1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16256)   5 қыркүйек, сейсенбі 2017
5 қыркүйек 2017
Жанболат Мамай өзіне тағылған айыпты мойындамады

Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотында журналист Жанболат Мамайдың үстіне қозғалған қылмыстық істің жарыссөзі өтті. Прокурордың айтуынша, Жанболат Мамай өзіне тағылған айыпты мойындамады. Жарымбетовтен ақша алғанын растаған, бірақ ол ақшаның қылмыстық жолмен табылғанынан хабарсыз болғандығын айтқан және Жарымбетовке жазылған хат авторлығын мойындаған.

– Бірақ ол кәсіби журналист ретінде Мұхтар Әблязов пен Жақсылық Жарымбетовтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын білді. Соған қарамастан, Жарымбетовтің шақыртуымен Жанболат Мамай Төлеген Жүкеевпен бірге Австрия астанасы Венаға барып кездескен. Оны Жанболат Мамайдың өзі де мойындады, – дейді прокурор.
Прокурор жарыссөз кезінде осыған дейін сот процесінде айтылған жайттарды қайталап шықты.
– 2011 жылы көктемде Мұхтар Әблязов Жақсылық Жарымбетовке Жанболат Мамайдың оппозициялық әрекетін қаржыландыруды тапсырған.
Жарымбетовтің айтуынша, 2011 жылы Әблязовтің бұйрығымен 70-80 мың доллар берген. 2012 жылдан бастап Жанболат Мамай Әблязовпен байланысын үзгеніне қарамастан, Жарымбетов оған 2012-2015 жылдары ақша берген. Жанболат Мамай ол ақша үшін есеп берген, – деген ол Жанболат Мамайға жаза тағайындағанда жеңілдетуші жайттарды ескеруді сұрады. Прокурор: «Жас баласы, кәрі әке-шешесі бар екенін, отбасының жалғыз асыраушысы екенін, бұрын қылмыстық жауапқа тартылмағанын ескере отырып Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-тармағына сәйкес, төрт жылға бас бостандығын шектеуді және мүлкін тәркілеп, үш жылға дейін журналистік қызметпен шұғылдануға тыйым салуды сұраймын», – деді.
Прокурор жариялаған айыптау актісіне қарағанда, Мұхтар Әблязов жымқырған қаржысының ізін жасыру мақсатында 2011-2014 жылдары БТА банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары, сол кезде шетелде болған Жақсылық Жарымбетов арқылы Жанболат Мамаймен байланысқан. Жарымбетов Мамаймен Scype арқылы байланысқан және үшінші адам арқылы 110 мың доллар көлемінде қаржы берген. Мамай қаржыны газет шығаруға жұмсаған.
Айыптаушы прокурордан кейін жарыссөзге шыққан адвокаттар Жанар Балғабаева мен Мәдина Бакиева болса Жанболат Мамайға тағылған айыптың дәлелденбегенін айтты.
Адвокат Мадина Бакиеваның айтуынша, Жанболат Мамайға ақша берді деген тарапқа қатысты сот үкімі таяуда ғана шыққан. Ал «ақшаны апарып бердім» деген куәгер Аханов ақшаның бір бөлігін ғана растай алған.
Бакиеваның айтуынша, «Жанболат Мамайға қатысты қылмыстық істе «Трибуна. Саяси қалам» газетін шығарушы заңды тұлғаның есебі толық берілген. Ол есепте ешқандай артық ақша байқалмаған».
Жанболат Мамай жарыссөзде қысқа сөйлеп, Жақсылық Жарымбетовтің таяуда ғана сотталғанын, ал бірнеше жыл бұрын оны қылмыскер деуге заңды негіз болмағанын баса айтты. Осыған дейінгі сот отырысында Жанболат Мамай Мұхтар Әблязовпен кездеспегенін, оны танымайтынын айтқан болатын. Судья Дәукеев соңғы сөзді қыркүйектің 6-сына белгіледі.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 6 қыркүйек 2017 14:56
Осы прокурорларың,соттарың қылмысты ашпайтын,тергемейтін орган болған соң,қылмыстың обьектісі,субьектісі,обьективтік және субективтік жақтарының болатындығын,егер осы негіздің біреуі болмаса онда"қылмыстың құрамы жоқ"деп танылатындығын Заңды өздері жазса да білмейді-ау деймін. Мамайды"қылмыскер"деп тану үшін,алдымен сол шығарған газеттің"заңсыз,негізсіз"мақалалар жариялағандығын дәлелдеу керек.Егер газет заңды деп танылса,онда Мамайдың ақшаны кімнен,қалай алғандығында не әкеңнің ақысы бар?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар