1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16250)   15 тамыз, сейсенбі 2017
15 тамыз 2017
Шекарашы оғынан қаза тапқан кісі жылқы айдап өтпек болған...

Тамыздың 12-сі күні кешқұрым қазақ-қырғыз шекарасының Жамбыл облысы Жасөркен ауылына жақын тұсындағы шекараны жиырма шақты адам заңсыз кесіп өтпек болған. «13 тамызға қараған түні ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Тараз шекара отряды «Жасөркен» шекара бекеті жасақтары мемлекеттік шекараны күзетуге шыққан. Нақты саны белгісіз, жиырмаға жуық адам қараңғыда Қазақстан мемлекеттік шекарасы жағына қауіпсіздік спиральді белдеуінен өтіп кетпек болып, темір торды кесуге әрекеттенген. Кеден қызметкерлерінің құқық бұзушылық әрекетті тоқтату туралы талабына олар құлақ аспай, кеден жасағына тас лақтырып, физикалық күш қолданған. Нәтижесінде кеденшілер жарақаттанған.
Әскери қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін шекара жасағының басшысы жоғарыға атылған ескерту оғынан кейін, сондай-ақ тәртіп бұзушылар тарапынан ешқандай реакция болмаған соң, шабуылшылар тарапына қайта оқ атқан (екі оқ атылған). Салдарынан шабуылшының бірі жарақаттанған, қалғандары жараланған адамды алып Қазақтан аумағындағы жақын маңдағы елді мекенге жасырынып қалған. Кейіннен жарақат алған адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қазіргі таңда Тараз кеден жасағында шекарашылар отряды күшейтілді. Шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандарды іздестіру және олардың тұлғаларын анықтау жұмысы жүруде» деп хабар таратты облыстық ішкі істер департаменті.
Ел азаматтары неліктен мұндай қадамға барды? Түн жамылып шекарадағы қауіпсіздік спиральді белдеуінен өтуге, темір торды кесуге әрекеттенулеріне не себеп? Газет беті қатталып жатқанда құзырлы орындар және бір ақпарат таратты. Оған сенсек, шекараны бұзып өтуге әрекеттенгендер Қырғызстанға жылқы айдап өтпек болыпты. Оларға ҰҚК шекара қызметінің сарбазы П.Ергеш «тоқта» деген бұйрық беріп, АК-74 қаруынан аспанға оқ атады. Алайда оған құлақ аспаған топ шекарашыларды таспен атқылаған. Сол кезде шекара қызметінің сарбазы әлгі топқа қарата оқ атады. Оқ біреуіне тиіп, әлгі адам сол жерде қаза табады. Қайтыс болған азамат Жасөркен ауылының тұрғыны, 30 жастағы Еркін Әміртаев екені анықталды. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.
Ал қақтығыс кезінде ҰҚК шекара қызметінің екі сарбазы – П.Ергеш пен Г.Бөрібай жараланған. Бұл іс 13 тамыз күні СДТБТ-ға тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар