1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Үш сағат жұмыста болмағаны үшін...

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАДЫ
Бұрындары Жамбылда әдеп және кеңес отырысы қырағылығымен, турашылдығымен тәнті ететін. Ол кезде әулиеаталық әкімқаралардың тәртібі, шалыс басқан қадамы таразыға түсетін кеңес отырысына аудан әкімдері, басқарма басшылары тартылып, ең болмағанда желкесі күдірейгендердің жуандаған мойындарын бұрап қоятын.
Газетіміздің №20 санында «Тараздың тәртіптік кеңесі театрға бергісіз» деп жазғанбыз. Сорақысы сол – бұл жолғы «қойылымдары» алдыңғысынан асып түсті.
Өткен айда Әулиеатаның әкімқаралары әр қадамын аңдып басты ма, әлде шенеуніктеріміз шынында шеңберден шықпайтын болғаны ма, әйтеуір, бұл жолғы әдеп және кеңес отырысында жалғыз ғана Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Арғымбаевтың ақпанның 17-сі күні жұмысында үш сағаттан аса уақыт болмағанына байланысты тәртіптік ісі қаралды. Өз кезегінде Арғымбаев аудан әкімі Мейірхан Өмірбековтің қудалауына ұшырағанын айтты. Ал 17-сі күні аудан әкімінің орынбасары Марат Қасымнан ауызша сұранғанын, екеуара әңгіменің аудиожазбасын да алға тартты. Мұны тергеп-тексеруге қатысқан тіл маманы аудиожазбадағы диалог мазмұнынан «М.Қасымның өз қарамағындағы тұлғаны жұмыстан босатқаны және әкімге ескерту керектігі туралы айтқан» деген қорытынды жасады.
Осы кезде М.Қасым сөз алып, Арғынбаевты жұмыстан босатпағанын айтып азарда-безер болса, аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков қол астындағы қызметкердің кемшіліктерін тізбектей келе, одан құтыла алмай жүргенін тұспалдап жеткізді. Кеңес отырысы нәтижесінде Қайрат Рақымбайұлының себепсіз үш сағаттан аса жұмысында болмауына байланысты қызметінен босатуды бірауыздан дұрыс деп шешті.
Әрине, бұл арада Арғынбаевтың әрекетін де ақтап, «сүттен ақ, судан таза» еді деуге болмайды. Атының өзі ұзын-сонар қызметінде де кемшіліктер ұбап-шұбап жүретіні жұртқа жасырын емес. Алайда аудан әкімінің қарамағындағы қызметкерді жұмысында жіберген кемшіліктері бойынша емес, «орныңда отырмадың» деп құтылғысы келгені ақылға қонымсыз, әлі келмегеннен жасап отырған әрекет емей немене?
Қалай десек те, Меркідегі мәселені аудан әкімі Мейірхан Өмірбековтің ың-шыңсыз өз араларында шешуге шамасы жетпей, қарамағындағы қызметкерді құлағынан сүйреп әкеліп, тәртіптік кеңес арқылы жұмысынан кетіріп отырғаны әлі келмей әлекке түскен басшының тірлігінен хабар беретіні анық. Әлде аудан әкімі әдеп және кеңес отырысын қолбала көріп, солардың қолымен от көсегенді жөн көрді ме екен? Әлде бұл, расында, Әулиеатаның әкімқаралары әр қадамын аңдап басып, шеңберден шықпай, түк таппаған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті қызметкерлері «тышқан аулап» кеткенінің көрінісі ме?

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар