1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16227)   23 мамыр, сейсенбі 2017
30 тамыз 2016
Алмағайып Ата Заң
30 тамыз – Конституция күнi
21 жыл бұрын 30 тамызда Қазақстанда прези­денттiк билiктi күшейткен Конституция қабылданды. Кез келген мемлекет үшiн басты мереке саналатын бұл атаулы күннiң бiзде қадiрiнiң кем түскенi сонша, бiраз ел ұлық мейрамды бiр күндiк демалыстың ар­қасында есiне түсiрiп жатады. Қазақшалап Ата заң деп атаған елдiң Бас заңын тiлi уытты бәзбiреулер “Атамыздың заңы” деп қағытады.
25 тамыз 2016
Таңертең сот залына сергек кiрген Сейiтқазы Матаевты түстен кейiн жедел жәрдем алып кеттi. Тамыздың 23-i күнi Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, “ҚазТАГ” ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаевқа тағылған айып бойынша Астана қаласы Есiл аудандық №2 сотында iс басталды. 24 ақпаннан берi үйқамақта отырған Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет сот ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның қарауындағы күзетпен кiрдi. 
25 тамыз 2016
ЕСIКТЕГI АЙУАНДЫҚ 
Есiк қаласында әйел зорлау қылмысы елдегi полиция қызме­тiндегi былық пен сұмдық жағдайлар туралы тағы да сөз қоз­ғауға мәжбүр еттi. Билiк басындағылар айтатын “құқықтық” мемлекетте тұратын жандар полициядан араша сұрап барғанда неге тәртiп сақшыларынан түңi­лiп қайтады? Төрт бiрдей қыл­мыс­кердiң зорлығынан әупiрiм­деп аман қалған Жiбек есiмдi бейшара әйел өзiне әлiмжеттiк жасағандарды көрсетсе де, полицияның оларды ұстамақ түгiлi, жауап алмастан үйлерiне қоя бергенiн
18 тамыз 2016
Дауға себеп – бас директорлық лауазым
Биылғы наурыз айының соңында “Жас Алашта” жарияланған “Жол құрылысына қатысты тағы бiр шу шығуы мүмкiн” деген мақалада “Орталық-Шығыс” бағытындағы Астана мен Павлодар арасында төселiп жатқан автомобиль жолына байланысты туындаған дау-дамай жөнiнде жазып едiк. “Шу шығуы мүмкiн” деген қаупiмiз расқа айналды. Бүгiнде жол құрылысының кейбiр тұстарында жұмыс бiржола тоқтады, құрылыс компаниялары құрылтайшыларының арасында басталған дау соттасуға ұласты.
16 тамыз 2016
ҰҚК қызметкерлерi өткен аптаның соңында елдiң қорғаныс министрлiгiндегi ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерiн ұстағанын мәлiмдедi. ҰҚК баспасөз қызметi Қазақстан Қарулы күштерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз ету Бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Төлемiс Жұмқазиевтiң Қарулы күштердiң қажетiне арналған қаржыны жымқыру үшiн қорғаныс және қаржы министрлiктерiндегi лауазымды
11 тамыз 2016
Қосымша куәгерлер сотқа шақырылмайды

Адвокат Ботакөз Бейсенованың «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясындағы қаражат жымқыру iсi бойынша айыпталған Талғат Ермегияевтiң iсi бойынша қосымша куәгер ретiнде Ерболат Досаев пен Қайрат Келiмбетовтi және Р.Жошыбаевты сотқа шақыру туралы өтiнiшi қанағаттандырылмады. Бұл туралы Астана сотының қылмыстық iстер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқаржан Кенжеғарин мәлiмдедi.

9 тамыз 2016
Владимир Козлов мерзiмiнен ерте босауы мүмкiн

4 тамызда Қазақстанда тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының жетекшiсi Владимир Козловты түрмеден мерзiмiнен бұрын босату туралы сот шешiмi шыққаны белгiлi болды. Қазақстандағы адам құқықтары мен заң үстемдiгi бойынша халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис әлеуметтiк желiдегi парақшасында бұл шешiмнiң 15 күннен соң күшiне енетiнiн хабарлады.

9 тамыз 2016
Айдын ЕГЕУБАЕВ: Сапарбаев сотқа берем десе, оған да дайынмын

Шiлде айындағы Жер комиссиясының Астанада өткен отырысында “Алаш жолы” қозғалысының және “Нұр-Отан” партиясының мүшесi Айдын Егеубаев ел азаматтары атынан нақты ұсыныс жолдаған едi. Оның мәлiмдемесi талайдың төбесiнен жай түскендей әсер еткенi анық. Себебi дерек көп. Сол деректердiң денi жер дауына, Қазақстанда жұмыс iстеп жат­қан қытайлық компанияларға, олардың қазақ жерiн қашан, қалай алғанына қатысты өрбiген.

4 тамыз 2016

Медеу аудандық сотында тәуелсiз “Трибуна” газетi бойынша iс қаралып, басылымға 5 миллион теңге айыппұл салынғаны оқырман есiнде болар. “Ар-намысыма кiр келтiрдi, моральдық шығынға ұшыратты” деп сотқа арыз берген “Алматыжарнама” компа­ния­сының басшысы Сұлтанбек Сыздықовтың талабы солайша қанағаттандырыл­ған.

2 тамыз 2016
Редакциямызға полиция қызметкер­лерiнен жәбiр көрген, әдiлетсiз сот шешiмi­нен кейiн кiмге шағымданарын бiлмей тауы шағылған жандар жиi келедi. Төменде баяндалатын оқиғаны айтып берген азаматтың елдегi сот жүйе­сiнен жерiгенi соншалықты, 18 жылға сотталған ұлына ара­ша бола ма деп қоғамдық ұйымдар мен журналис­тер­дi ғана жағалап жүр.
26 шілде 2016

Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетi мен “Қазақтелеком” АҚ-тың 312,9 млн теңгесiн жымқырды деген айыппен осыдан алты ай бұрын iстi болған Сейiтқазы Матаевқа елiмiздiң бiрқатар зиялы қауым өкiлдерi араша түстi. Осыдан бiрнеше күн бұрын Н.Назарбаев­қа хат жазған олар, өздерiнiң С.Матаевты парасатты, адал азамат ретiнде бiлетiндiктерiне сендiрдi.

26 шілде 2016
Қыжыртпа
Бас прокурор Жақып Асанов қоластындағы қызметкерлерге кiтап оқуға кеңес бердi. Расында, прокуратура қызметкерлерi аздап таным-түсiнiгiн кеңейтiп, жайлап ой-өрiсiн дамытпаса, жағдай қиындап кеткен секiлдi. Өйткенi қазiр әлеу­еттi құрылымда “адасып” келгендер мен адал жұмыс iстейтiн­дер­дi айыру қиындаған. Ал халық кө­ңi­лiнде “прокуратураға тек “көке­сi” барлар ғана кiре алады” деген пiкiр қалыптасқан. Мұны бас прокурордың өзi айтты. Демек, мәселе мәз емес. Ал оны шешудiң қандай жолы бар?
21 шілде 2016
Бұл арызды жазып отырған себебiм, мен әдiлдiк үшiн күресемiн деп, жазықсыз жаланың құрбаны болдым. Сiз­дерге түсiнiктi болу үшiн бәрiн басынан бастап айтқаным жөн шығар деп ойлаймын. Менiң негiзгi мамандығым – педагог. 40 жылға жуық осы Панфилов ауданында қызмет еттiм, кезiнде аудандық Пионерлер үйiн басқардым, педагогикалық колледжде мұғалiм, одан кейiн завуч, аудандық бiлiм бөлiмiнде басшысы, мектепте директор болдым.
21 шілде 2016
Қарағанды облысындағы жемқорлар бiр жылда отыз мектептi «жұтып» жiбердi
Елдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жұмада Қарағандыға жолы түсiп, кеңей­тiлген кеңес өткiздi. Оның облыстық мекеме басшыларын қалай “қысқанын” аймақтағы шен-шекпендi бейнебайланыстан бақылап отырды. Облыста былтыр және биыл тиiсiнше 79 және 21 мемлекеттiк қызметкер тәртiптiк кеңестiң талқысына түсiптi. Қаржылық бақылау органы былтыр —
19 шілде 2016
ТАЛҒАТ АЯН ДА ОСЫ НАУҚАНҒА IЛIГЕ МЕ?
Жер саудасына қатысты митингiге байланысты қамауға алынып, абақтыда жатқан Талғат Аян жуырда халыққа хат жазған едi. Онда ол өзiнiң кiнәсiз екенiн дәлелдей отырып, тағылған айыптаулардың күл-талқанын шығарған. Дегенмен әлеуметтiк желiде Талғатқа тағы бiр айып тағылуы мүмкiн екенiн әйгiлейтiн және бiр ақпарат пайда болды.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»