1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16250)   15 тамыз, сейсенбі 2017
15 тамыз 2017
Жанболат Мамайды босатпай қойды

Тамыздың 14-і күні Алматының Медеу аудандық №2 сотында қоғам белсендісі, журналист Жанболат Мамайға қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті. Бұл күні Ж.Мамайға қолдау білдіруге келген көпшілік соттың шағын залына сыймай қалды. Қолдаушылар арасында Ж.Мамайдың әке-шешесі, жұбайы Инга Иманбай, жазушы Қабдеш Жұмаділов, мемлекет қайраткері Төлеген Жүкеев, саясаткер Әміржан Қосанов, саясаттанушы Айдос Сарым, Расул Жұмалы, журналист Рысбек Сәрсенбай, Ермұрат Бапилар төбе көрсетті.
Қылмыстық кодекстің 193-бабы бойынша («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыру») айыпталып, күдікке ілінген Ж.Мамайдың адвокаты Жанар Балғабаева мен Мадина Бакиева сотта бірнеше өтініш жасады. Судья олардың кейбірін ғана қанағаттандырды.
Мәселен, адвокаттар ашық өтетін сот отырысына қолдаушы адамдардың көптігін айтып, кең зал сұрады. Бұдан кең залдың жоқтығын алға тартқан судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Сондай-ақ адвокаттар ақпанның басынан бері жарты жылдай қамауда отырған Жанболат Мамайды денсаулығының нашарлауына байланысты қамаудан босатуды сұрап, айыпталушының алдағы сот отырыстарына уақытында келуіне, рұқсатсыз ешқайда кетпеуіне жазушы Қабдеш Жұмаділов, саясаткер Серікболсын Әбділдин мен мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің кепіл болмағын мәлімдеді. Бұл өтінішке прокурор Баймағамбетов үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, «адвокаттар айтқан мекенжайда Жанболат Мамайдың қауіпсіздігіне кепіл жоқ» деп шықты. Судья осы уәжге иіліп, Ж.Мамайды қамаудан босатпады.
Жанболат Мамай өзіне қатысты сот отырыстарына ата-анасы мен әйелі Инга Иманбайдың қоғамдық қорғаушы ретінде қатысуға рұқсат беруді сұрады. Прокурор Инга Иманбайдың «бұл істе куәгер ретінде жауап бергендіктен, қоғамдық қорғаушы бола алмайтынын» алға тартты. Судья Мамайдың өтінішін жартылай орындап, ата-анасын қоғамдық қорғаушы ретінде бекітті. Алдын ала сот тыңдауы қысқаша қайырғанда осылай өтті. Судья Дәурен Мәукеев келесі сот отырысын тамыздың 18-і сағат күндізгі 11-ге белгіледі. Жарты жылдан астам қамауда отырған Ж.Мамай соттың алдын ала тыңдалымы кезінде өте сергек көрінді. Сөзі нық, өз ісіне сенімді. Қылмыс жасаған, арам жолмен ақша жеп қойған жанға ұқсамайды. 28 жастағы журналист, «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарған Жанболат Мамайға тергеу орындары Еуропада қашқында жүрген олигарх, оппозицияшыл саясаткер Мұхтар Әблязов БТА банкінен ұрлаған ақшасының бір бөлігін Мамай басқаратын газетке салып, қаржылық операциялар жасап жасырған дейді. Ж.Мамай бұл айыпты мойындамайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Ж.Мамаймен ешқашан кезікпегенін айтқан М.Әблязов оған тағылған осы айыпты «сандырақ» деген еді.

Г.ҚАПАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Ореке | 15 тамыз 2017 15:35
Биліктің оспадар қылықтары әлі жалғаса береді.
Тоқтар | 16 тамыз 2017 00:43
Араша түскен азаматтарға мың алғыс! Мiне көрдiңдерғо бiздегi сот процестерi осылай нақақ қиянатпен өтедi. Осылай қоғамды өздерi ашындырады. Абыройдан жұрдай болмаған нең қалды?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар