1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
16 қараша 2016

Атыраудағы сот процесi бақылаушылардың ойынша мәресiне жақындады. Сотта айғақ заттар, телефон әңгiмелерi, тiнтуден алынған заттармен танысу жалғасып жатыр. Iстi жүргiзген судья Гүлнәр Дәулешова дүйсенбiден берi 60- қа жуық томды парақтап, адвокаттар сұраған бiр топ куәнi сол бетi шақырмады.

16 қараша 2016
«Мұхамедиұлының арнайы тексеруден өтуiн талап етемiз» дейдi адвокат Гүлнар Жуасбаева
Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы өзiне сексуалдық дәмегөйлiк танытқанын айтып, айыптаған Еңлiк Сыдықованы сот­қа бердi. Осыған орай министрдiң адвокаты Ескендiр Әлiмбаев ол бұл қадамға қызды жауапқа тарту мақсатында емес, мемлекеттiк қызметкер болғандықтан, өзiнiң ар-намысын, абыройын қорғау үшiн барғандығын мәлiмдедi. Сондай-ақ ол Е.Сыдықованың бейнеүндеуде айтқан сөзi шындыққа жанаспайтынын, себебi, аталған оқу орнына оның 2011 жылы түспегенiн айтты. “А.Мұхамедиұлының сотқа арыз беруi – бiрiншi кезекте заң талабы. “Осылайша, “Мемле­кеттiк қызмет туралы” Қазақстан Республикасы заңының 52-бабы, 6-бөлiгiне сәйкес, мемлекеттiк қызмет­шi­ге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негiзсiз айып тағылса, ол айыптау анықталған күннен бастап, бiр ай мерзiмде терiске шығарылуы тиiс.
16 қараша 2016
«Бастықтарды бопсалаған» Бигелдi Астанада қамауға алынды

15 қарашада Central Asia Monitor газетi мен Radiotochka.kz сайтының бас редакторы Бигелдi Ғабдуллин лауазымды тұлғалардан мемлекеттiк тапсырыстарды бопсалады деген күдiкпен Астанада тергеу абақтысына қамалғаны белгiлi болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы Бигелдi Ғабдуллин өзiне қарасты Central Asia Monitor газетi мен Radiotochka.kz сайтын пайдаланып, “мемлекеттiк органдардың басшылары туралы жағымсыз материалдар жариялау арқылы ақпараттық шабуыл ұйымдастырған”, “оны тоқтату үшiн лауазымды тұлғалардан өзiнiң медиа ресурстарының пайдасына мемлекеттiк тапсырыс бопсалаған” деп мәлiмдедi.

14 қараша 2016
КОМПАНИЯНЫ ТАРТЫП АЛМАҚ КӨРIНЕДI
Қазақстандағы iрi фармакологиялық компания “Роматтың” басына екi жылдан берi бұлт үйiрiлiп тұр. Кәсiпорын осыдан 20 шақты жыл бұрын Тұрарбек Рақышев пен Марина Кимның отбасылық биз­несi ретiнде ашылған. Былтырғы жылға дейiн “Ромат” елiмiздегi алдыңғы қатарлы компаниялардың бiрi саналды. Оның үстiне ол Қазақстандағы шетелдiктердiң үлесi жоқ жалғыз кәсiпорын. Құрамында үш үлкен фармацевтикалық зауыты бар холдинг 2006 жылы “Ұлттық экономиканың көшбасшысы” деген халықаралық белгiге де ие болған. Түрлi терапевтикалық топтарға жататын дәрi-дәрмектiң 150-ге жуық түрiн әзiрлейтiн “Роматтың” бiр ғана Павлодардағы зауыты жылына 300 миллион таблетка, 100 мил­лион дәрiлiк капсула шығарады.
Осындай алып кәсiпорынға аяқ астынан не болып қалды дейсiз ғой? Компанияның төтенше жиналысының бейнекөрiнiсi Фейсбук әлеуметтiк желiсiне қойылған екен. Осы бейнежазбада
14 қараша 2016
«Қоғамдық саяси жағдайға негативтi баға беру» қылмыс болып саналса, оппозициялық пiкiрдегiлердiң бәрiн соттау керек пе?
Өткен апта да үзiлiссiз жалғасқан Макс пен Талғаттың сотында алты сарапшы мен сотқа дейiнгi тергеудi жүргiзген Атырау облыстық IIД және ҰҚК департаментi тергеушiлерi жауап бердi. Жер мәселесiн көтерген екеудiң әлеуметтiк желiдегi жазбаларын сараптаушылар олардың ел арасына “дисфункционалдық әсердi” қалай таратып отырғандарын дәлелдеп бере алмады. Айғақтарды қарау хаттамасы мен қылмыстық iс хаттамасындағы айырмашылық табылып, сотталушылар мен олардың адвокаттарының наразылығын тудырды. Ең бастысы 21 жылға сотталған шымкенттiк кәсiп­кер Төлешовтiң семейлiк белсендi  Марлан Есел­баев­та сақталған “ақшасы” мен “ақша” орал­ған футболка да көрсетiлдi. Бiрақ ол кiм­нiң фут­болкасы, ақшада Талғат Аянның саусақ iздерi бар ма? Тергеу тарабы бұл сауалдарға жауап iздеп асықпапты.
8 қараша 2016

