1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №08 (15466) 28 қаңтар, бейсенбі 2010
28 қаңтар 2010
Ақтөбедегi «джихад» жыры

Ақтөбе қалалық сотында 24-25 жастағы Асхат Түркiмбаев, Серiк Iзтаев және Дәулет Есенбаевтың үстiнен қозғал­ған қылмыстық iс қаралуда. Ақтөбе облысы бо­йынша ҰҚК департа­мен­тi ақтөбелiк үш жiгiттi Да­ғыстандағы террорлық ұйыммен бiрiгiп, қа­рулы джихадқа қатыспақ болды деп айыптауда.

Бұлар өткен жылдың 25 шiл­десiнде РФ Астрахань облысы аумағындағы «Қараөзек» шекара өткiзу бекетiнде ұсталған. Оларды атыраулық әлдебiр азаматтың жеке көлiгiнен түскен бойы РФ Федералды қауiпсiздiк қызметiнiң Астраханнан келген 15 қызметкерi ұстап алған. «Да­ғыстанға джихадқа бара жатырсыңдар» деп ұрып-соғып, қинаған. Бiр күн бойғы тепкi­леуден соң олар «джихадқа барамыз» деп мойындауға мәжбүр болған. Ресейлiктер «шекара тәртiбiн бұзды» деп әкiмшiлiк айыппұл төлеттiрiп, бұларды Атыраудан келген ҰҚК депар­таментi қызметкер­ле­рiнiң қолына тапсырған.
26 шiлдеде түскi сағат 2-де күдiк­тi­лердi «Газельге» отырғызып, жолға шығады. Сотта Дәулет Есенбаев: «Ресейде тағылған кiнәнi мойындамадым. Ұр­ды, соқты, қинады. ҰҚК-нiң Атыраудан келген қызметкер­лерi «джихадқа бара жаттық деп мойындасаңдар, алып кетемiз, қалсаңдар, бұлар өлтiрiп тастап, жоқ қылады» дегенге келтiрдi. «Газельге» отырған соң түскi сағат 2-ден таңғы 4-ке дейiн жол бойы тағы азаптады. Ақтөбеге жеткенде өздiгiмнен отыратындай жағдайым болмады. Пышақпен кескiлеп қинады, денеме темекi басты, электрошокпен ұрды. Ақтөбеге әкелген соң бiр пәтерге үшеуiмiздi үш жаққа бөлiп қамап тастады. Туысқандарға айтылмады», — дедi.
ҰҚК департаментi айыптау қорытындысында «Асхат Түр­кiмбаев Солтүстiк Қапқаздағы ұрыс қимылдары аймағына бармақ болып, интернет-клубтардың бiрiнен үнемi радикалды сайттарға хат жазып, сол жақ­қа барудың жолдарын қарастырған» дейдi. Асхат болса, «мұның бәрi қолдан жасалынған жала, ешқашан да джихадқа сұранып хат жазған емес­пiн» деп үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Айыптауда екi серiгi­мен бiрге Солтүстiк Қапқазға шығудың жолын iздеп, мешiтте кезде­сiп жүрген Азамат Iлия­сов­тан көмек сұрағаны жазылған.     
Азамат Iлиясов шешесiмен бiрге Ақтөбеде тұрады. Әкесi — Дағыстанның Мацалаул елдiме­кенiнiң тұрғыны. Азамат оларға әкесiнiң телефон нөмiрiн берiп, үш танысының сол жаққа бара жатқанын хабарлайды. Ақтөбеден Атырауға әрi қарай Астрахань шекарасында көлiк жалдап жеткен үшеудi федеральды қауiпсiздiк қызметiнiң өкiлдерi тосып тұрған. Оқиғаның бар мән-жайы осы.
Ақтөбе қалалық сотында судья Раулия Құстанова   үшеу­дiң Дағыстанға не мақсатпен бара жатқанын анықтауға тырысып бақты. Айыпталушы жақ «биз­нестiң шаруасымен, Астрахандағы кейбiр тауар бағаларын қарап қайтпақшы едiк» дейдi. Шекарада қолға түскенде олардың қалтасынан бар болғаны ұялы телефондары мен 50 мың теңгеге жетпейтiн қаражат қана шыққан. Қараөзекке жеткен бойы   «керi оралғанда Атырауға ала кетерсiз» деп жеткiзiп салған көлiк жүр­гiзушiсi­нiң телефон нөмiрiн жазып алған.
Қылмыстық iс Азамат Iлиясовтiң арызы бойынша қозғалды, ол мұсылман үш жолдасына жол сiлтегенiмен, «ана жақта бiрдеңеге ұрынып қалар немесе әкесi мен туыстарына кесiрi тиер деп мазасызданып, департаментке өзi арыз жазған» көрiнедi. Сотта Азамат 23 шiлде күнi қауiпсiздiк қызмет­керi оны көшеде келе жатқанда көлiкке күштеп мiнгiзiп алып кеткенiн айтты. Қасында әпкесi Динара Қапенова бол­ған. Бiр апта бойы ол пәтерде «өңдеуден» өтiп «джихадқа» кеткен таныстарының үстiнен арыз жазып қана қамаудан босайды. Бұл кезде Азаматтың туыстары оның қайда кеткенiн бiлмей, iздеумен әлекке түскен.
Сотта прокурор: «Сендердi кiм шақырды? Джихадты қалай түсiнесiң?», — деп дiгiрледi. Дәулет Есенбаевтың жауабы мынау: «Бiздi ешкiм шақырған емес. Өзiмiз бiр күнде шештiк. Барайық, ол жақтың жағдайын көрейiк дедiк. Джихад – соғыс емес, күрес».
Серiк Iзтаев бұл сұраққа былай жауап бердi: «Джихад ұғы­мының мағынасы кең. Қанша анықтамасы болса, сонша түсiнiгi бар. Дәрiстердiң бiрiнде ондағы мұсылмандарға қысым көрсетiлiп жатыр деп естiдiк. Барып, жағдайды өз көзiмiзбен көрмек едiк». Прокурор да қояр емес. «Сонда бұл әлдекiмнiң алдындағы қарызды өтеу ме?», — деп қайыра сұрақ қойды. «Әркiм әртүрлi айтады Бiреулер мұ­сылманның атын жамылған наркомандар соғысып жатыр дейдi. Барып көрмекшi едiк. Бiз жеке шаруамызбен бара жаттық», — дедi Асхат Түр­кiмбаев.
Сот процесiнде Асхат, Дәулет және Серiк бiрнеше жылдан берi дiн жолында жүргенiн, Ақтөбе мен Атырауға келiп-кетiп жүрген миссионерлердiң дәрiсiн тыңдағанын да жасырмады. ҰҚКД-нiң айыптау қо­ры­тындысында әлгi миссионер­лердiң бiрiнiң джихадқа шақырған үндеуi интернетте жиi жария­ланатыны айтылыпты. Ол 2008 жылы Сауд Арабиясына қоныс аударыпты. Алайда, қамаудағылар: «Саид Бурятский бiздi ешқашан джихадқа шақырған емес. Айтылғандардың бәрiн терiстеп отырған жоқ­пыз. Бiрақ қауiпсiздiк органы қылмыстық iс қозғалатындай жағдайға жеткiздi», — дейдi.
2008 жылдың наурызында Асхат Түркiмбаев Сауд Арабиясына дiни оқуға жиналғанда, қауiпсiздiк депар­таментi жолын кесiптi. «Бұлар ваххабизм-салафизм бағытын ұстанады» деп белгiсiз бiр куәнiң айтқаны   айыптау қорытындысына тiр­кел­­ген. Демек, қауiпсiздiк қыз­метi бiрнеше жылдан берi осы жiгiттердi   аңдып келген. Олай болса, Атырау мен Ақ­төбенiң арасында еркiн қыдырыстап жүрген «шетелдiк дәрiс берушi­лердi» елiмiзге неге кiргiздi? Ресей Федералды қауiпсiздiк қызметiнiң қара тiзiмiнде тұрған болса, «балалардың басын қатырма» деп оны шекарадан керi қайтару керек едi ғой. Осы жерде екi түрлi ой келедi: не «жұмбақ жандардың» елiмiздiң батысына келiп-кетiп жүруiне әлдекiмдер мүдделi, не болмаса олардан сескенедi.
Дағыстанға өтiп бара жатқан үш жұмыссыз жiгiттi өз шекарамыздан өткiзiп жiберiп, Ресей жерiнде торға тү­сiрдi, ондағы қауiпсiздiк қызмет­кер­­­ле­­рiнiң соққысына жығып бердi. Ресей шекарасында ұстау жоспарланса, неге сол жақтың заңымен жазаға тартылмайды? Неге бұларды өлiмшi қы­лып сабатады да, ертеңiне әкiмшiлiк айыппұл төлеткiзiп алып кетедi? Не үшiн? Терроршылардың жолын кестiк деген көрсеткiш үшiн бе? Елiмiздiң шекарасынан өтiп бара жатқанда, шекара өт­кiзу бекетiнде бұлардың төлқұ­жат­тағы суреттерiн бiлiнбестей етiп тесiп тастағаны тағы бар. Осы жерде неге тоқтатпады?
Егер бұл үшеуi Дағыстанға өтiп кетсе, керi қайта алар ма едi? Дәулет Есенбаев: «Мен шекара қызметiнде әскери борышымды өтедiм. Отбасымда адал тәрбиеленген жанмын. Соғысқа жүгiрiп баратындай ақымақ емеспiн. Өз iсiме жауап беремiн. Үйленгенiме де 20 күн болды. Әке-шешемдi тастап, бәрiне қол сiлтеп кетпеймiн», — дейдi шыр-шыр етiп.
...Елiмiздiң батыс аймағында дiни ахуал өршiп тұрғаны анық. Бұл жазалаумен, қорқытумен шешiлетiн шаруа ма? Жаппай жазалау шаралары жалғаса берсе, көптiң қарсылығын туғызбай ма? Жағдайға көз жұмып қарауды жалғас­тыр­сақ, дiни қарсылық өр­шi­месе, бәсеңдей қоймас, сiрә. Не амал жасау керек? Дiни басқарманың жергiлiктi өкiлдерi әдеттегi­сiнше үнсiз. Өтiп жатқан сот процестерiне қатысып, дiн адамдарының уәж айтқандары абзал едi. Сот әлi жалғасуда. Iстiң немен тынары бұлыңғыр.
Баян СӘРСЕМБИНА,
Ақтөбе
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (10)
Ерлан Әбдірашитұлы | 28 қаңтар 2010 22:27
"Иегова куәгерлері" "Благодать" "Новая жизнь" "Cун Бок Ым" ж/е т.б осы сияқты миссионерлерді неге ұстамайды? Олар біздің жер-байлығымызды жаулап алу үшін келгені айдай анық емес пе! Бұл туралы БАҚ-тарда талай айтылып та, жазылып та кеткен. Оларда ОТАН-АНА деген жоқ болса, жау сырттан шаба қалса қолымызға қару алмаймыз дейтін болса ҚАЗАҚТЫҢ жерін басып, ауасын жұтып, нанымызды жеп, Қазақстан Республикасының азаматтары болуларына қандай құқықтары бар?
Маке | 29 қаңтар 2010 12:04
Дәл осылай барша мұсылмандарға жала жапсаңдар ҰҚК ұлтты құрту комитеті болып өзгереді ғой
Кемеңгер Ойшылұлы | 29 қаңтар 2010 17:00
ҰҚК - Ұлтты Құрту Комитеті?.. Мәссаған!
Бекжан | 29 қаңтар 2010 19:04
Eрлан жарайсын, мен саган косыламын
қазақ | 29 қаңтар 2010 19:40
Қайран қазақ тәуелсіздік алсақ та азаптан құтылмайтын болдық қой... Басқа дін басымызға секіріп, жерімізді иеленіп, қаракөздеріміздің миларын улап жатса да оларға қыңқ демейді....Сонда қазақты басқарып отырған шенеуніктер не қыл дейді қазаққа....
Атыраудан | 31 қаңтар 2010 12:35
Иегова куәгерлері,баптистер,т.б секталар,биліктің діндері!
Айдын | 1 ақпан 2010 13:54
Аталмыш уш жігіттің ісіне күдікпен қарауға болады. Неліктен Қапқаз жеріне бармақ болды? ол жаққа сауда немесе саяхат жасайтындай жер емес қой. бастары даудан арылмаған елге жай бару деген сөз желеу сиякты. Ен бастысы оларда джиһадқа қатысты ой болды. Бирак екінші жағынан олардың еш жазығы жоқ. Себебі, шет елден келген дінбұзарлардың құрығына түсіп отыр. Олар мұсылманбыз деп алдап арбап, мыйларын улаған. Дін жағынан сауатсыздықтың арты осындай жағдайға алып келіп отыр. Сондықтан Дін туралы заңға өзгерістер енгізіп, сырттан миссионрелердің келуіне тыйым жасау керек. Замандастырымыздың сақал мұрт қойып, дәстүріміздің барлығын теріске шығарып, уахабшылар болып жүргені жалпақ жұртқа аян. Сондықтан ертеңімізді ойлап дінге қатысты қазір ойлануымыз керек.
батыс жигити | 2 ақпан 2010 08:09
Негизги ангиме ,биздин каракоз жигиттердин неге ваххабтардын аитканына ерип кеткенинде...оларга ермеи каитсин..казир жумыссыз журген казак,акшасы жок казак,баласын асырай алмай журген де казак,енди олар семьясян асырау ушин акша берем деген кез-келген динге отуге дайын турады..муны биздин укимет биледи..оте жаксы...ен алдымен барлык нарсени ен жогаргы денгеинде курту керек!!! Назарбаев кетпей биздин талай жигиттер баска динге,талай кыздарымыз баска улт жетегинде кетеди!!кан бузылу деген осылай
батыс жигити | 2 ақпан 2010 08:10
бузылу деген осылай басталады..буган жол бермеумиз кажет..кетсин назарбаев!!!
Ержан | 29 тамыз 2010 18:40
Уахабиттер гой бари. Бауырларынды куткар деп басшылары жан жакка джихат жасауга жиберип отырады ма деймин. Болмаса олар не умытты жат елде.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті