1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16258)   12 қыркүйек, сейсенбі 2017
12 қыркүйек 2017
Жанболат МАМАЙ: МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ САЛАДА ҚЫЗМЕТ ЕТКІМ КЕЛЕДІ

«Әблязов ұрлаған қаржының бір бөлігінің ізін газеті арқылы жасырған» деген айыппен істі болып, жеті ай бойы абақтыда отырып, ақыры сот үкімімен үш жылға шартты түрде бостандыққа шыққан журналист Жанболат Мамаймен тілдесіп, алдағы жоспарлары туралы ойын білген едік.

– Сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсіретін ойың бар ма?
– Соттың үкімі әлі қолымызға тиген жоқ. Онда нақты не, қалай жазылғанын көзімізбен көрген жоқпыз. Бір-екі күнде шешім қолымызға тиеді. Әзір қорғаушылармен ақылдасып жатырмыз.
Біздің елдегі сот жүйесінің қандай екенін, қандай шешім шығаратынын да жақсы білесіздер, осы тұрғыдан келгенде апелляциялық шағым түсірудің мағынасы жоқ секілді. Бірақ қорғаушылармен кеңесіп, бұл мәселеге қатысты өз позициямызды айтамыз.
Соттың шешіміне қатысты айтар болсақ, ойланатын тұстар көп. Дегенмен соттың түрме жазасын емес, бостандықты шектей отырып шартты жаза беруі біз үшін де, қорғаушылар үшін де, қоғам үшін де күтпеген жағдай болды. Сондықтан бұл қоғамдық пікірдің, қоғамдық күштердің, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың үлкен жеңісі болды. Яғни қоғамдық пікірге билік құлақ асты деп ойлаймын.
– Бүгінгі шара туралы айтып өтсең.
– Бұл мені қорғаған, қолдаған азаматтармен кездесу форматында болады. Жеті ай бойы маған қолдау көрсеткен барлық азаматтарға рақметімді айтқым келеді. Абақтыда отырғанда қоғамның қолдауы маған үлкен күш-қуат берді және сот шешімінің осындай болуына алып келді деп ойлаймын.
«Жас Алаш» газетіне рақметімді айтқым келеді. Сіздер үнемі сот барысынан ақпарат, мәлімдеме, мақалалар беріп тұрдыңыздар. Бұл мен үшін үлкен қолдау болды. Сол үшін «Жас Алашқа» алғысым ерекше. Сіздердің ұжымдарыңыздың алдында бас иіп, алғыс айтамын. Сонымен қатар Азаттық радиосы, «Дат» газеті, «Жұлдыздар отбасы» журналы және бірқатар блогерлер, халықаралық ұйымдар – солардың барлығына алғысым шексіз.

– Алда қандай жоспарың бар? Қоғамдық жұмыстармен айналысасың ба?
– Соттың үкімімен маған үш жылға журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бірақ қоғамдық жұмыстармен айналысуға тыйым салынған жоқ. Сондықтан қоғамдық жұмыспен айналысуға құқым бар. Қандай жұмыспен айналысамын, ол қандай форматта болады, ол жағын әлі ойластырамыз. Өзім мәдени-ағартушылық салада қызмет еткім келеді. Бұл тұрғыда біраз ойларым бар. Және еңбектер жазамын ба деген де ниет бар. Өйткені жеті ай бойы талай кітап оқылды, талай ойлар мен идеялар келді. Сол ойларды алдағы уақытта жүзеге асырсам ба деген жоспарым бар. Бірақ ақпараттық салада қала беремін деп санаймын.
– Рақмет. Біз де саған тілеулеспіз!
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
казах | 12 қыркүйек 2017 20:51
жанболат саган халык риза каида журсенде аман бол иним
Төре | 13 қыркүйек 2017 16:30
Жанболат інім, аман бол! Инга келін екеуің бақытты болыңдар!
Б.Шаяхметұлы | 13 қыркүйек 2017 18:00
Жанболат бауырым, бостандыққа шыққаныңа қатты қуанып жатырмыз! Шартты түрде берілген мезгіл де өте шығар, әйтеуір бас бостандығыңнан айырмағаны жақсы болды! Аман жүрші әйтеуір , денің сау болсын! Сен сияқты ұлтжанды азаматтар ҚАЗАҚҚА аса қажет екенін ұмытпағайсың!
Жанашыр | 14 қыркүйек 2017 08:57
Жанболат інім Алла жаныңа жамандық бермесін. Отбасыңмен аман-есен қауышқаныңа қуаныштымыз. Ағартушылық салада қоғамдық жұмысымды жалғастырсам ба депсің, ойға алған ісіңе сәттілік тілеймін. Өзіңдей жалынды жастар ұлтымызға ауадай қажет.
Д.Келдібекұлы | 15 қыркүйек 2017 16:38
Билік үлкен кеңшілік жасады. Негізінде қылмысың азаматтығыңнан айыруға лайық еді.Жанболат Мамай інішек.Тыныш жүрсеңші
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті