1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №02 (15460) 7 қаңтар, бейсенбі 2010
7 қаңтар 2010
Сот наразылық шарасымен басталды

Жаңа жылдық мерекеден кейiн Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотында «Қаз­атомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрын­ғы прези­ден­тi Мұх­тар Жәкiшев­тiң iсi бо­йын­ша сот отырысы басталды. Сот жабық есiк жағда­йында өттi. Оған тiп­тен, Жәкi­шевтiң зайыбы Жәмила да жiберiл­медi.

Сот отырысы басталатын күнi №2 Сарыарқа аудандық соты күзеттi бiрнеше есеге көбейтiптi. Ғимараттың айналасы толған полиция жасақтары. Кiреберiс есiктi қара қағазбен жапсырып тастаған. Iштегi адамдар көрiнбес үшiн.
Дәл осы жерде бiр жыл бұ­рын «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясының бұрын­ғы президентi Жақсыбек Кү­ле­кеевтiң iсi қаралған кезде, есiк­тердiң шынылары мөлдiр болатын. Күзет те көп емес едi. Жур­нали­стер үшiн есiк ашық болатын.
Мұхтар Жәкiшевтi конвоймен сот ғимаратына жеткiз­ген кезде де, полиция жасақтары видеотаспаға, фотоға түсiруге рұқсат бермедi. Олар өздерi Мұхтар Жәкiшев­тi көрсетпес үшiн, көлiктi бүркемелеп тұрды.
Жәкiшевтiң зайыбы Жәмиланың айтуынша, алғашқы сот отырысы кезiнде адвокат Нұр­лан Бейсекеевтiң өтiнiм­дерi қаралған. Бiрақ, сотқа адвокаттың өзi сырқаттанып қалуы себептi келе алмаған.
Осыған дейiн Ұлттық қа­уiпсiздiк комитетiнiң уран кенiшiн шетелдiк компаниялар­ға заңсыз сатты деп Жәкiшевке таққан айыптаулары сотта қаралып жат­қан жоқ. Сондықтан да, Жәкiшевтiң зайыбы Жәмила жұбайының iсiнде ешқандай мемлекеттiк құпия жоқ, iс ашық қаралу керек дегендi айтып отыр. «Сот iстi жабық қарап жат­қан себебi, олар өздерiнiң былықтарының ашылып қалатынынан қорқатын шығар», – дейдi Жәмила.
 
МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДЕ СӨЙЛЕУГЕ РҰҚСАТ ЕТIЛМЕЙТIН СОТ
Мұхтар Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бейсекеев өткен жылдың желтоқсан айында соттың алдын ала тыңдауынан кейiн Астана қалалық сотына бiрнеше өтiнiм берген.
Оның бiрiншiсi – сот отырысын Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына ауыстыру. Екiншiсi – iстi жүргiзетiн судья Нұр­лан Жолдасбековке наразылық бiлдiрген болатын. Себебi, алдын ала тыңдау кезiнде адвокат Мұхтар Жәкiшевтiң оққағары Талғат Қыстаубаев үшiн сот отырысын қазақ тiлiнде жүргiзу жөнiнде өтiнiш жасаған. Бiрақ, судья бұл өтiнiштi қанағаттандырмай тастады. Нұрлан Бейсекеев судья Жолдасбековтiң осы шешiмi арқылы Талғат Қыстаубаевтың Конституциялық құ­қығын, Қазақстан заңдарын өрескел бұзды деген болатын. Ал Талғат Қыстаубаевтың жары Сара Сағындықованың айтуынша, бүгiнгi күнге дейiн жұбайы iспен мемлекеттiк тiлде таныса алмай келедi. «Сот отырысы орыс тiлiнде өтедi деп, күйеуiме қазақша сөйлетпей жатыр. Оған аудармашы берген екен. Бiрақ, ол дұрыс аудармайды екен. Адвокаты да бiрауыз қазақ тiлiн бiлмейдi. Өзi бұл iстерге мүлдем қатыспайды. Ал бiздiң отбасы ұсынған адвокатты қабылдамай отыр», – дейдi Сара Сағындықова. 
 
БАЛАЛАР ӘКЕСIМЕН КЕЗДЕСЕ АЛМАДЫ
Астанаға әкелерiн көру үшiн Мұхтар Жәкiшевтiң бес баласы да келiптi. Бiрақ олар әкелерiн көре алмады. Жәмила жұбайымен кездесу жөнiнде судьяға өтiнiш жаз­ғанын, бiрақ судья өзiнен сырт айналып, қашып кеткенiн айтады. Ал Мұхтар Жәкiшевтiң үлкен қызы Әйгерiм соттың әдiлеттi шешiм шығаратынына үмiттенедi. «Бiздiң елде соттардың сатылатынын бәрi бiледi. Бiрақ, соған қарамастан, судьяның ар-ұжданы ояна ма деп үмiттенемiн. Өйткенi, бұл iстi барлығы қарап отыр. Әкемдi қолдайтындар көп», - дейдi Әйгерiм. Ол өздерiнiң әкелерiн көре алмай арманда қалып отырғанын да жасырмады. «Соттың есiк, терезелерiнiң барлығын қара түспен бояп тастапты. Әкемiздi әкелген кезде, сот ғимаратындағы жарықты сөндiрiп тас­тады», – дейдi Әйгерiм. 
 
«ЕҚЫҰ-ҒА ТӨРАҒА ҚАЗАҚСТАН 37-ЖЫЛДЫҢ КЕБIНДЕ», –
дейдi наразылық шарасын ұйымдастырушылар
Сот басталып жатқанда, сот ғимаратының сыртында тiркел­меген «Алға!» және «Азат» пар­тия­сының 60-қа жуық өкiлi соттың әдiлеттi болуын сұрап наразылық шарасын ұйымдастырды. Олардың iшiнде Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Петропавл қалаларынан арнайы келгендер де бар. Жиналғандардың әрбiрi судья Нұржан Жолдасбековтiң атына соттың ашық өтуiн, Мұхтар Жәкiшевтi дәрiгермен қамтамасыз етуiн және Талғат Қыстау­баев­қа мемлекеттiк тiлде сөйлеуге мүмкiндiк беруiн сұрап өтiнiш жазды.
Тiркелмеген «Алға!» партиясының жетекшiсi Владимир Козлов Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына төраға болып тұрған Қазақстандағы жағдай 37-жылдары да болмаған шығар деп баға бередi. «Билiктiң өзi мемлекеттiк тiлдi дамытамыз деп мәлiмдеп жатыр. Бiрақ, соттың ҰҚК-нiң қазақ тiлiне қарсы әрекетiн қалай түсiнуге болады. Бұл – нағыз қорлаушылық. Егер әдiлеттi шешiм күтетiн судьялардың өздерi мемлекеттiк тiлдi менсiнбей жатса, басқаларға не айтуға болады?!», - дейдi Владимир Козлов. 
Жұлдыз ТӨЛЕУ,
Астана
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Намысқой | 7 қаңтар 2010 21:57
Егер ҰҚК, соттың өзі азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзып, мемлекеттік тілді аяққа таптап отырса, "сенген сиырым сен болсаң-күйсегеніңді ұрайыннан" басқа не айтамыз...
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті