1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
26 қыркүйек 2017
Үш күдікті бойынша полиция үндемей отыр

Шымкентте «қылмыстық топ құрған деструктивті діни ағым мүшелері» деген күдікпен ұсталған үш адамға «терроризмді насихаттау» және «діни араздықты қоздыру» баптары бойынша іс қозғалып, олар екі айға қамалды. Полиция «тергеу құпиялылығын» алға тартып, күдіктілер ісіне қатысты ақпарат бермеді. Туыстары оларға «билік жала жауып отыр» деп санайды.

Тұтқындау туралы санкция берген судьялардың бірі Ғани Байарыстанның айтуынша, 1980 жылы туған Бақытжан Ізтілеуов – Шымкентте, 1987 жылы туған Алпамыс Жүсіпбеков – Сарыағашта, 1980 жылы туған Самат Борашов Жетісай қаласында ұсталған.
– Ізтілеуов 174-баптың 1-ші және 2-бөлігі («Алдын ала сөз байласу арқылы діни алауыздықты қоздыру»), 256-баптың 1-бөлігі («Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру») бойынша, ал Жүсіпбеков пен Борашов Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі («Жария түрде немесе ақпарат құралдары арқылы діни араздықты қоздыру») бойынша күдікті деп танылды. Қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық дәрежесі жоғары болуы, экстремизм қылмыстарына қатысты санкция берілді, – деді судья Ғани Байарыстан. Оның сөзінше, күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі істі облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ қыркүйектің 19-ы күні Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Шымкенттегі «Гарант» дүкені аумағында «деструктивті діни ағымдар ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ ұсталғаны» туралы да ақпарат таратқан болатын. «Тергеу болжамы бойынша, топ мүшелері ұрланған телефондарды алып-сатумен айналысқан. Олар мобильдік құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатқан» деп жазылған еді полиция хабарламасында.
Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының хабарлауына қарағанда, Шымкентте қыркүйектің 19-ы жүргізілген арнайы операция кезінде 650 адам полицияға жеткізілген. Кейін олардың біреуіне қатысты іс қозғалып, соттан оны қамауға алуға санкция сұралған.
Жалпы алғанда, Халықаралық түрме реформасы (Penal Reform International – PRI) ұйымының мәліметтері бойынша, Қазақстанда экстремистік және террористік айыптар бойынша сотталғандар саны көбейіп келеді. 2014 жылы елде экстремистік және террористік баптар бойынша – 154, 2015 жылы 317 адам сотталған, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 554 адамға жеткен. Мәліметтерге қарағанда, 2017 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша, Қазақстан түрмелерінде 3,5 мыңнан астам дін ұстанушы қамауда отыр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті