1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (16214)   11 сәуір, сейсенбі 2017
11 сәуір 2017
«Мамайфестке» жүз мыңдаған адам қатысты

Сәуірдің 8-і күні Facebook әлеуметтік желісінде «Трибуна» газеті мен журналист Жанболат Мамайды қорғау комитеті ұйымдастырған «Мамайфест» акциясы өтті. Осы шараны белгілі журналист Гүлжан Ерғалиева өз парақшасында былай деп қорытындылады:
«Осы күні таңнан кешке дейін Facebook-те «Жанболат Мамайға бостандық берілсін!» деген ұранмен көптеген фото, видео, коллаждар, тіпті флешмобтар да жарияланды. Әлеуметтік желіні қолданушылардың бір-бірімен «Мамайфест» акциясын бөлісудің арқасында бұл шараны 100 мыңнан 200 мыңға дейін адам көрді деуге болады. Пікір жазғандардың барлығы дерлік тергеу абақтысында отырған Ж.Мамайдың бостандыққа шыққанын, әділеттіліктің орнауын қалайтындарын білдірді. Осы қарсылық шарасы не үшін қажет болды? Пікір жазушылар азаматтарды сөз бостандығы, ой еркіндігі үшін қудалау шектен шығып, заң талабын аяқасты етіп, халықтың төзімін тауысқанын жазды. Көпшілік тәуелсіз ақпарат құралдарының қысымға түсіп жойылуы қоғамның қорлық пен мазаққа түскенін, бұдан әрі төзуге болмайтынын, ашынған халықтың төзімі шегіне жеткенін жазды. Қарсылық акциясына қатысушылар тек Жанболатты ғана емес, жер дауына байланысты түрмеге жабылған Талғат пен Максты, кеше ғана істі болған Н.Құшақбаевтың да бостандыққа шығуын талап етті. Жазықсыз жандардың абақтыға қамалуы тоталитарлық мемлекетке айналғанымыздың айқын белгісі және бұған халықтың көнгісі жоқ. Бұл акция ең алдымен ел зиялыларының қиын сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қолдау көрсете алатынын; екіншіден, ашық түрде өз азаматтарын қорғай алатынын; үшіншіден, елдің өз құқын қорғауға деген ықыласы артып келе жатқанын байқатты. Яғни елдің бойындағы қорқыныш сейілді. Журналист Жанболат Мамайды қорғау комитеті акция өткізу үшін жергілікті әкімшілікке екі мәрте өтініш тастаған. Бірақ екеуінде де қарсылыққа тап болды. Міне, осыдан кейін facebook желісінде «Мамайфест» акциясын өткізу идеясы туындап және ол өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл комитет абақтыда жазықсыз отырған жандардың құқын қорғау мақсатында алдағы уақытта да көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру үшін әкімдіктерден рұқсат сұрайтын болады. Егер тағы да қарсылыққа тап болса, дәл осы сияқты басқа да іс-шаралар жалғасын таба бермек. Ой еркіндігі һәм сөз бостандығы үшін түрмеге қамау тоқтатылсын!»

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар