1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16255)   31 тамыз, бейсенбі 2017
31 тамыз 2017
Жанболат Мамай мен Жақсылық Жарымбетов қалай танысты?

«Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы, 28 жастағы Жанболат Мамайға қатысты осы аптадағы сот отырысы бірден БТА банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетовті тыңдаудан басталды. Рас, Жақсылық Жарымбетов бұған дейін де куәлік еткен. Бірақ Жанболат Мамайдың оны сотқа қайта шақырып, жауап алу керек деген ұсынысын судья Дәурен Мәукеев қолдаған болатын.

Бұған дейінгі сот отырысында Жанболат Мамай бұрын-соңды Мұхтар Әблязовпен кездеспегенін, оны танымайтынын айтқан еді. Ал Жақсылық Жарымбетов «өзін Жанболат Мамаймен Мұхтар Әблязов таныстырғанын» айтады. Міне, бұл жолғы сот отырысында адвокаттар мен прокурор Жарымбетовті жауапқа алып, Мұхтар Әблязовтің қалай таныстырғанын нақтылауға тырысты.
– 2011 жылы Мұхтар Әблязов Жанболат Мамайды маған сыртынан, скайп арқылы таныстырды. Оған берілетін соманы бастапқыда Әблязовтің өзі айтты. Бірақ кейінгілерін өзім бердім. Өйткені Жанболат Мамай ол кезде қазіргі «Трибуна. Саяси қалам» газетін шығармаса да, журналистік қызметпен белсенді шұғылданатынын білетінмін. Оның үстіне Жаңаөзен оқиғасына байланысты 2012 жылы өткен соттан кейін Жанболат Мамай қиналып жүрді. Сондықтан мен ол ақшаны өзіне көмек үшін бердім, – деді Жарымбетов.
Яғни Жарымбетовке Жанболат Мамайды Мұхтар Әблязов сырттай таныстырған.
Бұған дейінгі сот отырыстарында куәлік еткендердің бірі, Жақсылық Жарымбетовтің бұрынғы күйеубаласы Ғалымжан Аханов «Жақсылық Жарымбетов Жанболат Мамайға арналған ақшаны бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше жыл ішінде берді» деген мағынадағы пікірін айтқан еді.
Жақсылық Жарымбетовтің куәгерлігінен кейін судья Дәурен Мәукеев қылмыстық іс бойынша тіркелген барлық материалдарды тізіп шықты да, жарыссөз басталатынын жариялады.
Жанболат Мамай және оның адвокаттары Жанар Балғабаева мен Мәдина Бакиева жарыссөзге дайындалуға мұрсат беруді сұрады. Судья Дәурен Мәукеев сотқа қатысушылармен кеңесіп, келесі сот отырысын қыркүйектің 4-іне белгіледі.
Айыптаушы прокурор жариялаған айыптау актісіне қарағанда, Мұхтар Әблязов жымқырған қаржысының ізін жасыру мақсатында «2011-2014 жылдары БТА банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары, сол кезде шетелде болған Жақсылық Жарымбетов арқылы Жанболат Мамаймен байланысқан. Жарымбетов Мамаймен Scype арқылы байланысқан және үшінші адам арқылы 110 мың доллар көлемінде қаржы берген. Мамай қаржыны газет шығаруға жұмсаған».
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 5 қыркүйек 2017 14:37
Бұл сандалу."Көзіне қан толған бұқа өзінен туған бұзауына көзін сүзеді" деген бар. "Әбілазов","Әбілазов"деп"қызықстанның""аттарынан тек ҚАЗАҚТЫҢ аты үркетін" күштіік құрылымдар шибөрі сияқты шу-шу етті. АНАУ"әй абыройымды түсірдіңдер.Әбілазов"менен банкіні тартып алғысы келіп,ақша сұрады"деді.Құртыңдар десем қолдарыңнан түк келмеді"деген соң шу-шу,ыңқ-ыңқ"бұқа"сияқты.Тағы"Әбілазов млрд-ды ұрлады дейді де,"Мамайға 110 мың доллар қаржы берген"дейді.Өздерінде тіптен логикалық болжам да жоқ.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар