1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Әмин Елеусінов: Келіспеске амалым қалмады...

14 күн аштық жариялаған мұнайшылардың жетекшісі екі жылға сотталды. 15 мамырда Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Ақтаудағы Oil Construction Company (OCC) кәсіподағының төрағасы Әмин Елеусіновке үкім шығарды. Судья Гүлжахан Ұбашева прокурор мен жәбірленуші OCC арасында жасалған сот-процессуалдық келісім негізінде Әмин Елеусіновті екі жылға бас бостандығынан айыруға және «қылмыстық жолмен иеленген» мүлкін тәркілеуге жаза кесті. Сондай-ақ Елеусіновті қоғамдық және кәсіподақ қызметімен айналысу құқығынан бес жылға айырып, жәбірленуші OCC-ға 8 миллион 212 мыңнан астам теңге өтеуді міндеттеді.
Судьяның кескен үкіміне сәйкес, Елеусінов жазасын түзету мекемесінде өтейді.
Әмин Елеусіновке Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену, талан-таражға салу», «Билік өкілін жұрт алдында ғайбаттау», «Билік өкіліне бағынбау» және «Билік өкіліне күш қолдану») айып тағылған болатын.
Сот кезінде прокурор Данияр Темірханов, айыпталушы Әмин Елеусінов жәбірленуші ОСС арасында өзара келісім жасалған. Осы келісім бойынша Елеусінов «кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқырғанын» және полицияға тіл тигізу, бағынбау және күш қолдану баптары бойынша тағылған айыпты мойындаған.
15 мамырда судья үкімі шыққан соң, тілшілердің «Шыққан үкіммен келісесіз бе?» деген сұрағына Елеусінов «келіспеске басқа амалы болмағанын» айтты.
Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (ОСС) компаниясы мұнайшыларының кәсіподақ төрағасы Әмин Елеусінов қаңтардың 21-інен бері Астанадағы ЕЦ-166/1 абақтысында қамауда отырды. Ол ұсталарға дейін ОСС жұмысшылары компанияның Ақтаудағы кәсіподақ кеңсесінде және Қаламқас, Жетібай кеніштерінде екі апта бойы аштық акциясын өткізген. Мұнайшылар биліктен Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын жаппауды талап еткен еді.
Аштық жариялау акциясы кезінде Елеусіновпен бірге ұсталған OCC компаниясы кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев сәуір айында «сот заңсыз деп таныған ереуілді жалғастыруға жұмысшыларды арандатты» деп айыпталып, екі жарым жылға сотталған-тын. Сол кезде Н.Құшақбаевтың адвокаты Гүлнәр Жуасбаева соттың әділетсіз өткенін мәлімдеді. Ол өз сөзінде: «Бұл істе қылмыс құрамы жоқ. Н.Құшақбаевқа заңсыз айып тағылды», – деді.

Г.НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
пионер | 18 мамыр 2017 14:06
Сот әділ өтсе - бұрмаланғаны, ал әділ өтпесе - Қазақстан стандартына сәйкес нормада өткені - деп бағалайтын уақыт келді. Әмин сол нормаларды мойындапты дұрыс.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті