1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15513) 13 шілде, сейсенбі 2010
13 шілде 2010
Түрме басшылығы саяси тұтқынның аштық жариялағанын жасыруда

Журналистердi қорғаудың халықаралық комитетi Тараз түрмесiнде аштық жариялап жатқан журналист Рамазан Есiргеповтiң жағдайына қатты алаңдайтынын бiлдiрдi. Ал түрме басшылығы болса саяси тұтқынның аштық жариялап жатқанын жасырып қалуға тырысқан. Оған тиiстi дәрiгерлiк көмек те көрсетiлмептi. 

Аштық жариялардан бұрын Рамазан Есiркепов Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымына мүше 55 елдiң атына арнайы мәлiмдеме жасаған болатын. Онда: “Сiздерге үшбу хат жолдап отырған — “Алма-Ата ИНФО” басылымының бас редакторы Рамазан Есiргепов. Мен кәсiби қызметiм үшiн iстi болып, 3 жылға сотталып, жалпы ре­жимдегi колонияда қамалып отырмын. Жаза мерзiмi бiткен соң 2 жыл бойы баспа iсiмен және журналистикамен айналысуға құқығым жоқ. 2002 жылы “Начнем с понедельника” газетiн басқарып жүргенiмде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар жариялағаным үшiн 1 жыл шартты жазаға кесiлген едiм. Кейiннен толықтай ақталып шықтым. Ал 2007 жылы президент әкiмшiлiгiнiң, бас прокурордың және оның төрт орынбасарының, IIМ министрiнiң, Алматы қаласы әкiмiнiң және басқа да шенеу­нiктердiң үстiнен менi заңсыз қудалағаны үшiн талап-арыз түсiргенiмде прокуратура мен соттың iсi заңсыз екенi әш­кереленiп, менiң ар-ожданым аяққа тапталғаны дәлелденген. Мiне, 15 жыл болды, тәуелсiз ұстанымыммен бүгiнгi режимдi ашық сынағаным үшiн билiк менi қудалауын тоқтатпай келедi”, – делiнген. Өз мәлiмдемесiнде Р.Есiркепов Қазақстандағы қа­зiргi қалыптасқан саяси жағдайға наразылық ретiнде 6 шiлдеден бастап аштық жариялайтынын да ашық айтқан. Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты ЕҚЫҰ-ға мүше елдер тарапынан нақты әрекеттер жасалмайынша аштықты тоқтатпайтынын да ескерткен.
Рамазан Есiргеповтiң жұбайы Раушан Есiргепованың айтуынша, қазiр түрме басшылығы саяси тұтқынның жағдайы туралы шындықты қоғамнан жасырып, оған дәрiгерлiк жәрдем көрсетпеген. Мұны айтасыз, олар аштық жария­лаған Р.Есiргеповтi күнде асханаға саппен айдап апарып, мәжбүрлi түрде тамақ iшкiзуге үгiттейдi екен.
 
Инга ИМАНБАЙ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Тілеубай | 14 шілде 2010 11:21
Қазіргі қазақ қоғамы "Өзінің ең бір әділетсіз де арсыз" дәуірін өткеруде!
қазақ | 15 шілде 2010 10:48
Күш жұмсау бізlе 1986 жылдан бастау алса керек!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар