгул Арум» ЖШС-ның құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевқа және «Бузгул Арум» ЖШС директоры Азат Найзағаринға қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы 28 сәуірге дейін ұзартылған. Тергеу амалдары барысында күдіктілер тергеу абақтысында болады.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына прокуратура тексеріс жүргізіп жатқаны жайлы хабар тарады. Артынша, 7 қаңтарда БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевтың қамауға алынғаны белгілі болды. Ол «зейнетақы қорының бірнеше миллиард теңгесін заңсыз жаратты» деген күдікпен ұсталған еді. Осы оқиғадан кейін Ұлттық банк те БЖЗҚ қызметіне тексеріс жүргізген-тін. Тексеріс кезінде БЖЗҚ-ның меншікті активтері инвестициялауға қатысты жасалған операцияларға пайдаланылғаны айғақталған еді. Зейнетақы қорының меншікті активтері оның капиталы мен жүргізген шаруашылық қызметі есебінен түседі екен. Әрі бұл қордың меншікті активтерді дербес басқаратынын сол жолы білген едік.
Бұл оқиғадан кейін БЖЗҚ басшылығына Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкінен шыққан пәтер дауына байланысты қызметінен кеткен Нүрбибі Наурызбаева келген еді. Осы тағайын-
дауға орай, қаржы сарапшысы Айдар Әлібеков «Жас Алашқа» берген түсініктемесінде «Н.Наурызбаева зейнетақы саласының маманы емес, ішкі салалық тетіктерді жетік білмейді» деген-тұғын.
БЖЗҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қорға қаңтар-ақпан айында 121,6 млрд теңге көлемінде жарна түскен. БЖЗҚ-дағы жалпы жинақ 6,7 трлн теңгеге жеткен. Наурыз айының басындағы мәліметке қарағанда, 61,54 млрд теңге мөлшеріндегі зейнетақы төлемі жасалған.

Г.ҚАПАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар