1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
7 желтоқсан 2016
Баласы үшiн күйген анаға бас прокурор көмектесе ме?

6 желтоқсан күнi Астанадағы Бас прокуратураның ғимаратында үстiне бензин құйып өзiн өртеген Майра Рысманова қазiр қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлiмiнде жатыр. Дәрiгерлер оның жағдайы ауыр екенiн айтады. Терiсiнiң 60 пайызын күйiк шалған әйел күйiк­тiң әсерiнен есiнен танған. Ұлының заңсыз есiрткi сақтағаны үшiн 4 жылдан астам уақытқа сотталғанын әдiлетсiз деп санаған 48 жастағы әйел билiктiң назарын аудару үшiн осындай қадамға бар­ған. 2015 жылдың 15 маусымында Шу аудандық соты Е.Ахметов есiмдi

7 желтоқсан 2016
Д.Назарбаева түрмедегiлерге жамбаспұл төлеткелi жүр ме?
Құр мақтан үшiн ақша шашуға әуес Қазақстан билiгi түбi осыған баратын сияқты. Сотталғандардың санын қыс­­қартып, 6 абақтыны жапса да, үкiмет жазасын өтеу­шiлерге жұмсалатын қаржыны ауырсына бастағандай. Күнi кеше Сенат депутаты Дариға Назарбаева Халық­аралық қатынастар, қорғаныс және қауiп­сiз­дiк комите­тiнiң кеңейтiл­ген отырысында тосындау бiр ұсыныс айтты. “Егер ауқатты адам қылмыс жасап, жазасын өтеу үшiн тұт­қындалса, онда ол түрме шығынын өзi
5 желтоқсан 2016
Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады
 Кеше Астана қалалық сотында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттiгiнiң директоры Әсет Матаевтың сот үкiмiне апелляциялық шағымы қаралды. Сот процесiн апелляциялық сот алқасының судьясы Алма Есiмова жүргiздi. Апелляциялық сотқа Ма­таевтардың өздерi емес, туыс­тары қатысты. Сотта адвокаттар Мадина Бакиева мен Андрей Петров Матаевтарға тағылған айыптардың негiз­сiздiгiн қозғап, оған дәлелдер келтiрдi және бiр­неше талап-арыз бiлдiрдi. Атап айтқанда, қорғаушылар сот тергеуiн қайта бастауды, куәгерлерден қайтадан жауап алуды, сот материалдарынан
30 қараша 2016
Ар-ұждан тұтқындары Макс пен Талғатты соттаған Қазақстан билiгiн әлем айыптап жатыр

Атыраудағы Талғат Аян мен Макс Боқаевтың әдiлетсiз сотына әлем жұртшылығы, барлық танымал халықаралық құқық қорғау ұйымдары назар аударды. Көз тiгiп қана қоймай, ел мен жер тағдырына алаңдаған, билiктiң саясатымен келiспеген қос белсендiнi заңсыз соттаған Қазақстан билiгiн бiрауыздан айыптап жатыр. “Ерекше демократиялық жолымен” келе жатқан Қазақстан тағы бiр сорақы заңсыздығымен дүниежүзiне масқарасы шықты.

30 қараша 2016
Еңлiк Сыдықованың адвокатына қысым жасалды

Мәдениет және спорт министрi А.Мұхамедиұлын ректор кезiнде “сексуальдық бопса жасады” деп айыптаған Еңлiк Сыдықованың адвокаты Гүлнар Жуаспаева кеше баспасөз мәслихатын өткiзiп, өзiне қысым жасалып жатқанын мәлiмдедi. Оның сөзiне қарағанда, ШҚО адвокаттар алқасы “адвокаттық этиканы бұзғаны” және “әлеуметтiк желiлердегi жазбаларында өзiн дұрыс ұстамағаны” үшiн Г.Жуаспаеваның iсiн қарап жатқан көрiнедi. Адвокат мұны өзiнiң Е.Сыдықованың мүддесiн қорғауымен байланысты әрекет деп түсiнедi. Естерiңiзде болса, өзiн айыптағандардың бәрiн сотта жеңiп келе жатқан министр Е. Сыдықованы да сотқа берген. Бiрақ ар-намысын заң жүзiнде қорғауға құмар министрдiң шағымынан сот процессуалдық кемшiлiк көрiп, керi қайтарған. Осымен министр мен бойжеткеннiң тартысы сәл тыншығандай едi.

30 қараша 2016
Маусым оқиғасы: СОТ ӨТТI. НҮКТЕ ҚОЙЫЛҒАН ЖОҚ

28 қарашада қылмыстық iстер жөнiндегi Ақтөбе мамандандырылған соты 5 маусымдағы террорлық шабуылға қатысты үкiм шығарды. 18 қазанда басталған сотта 29 күдiктi жауапқа тартылды. 7-еуi террорлық шабуылға тiкелей қатысқаны, қару-жарақты заңсыз иеленiп, қарулы шабуыл жасағаны үшiн, 18-i қылмыс жасалатынын бiле-тұра әдейi жасырғандары үшiн айыпталды. Әлiбек Ақпанбетов, Жаңабай Қуанышбаев, Бақыт Қуанышбаев, Асхат Рахметов, Әнуар Садихов, Арсен Таңатаров, Асхат Иманғалиев өмiр бойы бас бостандықтарынан айыру

30 қараша 2016

 Президент Н.Назар­ба­ев­тың “Қазақстанның Тә­уелсiздiгiнiң 25 жылдығына байланысты амнистия жариялау туралы” заң жобасын жедел қараған парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары сотталғандарға рақымшылық жасау заң жобасы қабылданғанан кейiн алты ай iшiнде өтетi­нiн хабарлады. Депутаттар бұл шара адамның бостандығы мен құқықтарын жә­не өмiрiн ең жоғарғы құн­ды­лықтар деп танитын Қа­зақстан Конституциясының қағидаларына сүйене­тiнiн атап көр­сет­тi. Осының алдында ғана Қа­зақстанның iшкi iстер министрi

29 қараша 2016

Өткен аптаның демалыс күндерi бiрнеше белсендi азамат Алматы қаласының iшкi iстер департаментiне шақырту алған. Құрал Медеуов пен Сүйiндiк Алдабергенов секiлдi белсендiлердi департаментке құрметтi қарауылмен апарыпты. Тағы бiр белсендi Асхат Берсалимов шақыру қағазымен барған. Ал дүйсенбi күнi полицейлер Айгүл Түркпенбаева есiмдi белсендiнi “әңгiмелесуге” шақырды. Бұған дейiн Макс Боқаев пен Аян Талғаттың үстiнен сот үкiмi шығатын күнi оларға қолдау бiлдiру үшiн Атырауға жол жүрмек

28 қараша 2016
Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: БҰЛ – БIЗДЕГI СОТ ЖҮЙЕСIНЕ ШЫҒАРЫЛҒАН ҮКIМ

– Бұл мәселенiң жай-жапсарынан халық түгел хабардар. Макс пен Талғат митингiге өздерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн сезiне отырып барды. Оларды сол үшiн соттау адамгершiлiк тұрғыдан да, заңдық тұрғыдан да қисынға келмейдi. Себебi, бiрiншiден, Макс пен Талғаттың және сол сияқты басқа да жiгiттердiң митингiге шығуы, бұл – олардың Конституцияда көрсетiлген құқы. Екiншiден, Атыраудағы митинг барысында

28 қараша 2016
Мұхтар ТАЙЖАН, саясаткер: ҰЛЫМ ДЕЙТIН ЕЛI БОЛМАСА...

– Макс пен Аянның соты туралы ойымды ашық жазып та, айтып та жүрмiн, сол пiкiрiм өзгерген жоқ. Мен бұл сотты әдiлетсiз деп есептеймiн. Жiгiттер нақақтан-нақақ күйiп бара жатыр. Олардың ешқандай жазығы жоқ. Бұл екi жiгiттiң iс-әрекетiн ұлтараздықты қоздырушылық деп айтуға болмайды. Керiсiнше, мұндай жiгiттермен бiз мақтануымыз, олардың қадiрiн бiлуi­мiз керек. Олар ешқандай да экстремистер, арандатушылар емес. 24 сәуiрдегi Атыраудағы митинг бейбiт түрде өткен, бiрде-бiр шыбық сынбады, бiрде-бiр терезе қирамады. Митингiге шыққан топтың ортасында облыс әкiмi, басқа да билiк өкiл­дерi тұрды. Халық өз уәж­дерiн айтып

28 қараша 2016
Масқара: ОТАНЫН СҮЙГЕНI ҮШIН – БЕС ЖЫЛ АБАҚТЫ!

Бүгiн Атырау соты жерге қатысты мәлiмет­тердi ашық жариялауды талап еткен Макс Боқаев пен Талғат Аянды “әлеу­меттiк, ұлттық алауыздық тудырып, әдейi жалған ақпарат таратқаны үшiн” бес жылға абақтыға кесу туралы үкiмiн жариялады. Оған қоса “заңсыз митинг ұйымдастырғаны” үшiн 530 мың теңге айыппұл салып, үш жылға дейiн қоғамдық жұмыспен айналысуға тыйым салу, барлық сот шығындарын өндiрiп алу туралы жазаны да естiрттi. Қарашаның 28-i күнi Атыраудың орталық көшесiндегi №2 cоты ғимаратына жиналған ел алақандай залға сыймай қалды. Оларды журналистерге арнап монитор

24 қараша 2016
Қасымовқа тықыр таянды ма?

Президент Нұрсұлтан Назарбаев IIМ-нiң жергiлiктi атқарушы органдардың мәселелерiне араласатынына көңiлi толмайтынын айтты. Назарбаев мұны “бүкiл Қазақстанды басқаруға ұмтылу” деп бағалады. “Қазiр құқық қорғау құрылымдарына қызметкерлер таңдау жү­й­е­­­­сi жақсаруда, жер­­гi­лiктi билiк орындарына бағынышты жергiлiк­тi полиция қызметi құрылып жұмыс iстеп жатыр. Және IIМ-гiн осылай етуге мәжбүрлеу оңай болған жоқ: жабысып алады да, осы жер­ден, Астанадан бү­кiл Қазақстанды басқарамын және ешкiмге ештеңе

24 қараша 2016
ЕРЛЕРДIҢ ТАҒДЫРЫ ШЕШIЛЕР СӘТ ТУДЫ

Прокурор ел мүддесiн қорғаған ерлердi сегiз жылға абақтыға тоғытуды сұрады. Судья iстiң соңғы нүктесiн қою үшiн, бiрнеше күнге ойлануға кеттi. Айыпсыз айыптының орындығында отырғандар жарыссөзге шығудан бас тартты, бiрақ сот залында “Қазақстан жасасын!” деп ұран тастады. 21 қарашада Атыраудағы сотта жарыссөз болды. Ел бұл күндi сарыла күттi. Өйткенi үмiттерiн үзген жоқ. Жарыссөздi тыңдаған судья Гүлнәр Дәулешова “мен ай жарым бәрiн естiдiм, оқыдым, тыңдадым, көрдiм, сендiретiн айғақ жоқ, iс жабылады” дейтiндей дәп бiр. Өйткенi дәл сол күнi, қарашаның 21-iнде дәлелсiз iстi дәлелдеп

22 қараша 2016
Прокурор ұлтараздыққа салдар табуға тырысты
Атыраудағы Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот тер­геуi жарыссөзге көштi.
Оларға қатысты қозғалып отырған “қылмыстық iстегi” басты айып – Faсebook әлеуметтiк же­лi­сiндегi жазбалар ға­на. Әлеу­меттiк желiде саяси ойынның құр­банына айналған екеу не айтты? 
Бiр айдан астам уақытқа созылған сот процесi Макс Боқаев пен Талғат Аянды жауаптаумен және олардың адвокаттарының өтiнiштерiн тыңдаумен аяқталды. Адвокаттар биылғы шiлдеде ҰҚК Атырау облыстық департа­ментi қаулысымен алынып тасталған “мемлекеттiк төңкерiс жасау” бабының айыптарының сол қалпы қалғаны мен аударманың түпкi мәтiнге сай емес­тiгiн, сарапшылар қорытындысының негiзсiздiгiн
22 қараша 2016
Қабиболла мен «Нұр Отан» қайтер екен?
Былыққа батқан “Бәйтерек Development” АҚ басшылары шетiнен қамалып жатыр. Өткен аптада басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов пен басқарушы директорлар Бауыржан Әйтiмбетов және Ғазиз Сариев қамауға алынған едi. Кеше Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының шешiмiмен «Project City Group» ЖШС басшылары мен құрылтайшылары К.Смағұлов, Б.Есмұханов, Е.Жұманазар, А.Комаров есiмдi тұлғаларға да бұлтартпау шарасы таңдалғаны хабарланды. Тергеу мәлi­мет­терiне қарағанда, “Бәйтерек Deve­lopment” АҚ-ның лауазымды басшылары құрылыс компанияларынан 288 миллион теңге пара алған.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»