 Астананың мамандандырылған ауданаралық әскери соты “билiктi күшпен басып алмақ болды” деп айыпталған шымкенттiк кәсiпкер Тоқтар Төлешевтi 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкiм шығарды. Судья Ербол Ахметжановтың шешiмiмен “Төлешовтiң заңсыз немесе қылмыстық жолмен тапқан мүлкi тәркiленетiн” болады.

8 қараша 2016
Куәге қалай жауап берудi үйреткен
ҰҚК ТЕРГЕУШІСІ МЕН ӨКПЕЛЕГІШ ПРОКУРОР ТУРАЛЫ СӨЗ
Қарашаның 2-ciнде жалғасқан Атыраудағы Макс Боқаев пен Тал­ғат Аянға қатысты сот проце­сiнде бiрқатар қала тұрғындары, өндiрiстiк компаниялар жұмысшылары жауап бер­дi. Қарабатан мұнайшылары айт­қандарынан қайтпады, өздерiн еш­кiмнiң шақырмағанын, ерiктерiмен барғандарын, заңсыз еке­нiн бiлме­ген­­дерiн, бiлсе де баратындарын мә­лiмдедi. Олардың сотқа дейiн­гi тергеудегi жауаптарының алшақтығынан мезi болған ҰҚК пысықай тергеушi­сiнiң бiрi куәнi сот алдында шақырып, қалай жауап беру керек­тiгiн үйретiп жiбергенi белгiлi болды. Сотқа сәрсенбiден бастап арнайы келген Нидерланд Корольдiгi елшi­лiгiнiң миссия басшысының орынбасары Ян Хаусман мен АҚШ елшi­лiгiнiң саяси бөлiмi бастығы Нинг -чуан Джу бақылау жасай бастады. Сот отырысына қатысып, оны жымия тыңдап отырған АҚШ елшiлiгi өкiлiне ренжiген “намысшыл” прокурор, судьядан оған ескерту жасауды сұрады. ҰҚК тапсырысымен жасалып, адвокаттар “дұрыс аударылмаған” деп сот отырысы басынан берi шағымданып
8 қараша 2016
Қайыр хан қамалған күн...
“Тұңғышбай Жаман­құлов қамауға алынды” деген хабар қазақтың құлағына “Қайыр хан қамалды” дегендей болып естiлдi. Өйткенi талантты актер осы рөлi арқылы Мемле­кет­тiк сыйлыққа ие бол­ған. Жалғыз Қайыр хан емес, Т.Жаманқұлов театр және кино өнерiнде Абылай хан, Әбiлхайыр, Құнанбай т.б. сынды қазақтың бiртуар тұлғаларын сомдады. Сондықтан шығар, оның қамауға алынуына қатысты хабарды қарапа­йым халық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң өкiл­дерi қолын артына қайырып, Абылай ханды айдап бара жатқандай, Құнанбайдың қолына кiсен сал­ғандай қабылдағаны анық.
3 қараша 2016
“Бұзақылар” босап шықты

ТҮРМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI ОЛАРДАН ҚҰТЫЛҒАНША АСЫҚҚАН

Кеше Алматыда атыраулық батырлар Макс Боқаев пен Тал­ғат Аянды қолдап, акция өткiзбек болғаны үшiн 10 тәулiкке қамалған белсендiлер босап шықты.
Белсендiлер Сүйiндiк Алдабергенов, Құрал Медеуов және Асхат Берсалимовтi 23 қазанда Алматы орталығынан (Арбат бойынан) полиция ұстап әкеткен едi. Сол күнi Алматының әкiмшiлiк соты оларды “бейбiт жиын, митинг, шеру өткiзу тәртiбiн бұзғаны” үшiн 10 тәулiкке
3 қараша 2016

Бет қатталып жатқанда Астанадан жағымды хабар жеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық және әкiмшiлiк iстер бо­йынша касса­ция­лық сот алқасында Жасан Зекей­ұлының шағымымен сотқа тартылған оның бұрынғы жұбайы Гүлия Әлихан­қызы мен қайын атасы Әлихан Әлiбектiң шағымына қатысты iс қаралды. Кассациялық сот алқасына төрағалық еткен судья А.Қасымов пен алқа құрамындағы судьялар Е.Исмайылов, Т.Ибрашевтың қатысуымен кассациялық шағымды қарау кезiнде “Жас Алаш” газетiнiң де мүддесi қорғалды. 

3 қараша 2016
Заңда мұндай айыптау бабы жоқ. Бiрақ менiң баламды осындай “негiзде” соттады
 
Баяғыда бiреу “өзiң Құ­дай болмаған соң, көретiн күнiң осы” дептi. Қалай дөп басып айтқан деймiн. Әсiре­се, мынандай әдiлетсiздiк әмiрiн жүргiзiп тұрған заман­ға лайық мақал. Мен, Кәрбоз Боздақов, табанымнан таусылып, шындық iздеп шырылдап жүрген жанмын. Ұлыма жабылған жала менiң маңдайыма жағылған күйедей болды. Бiреулер қысастықпен болмағанды болдыртты, ұлыма iстемегендi iстеттi. Бәрi сол қу дүниенiң қамы үшiн, аранды ашқан арам ақшаның iзi үшiн. Сiздерге мән-жай түсiнiктiрек болу үшiн басынан баяндайын.
3 қараша 2016
Жалғыздың пикетi

БҰҒАН БҰҰ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ӘРТҮРЛI

Әлеуметтiк желiлерде Қазақстанның белсендi азаматтары елдегi заңсыздықтар­ға, әдiлетсiздiктерге қарсы, адам құқықтары мен сөз бостандығы, демократиялық қағидалар үшiн мерзiмсiз, жалғыз, үнсiз митинг жариялауды бастады. Бұған билiктiң қалай қарайтыны және наразылықтың жаңа түрiне қандай шара қолданатыны әзiрге белгiсiз. Есесiне, жалғыздың пикетiне байланысты Қазақстан билiгi мен БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитетiнiң арасында көзқарас қайшылығы туып отыр.

1 қараша 2016
Рақымшылық күтсең, кешiрiм сұра

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай Қазақстанда соттал­ғандарға рақымшылық жасалмайтын болды. Билiк алдағы уақытта мұндай тәжiрибеден бiржола бас тартпақ. Қазақстанның iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов ресми түрде кешiрiм сұрағандардың ғана бостандыққа шығуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi.

1 қараша 2016
Шенеунiктер ұсынған өзгерiстер ненi көздейдi?
Қазақстанның IIМ аңшылық мылтық иелерiнен басы артық қаруды тартып алуды ұсынуда. Қазiр заң бойынша бiр адамның он аңшылық қаруын сақтауға құқығы болса, шенеунiктер ұсынған өзгерiстер қабылданған жағдайда бұл сан төртке қысқарады. Құзырлы орган басшылары мұндай шара елдегi қылмыс деңгейiн төмендетiп, террорлық шабуылдардың санын азайтуға себiн тигiзедi деп санайды.
1 қараша 2016
Атыраудағы №2 қалалық соттың аядай залында Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот процесiнiң өтiп жатқанына жарты айдан асты. Ұлттық қауiпсiздiк ко­ми­тетi қызметкерлерi жүргiзген сотқа де­йiнгi тергеудегi алынған жауаптар мен сот тергеуiндегi жауаптар арасындағы айырмашылық кейде жер мен көктей. Оның қай­сыбiрiн iстi жүргiзушi судья да рас­тады. Материал аудармаларының сапасы нашар әрi дұрыс еместiгiне шағымданған адвокаттар тергеу материалын сот қа­рауынан алып тастауды талап етумен келедi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»