1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Рамазан Есіркепов Алматыға жеткізілді

 Алматы–Астана пойызында үш жерінен жарақат алып, Шу қалалық ауруханасында ота жасатқан Рамазан Есіркепов 16 мамырда Алматыға, №12 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оны арнайы жабдықталған медициналық көлікпен алып келді. Рамазанның жанында Шу қалалық ауруханасының хирург дәрігері болды. «Рамазанның аман-сау Алматыға жеткеніне бәріміз қуанып жатырмыз. Қазір оның жағдайы тұрақты. Денсаулығына айтарлықтай қауіп-қатер жоқ. Ол алдымен жедел дәрігерлік қызмет көрсеткен, содан кейін шұғыл ота жасаған Шу қалалық ауруханасының бас дәрігеріне, оның ұжымына үлкен алғысын білдірді. Шу ауруханасының мамандары Рамазанды аяғынан тік тұрып, жазылып кеткенінше қарап, емдеуге әзір екендіктерін айтқан еді. Әйтсе де оның отбасы, туған-туыс, дос-жараны Алматыға алдыртуды жөн деп тапты», – деді «Жас Алаш» газетіне түсініктеме берген журналист Розлана Таукина.
Бұрнағы күні ішкі істер министрі «Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының жетекшісі, журналист, азаматтық белсенді Рамазан Есіркеповке жасалған шабуылдың мән-жайын тергеп жатыр» деп мәлімдеген еді.
Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Алмас Сәдубаевтың хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу ісі басталған.
Құқық қорғаушы, азаматтық белсенді Рамазан Есіркеповке шабуыл Астанаға кетіп бара жатқан жолда, пойызда жасалған. Ол Астанада Еуроодақ елдерінінің өкілдерімен кездесіп, еліміздегі сөз бостандығы, адам құқығы жағдайын сөз етпекші болған. Атап айтқанда, қамауда жатқан қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың тағдыры туралы, өзіне қатысты халықаралық ұйымның шешімін қазақстандық сот орындаушылардың орындамай жатқанын мәлім етпекші еді.

Г.НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
иван | 19 мамыр 2017 20:34
рамазанга кастандык жасаган кылмыскермен уиымдастыру тобы ашкере болмаиды оныауылдагы менде блп отырмын маскара соракы жагдаи
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті