1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16250)   15 тамыз, сейсенбі 2017
15 тамыз 2017
Бұларға күнің түспесін

Өткен айдың 5-і күні жайылымда жүрген 9 бас сиыр және көршінің бір бас сиырын ұрлап кетті. Не істеу керек? Дереу полицияға хабар бердім. Келіп арыз-түсінік алды. Одан кейін біраз уақыт өтті. Тым-тырыс. Ешқандай іздеу ісі болмаған соң, Кербұлақ аудандық ІІБ бастығының телефонына хабарластым. «Іздейміз» деді. Біраз уақыт өтіп, хабар болмаған соң облыс прокурорына бардым. Кіреберістегілер «арыз жаз» деп, бастықтарына кіргізбеді. Сосын көмек сұрап облыстық әкімшілікке бардым. Қарапайым адамның жағдайын осылар ойлайтын шығар дегенім ғой. «Жоғалған малыңды іздемейміз» деп шығарып салды. Облыстық полиция департаментіне барсам, бастығы орнында жоқ екен. Бір бөлімнің жетекшісіне кіргізді. Полковник Асқар деген жігіт «көмектесеміз» деп арқамнан қақты. Содан кейін аудандық прокурордан хат келді. Оны ашпай тұрып қатты қуандым. Жігіттер жұмыс істеп жатыр екен ғой дедім. Ашып қарасам, «полиция істі қысқартқан екен, қайта жандандырдық» деп тұр. Бұған не қуанарымды, не ренжірімді білмедім. Мал ұрланған күннің ертеңіне учаскелік инспекторды ауыстырып жіберіпті де, ұрлыққа қатысты істі қысқартып тастапты. Неге бұлай істейді? Әлде біздің көк тиын қадіріміз жоқ па? Полицияға жалынбай-ақ жоғалған малды өзім іздейін десем, ауырып ауруханадан шыға алмай жүрмін. Шамам шағым айтуға әрең жетеді. «Нұр Отанның» облыстық бастығына телефонмен жағдайымды айтып көрдім. Қайыр болмады. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің кезекшісіне екі рет хабарластым, олар «малыңды өзің қара, біздің жұмысымыз басқа» деді. «Заң бұрмаланып, іс қаралмай жатыр, тексеріп көріңдерші» дедім. Ешкім құлағына қыстырмайды. Жемқорлыққа қарсы департаментке де бардым. Баяғы жартас... Қазір бір нәрсені түсіне алмай жүрмін. Қорлықты мен кімнен көрдім? Малымды ұрлаған ұрыдан ба, әлде ұрыны іздемей, өзімді мазақтап сандалтып қойған құзырлы органдардан ба?
 

Тоқтам МАКИЖАНОВ
Басши ауылы
Кербұлақ ауданы
Алматы облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар