1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (16266) 10 қазан, сейсенбі 2017
10 қазан 2017
Медицинадағы «мафиямен» күрес бір күнде бітпейді

Соңғы кездері басы даудан арылмай жүрген «СК-Фармация» компаниясының басшысы Максим Касаткин қамауға алынды. Оның осы қызметке тағайындалғанына әлі бір жыл да болған жоқ. Бірақ оған қандай айып тағылып отырғанынан денсаулық сақтау министрлігі әзірге хабарсыз. Осы жылдың 3 ақпанында өткен үкімет отырысында Н.Назарбаев «СК-Фармация» компаниясын мемлекет қаржысы берілетін жалғыз тасымалдаушы екенін, бірақ олар фармацевтикалық фабрикалар салуға жол бермей, әбден «мафия» болып кеткенін айтып сынап еді. Сол жолы президент денсаулық сақтау министрі Е.Біртановқа «СК-Фармацияда» орындарынан тапжылмайтын адамдардың бәрін қуып шығып, жаңа мамандар әкел, ақшаның қайда кетіп жатқанын анықта» деп тапсырма берген болатын.
Назарбаевтың компанияны сынағаны сол-ақ еді, тура бір апта өткен соң компаниядан және бір шу шықты. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «СК-Фармация» компаниясын монополияға қарсы заңнамаларды бұзды деп айыптап, оған 1,3 миллиард теңге көлемінде айыппұл салды. Астана қалалық соты халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында дәрі-дәрмек сатып алу және қамтамасыз ету бойынша біртұтас дистрибьютор саналатын «СК-Фармация» компаниясы өз үстемдігін теріс мақсатта пайдаланғанын анықтаған. Сот үкімінде «СК-Фармацияның» 2010-2015 жылдары дәрілік заттарды сақтау және жеткізу қызметін санаулы компаниядан ғана сатып алып отырғаны, осылайша нарықтағы басқа субъектілердің бұл қызмет түрін көрсету мүмкіндігін шектегені жазылған.
Бұл кезде компанияда қызу ауыс-түйіс жүріп жатты. Себебі Назарбаев сынаған күннің ертесіне-ақ, яғни ақпанның 4-інде Сағынтаев өткізген үкімет отырысында министр Біртанов «СК-Фармация» басшылығында 2015 жылдың қыркүйегінен бері отырған Нұржан Әлібаев пен төрт топ-менеджердің қызметтен шеттетілгенін баяндаған еді. Басқарма басшысының орнына ақпанның 22-сінде Максим Касаткин тағайындалды. 37 жастағы жаңа басшы сол кезде басылымдарға «алда көп нәрсені өзгертетінін» айтқан болатын.
Бірақ Касаткин атышулы компанияға кеше келген адам емес-тін: ол «СК-Фармациядағы» қызметін 2011 жылы компанияның стратегиялық даму мен медициналық техниканы бақылау бөлімінің басшысы ретінде бастап, 2012 жылы басқарма басшысы болып тағайындалып, артынан компанияның басқарма мүшесі қатарына кірді. Ал 2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың наурызына дейін «СК-Фармация» ЖШС басқарма басшысының орынбасары болып, сол жылдың шілдесінен осы қызметіне тағайындалған 2017 жылдың ақпанына дейін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік сатып алулар мен активтер департаментін басқарды.
«СК-Фармацияда» басшылық қызметте жүрген азғана мерзім ішінде Касаткин кейбір сұхбаттарында «компания елге дәрі тасымалдаудың жетілген жүйесін жасап шыққанын және отандық дәрі-дәрмек өндірісін әжептеуір ілгерілете алғанын» айтып жүрді.
Негізінен, бұл даудың шеті қыркүйектің ортасында жемқорлыққа қарсы бюроның баяндамасынан кейін көрінген. 2017 жылғы қыркүйектің 18-інде жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро компаниядағы қылмыстық жүйені анықтағанын хабарлады. Соның әсерінен елдегі дәрі-дәрмек бағасы ұзақ жылдар бойы қымбаттап келе жатқан көрінеді. Бюро өкілі «СК-Фармация» бірнеше компаниямен келісіп тендер жариялаған соң, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтеріп, бюджет ақшасын астына басып келген» деп айыптады. Мысал ретінде ол таза бағасы 78 мың теңге тұратын «Октагам» препаратын 2015 жылы «СК-Фармация» 253 мың теңгеге сатып алғанын көрсетті. «Ал толықтай есептегенде, – дейді бюро өкілдері, – бұл препараттың 2820 ампуласын алуға мемлекет 220 млн теңге жұмсаудың орнына 715 млн теңге төлеуге мәжбүр болды».
Осылайша 2015 жылы «Казсибфармация» компаниясы үш препаратты 4 млрд теңгеге тасымалдап, бюджеттің 1,5 млрд теңгесін жымқырған. Артынша компания директоры Әлібек Ахметов пен «СК-Фармацияның» басқарма басшысы Касаткин қамауға алынды деп хабарланды. Сол кезде ұсталған Максим Касаткинге қатысты ақпарат қыркүйектен бері болған жоқ. Тек қазанның 7-сінде қайта қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.
Ал денсаулық сақтау министрлігі Касаткинге әзірге қандай айып тағылып отырғанын білмегенімен, қазір 2015 жылғы дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер сатып алуға қатысты тергеу жүріп жатқанын жеткізді. Соған қарағанда медицина саласындағы «мафиямен» күрес жақын арада бітпейтін сияқты.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
қайсар | 11 қазан 2017 09:16
біртановтің өзі парақор оны құрпай медицина түзелмейді
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті