1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16253) 24 тамыз, бейсенбі 2017
24 тамыз 2017
Жанболат не деді?

«Трибуна. Саяси қалам» газетінің шығарушысы, журналист Жанболат Мамайдың үстінен қозғалған іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы Жанболат Мамайға сөз берілді. «Газетке бастапқыда идеялық және материалдық тұрғыда Төлеген Жүкеев көмектесті. 2013 жылдан бастап қаржылық қиындықтарға ұшырай бастадық. Сол жылы ақпанда Жарымбетовпен таныстық. Танысуға ол өзі бастамашы болды. Оған дейін Әблязовтің Жарымбетов деген орынбасары бар екенін де білмейтінмін. Сөйтіп, біз онымен жай ғана достық қатынаста болдық. Ол қазақ тілін өте жақсы білетін, Қазақстанды сағынғаны байқалатын.
Еш басылым демеушілік көмектен бас тартпайды. Біз де сөйттік, бірақ газетті төрт-ақ адам – бір беттеуші, бір корректор және екі журналист шығара бастадық. Сөйтіп, бүкіл шығындарды қысқарттық, сондықтан 2015 жылдан газет өзін ақтай бастады. Бірақ одан түскен табыстың өзі типографиялық және редакциялық шығындардан аспайтын. Біздің газетіміз идеялық жоба болатын. Біз одан пайда табамыз деп ойлаған емеспіз. Газетіміз ешкімге тәуелді болмасын дедік». Жанболат осылай дейді.

«ӘБЛЯЗОВТІ КӨРГЕН ДЕ, ТАНЫСҚАН ДА ЕМЕСПІН»
Бұған дейінгі сот отырысында куәгер болған БТА банкінің бұрынғы топ-менеджері Жақсылық Жарымбетов Мамаймен 2011 жылы Әблязовті Skype арқылы таныстырғанын, кейін Әблязовтің нұсқауымен Жанболатқа ақша беріп отырғанын айтқан еді. Сөйткен Жарымбетов бір сөзінде 2012 жылы Әблязовпен ат құйрығын кесісіп кеткенін де мәлімдеген. Әблязовтан іргесін аулақ салған соң, «елде тәуелсіз баспасөз керек» деп ойлап, Ж.Мамайға өзі көмектесе бастағанын да соттағы сөзінде тілге тиек еткен. Мұны Жанболат та растап, Жарымбетовтің бір жыл бойына көмектесіп тұрғанын айтты. Алайда Жанболаттың «Жарымбетовпен 2013 жылы таныстым» дегені Ж.Жарымбетовтің таныстық туралы жоғарыдағы сөзін жоққа шығарып тұр.
Жанболаттың сөзіне қарағанда, Жарымбетовтің «азаматтық қоғам, тәуелсіз журналистиканы дамыту үшін» деп демеушілік есепті берген қаражатының соңы тұтқындау мен сотқа ұласатынын «Трибуна. Саяси қалам» газетінің шығарушысы білмей қалғанға ұқсайды.
Өткен жолы Жарымбетов «Жанболат Мамай есеп беріп отырды» деп еді. Бұл сөзді Жанболаттың өзі де жоққа шығармапты. Оның айтуынша, Жарымбетов редакциялық саясатқа араласпаған. Ал бірақ прокурордың «Сіз Жарымбетовке жіберген газет нөмірлерінде үнемі Әблязов туралы жазылған, оны қалай түсіндіресіз?» деген сұрағына ол «Трибуна» газетінің электронды нұсқасын ұдайы жіберіп тұрғанын, онда тек Әблязов туралы ғана болуы мүмкін еместігін айтқан. Сондай-ақ Жанболат Мамай «Әблязовті көрген де, танысқан да емеспін» дейді.
Өткен сот тыңдауларында Ж.Мамайдың адвокаттары судьяға саясаткер Әміржан Қосанов пен «Дат» жобасының бас оқырманы Ермұрат Бапиді куәгер ретінде тыңдауды ұсынған еді. Адвокаттар бұл ұсыныстарын қайта көтеріп, нәтижесінде Әміржан Қосанов куәгер ретінде сөз сөйледі.
Осылайша «2011-2014 жылдары БТА банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары, сол кезде шетелде болған Жақсылық Жарымбетов арқылы қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтан 110 мың доллар алды» деп айыпталған Жанболат Мамайдың үстінен қозғалған кезекті сот тыңдауы аяқталды. Келесі отырыс бүгін өтеді. Аталған сот ісінен оқырманды хабардар етіп отыратын боламыз.
 

Таңатар ТАҒАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Назарбаев Путин | 27 тамыз 2017 05:42
ҚАЗАҚСТАН ФЕДЕРАЦИЯҒА АЙНАЛМАСА, РЕСЕЙДІҢ КЕБІН КИЕДІ — РЕСЕЙЛІК ТАРИХШЫ

Дата: 24 августа 2017 в 18:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша
ҚАЗАҚСТАН ФЕДЕРАЦИЯҒА АЙНАЛМАСА, РЕСЕЙДІҢ КЕБІН КИЕДІ - РЕСЕЙЛІК ТАРИХШЫ
Forbes.kz сайтының хабары бойынша мақала «Новороссия» деген басылымға шыққан. «Қазақстан федерацияға айналмаса, оны Украинаның тағдыры күтіп тұр» деп аталады. Авторы – Григорий Миронов, тарих ғылымының кандидаты.

Оның пікірінше, «қазіргі Қазақстандағы орыстар өздерінің этникалық
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті