1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
4 сәуір 2017
Халықаралық ұйым Назарбаевтан журналисті қудалауды тоқтатуға шақырды

Ой-пікір еркіндігі құқығын қорғау ұйымдарының халықаралық желісі (IFEX) қазақстандық журналист Жанболат Мамайдың қамалып, қуғындалып жатқанына алаңдаушылық танытты. IFEX Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазған үндеуінде Мамайдың Алматыдағы тергеу абақтысында қысым көргені туралы мәлімдемені тергеп, оны қудалауды тоқтатуға және оған қатысты сот процесін әділ өткізуге шақырды. IFEX сонымен қатар мәлімдемесінде Мамайдың жұбайына доқ көрсетілгенін тергеп, журналист пен оның отбасының болашақтағы қауіпсіздігіне кепілдік беруге шақырды.
Мәлімдемеге 29 құқық қорғау ұйымы, оның ішінде Алматыдағы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы, «Артикль 19», «Журналистерді қорғау комитеті», «Цензура индексі» және басқа да ұйымдар қол қойған.
Оппозициялық «Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакторы Жанболат Мамай ақпанның басынан бері бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің «БТА банктен жымқырды» делінген қаржының бір бөлігінің ізін газет арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған» деген күдікпен қамауда отыр. Бірақ Мамай өзіне тағылған айыпты мойындамайды. 2009 жылдан бері Еуропада жүрген оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов бұл айыптауды «абсурд» деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеген.
Ақпанның соңында Мамай адвокаты Жанар Балғабаева арқылы Алматыдағы тергеу абақтысында «басқа тұтқындар тарапынан соққы жеп, моральдық қысым көргенін» жеткізген. Мамайға кіріп шыққан Ұлттық превентивтік механизм өкілдері биліктен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен. Құрамына қазақстандық журналистер мен құқық қорғаушылар кіретін Мамайды қорғау комитеті де оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен.

СОТ ЖАНБОЛАТ МАМАЙДЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІН ТАҒЫ БІР АЙҒА СОЗДЫ
Әлеуметтік желілерде тергеу абақтысында отырған журналист Жанболат Мамайдың сот залына кіреберісте анасын бір сәтке құшағына алып, бетінен сүйіп үлгерген суреті жарияланды.
Көпшілік ана мен баланың қас-қағым сәттегі жүздесуі жайлы тебіреніске толы пікірлер жазып жатыр. Бұл Жанболаттың қылмыстық ісіне байланысты сот отырысынан түсірілген сурет болатын.
Иә, Алматының Медеу аудандық соты БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты айып тағылып, ақпан айынан бері тергеу абақтысында отырған журналист Ж. Мамайды тағы бір ай мерзімге қамауда қалдыру туралы шешім шығарды.
Сенбі күні өткен сот отырысында Жанболат Мамай ешқандай қылмыс жасамағанын және өзіне қатысты істің саяси астары бар деп санайтынын тағы да мәлімдеді. Сотқа келген отызға жуық адам оны кепілге босатуды немесе оған үйқамақ шарасын белгілеуді сұрап, оның ешқайда кетпейтініне кепіл болатындары туралы судьяға өтініш берген.
Алайда сот Жанболат Мамайды қамауда ұстау мерзімін мамырдың 10-ына дейін ұзарту туралы шешім шығарып, журналистің әкесіне қорғаушы мәртебесін беру мәселесін дербес қарап, шешім қабылдайтынын айтты.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар