1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
6 қазан 2016
Мемлекетте саяси дағдарыс бар
“Матаев iсi” бо­йынша ақпарат құралдарында, әлеуметтiк желiлерде пiкiр бiлдiрушiлер көп. Солардың iшiнде саясаттанушы, танымал сарапшы Дастан Қадыржановтың жазғандары өзгешелеу көрiндi. Оқып көрiңiз. Достар, сiздерге оны “жемқорлықпен күрес” немесе “басқаша ойлаумен күрес” ретiнде қабылдауға кеңес бермеймiн. Шынында да, бұл айрықша оқиға.
6 қазан 2016

Бiз осы оқиға жайлы “Жас Алаштың” 2014 жылдың 26 желтоқсаны күнгi санында “ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың назарына” деген айдармен “Заң аяққа басылса, адалдық болмас” тақырыбымен мақала жария­лағанбыз. Осыдан соң, Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев мырза бiзге түсiнiк­теме жiберiп, онда былай деген: “Бiрлiк кiрпiш зауыты” ЖШС-ның мүлкiн ұрлау фактiсi бойынша “Заң аяққа басылса,

29 қыркүйек 2016
Алматы облысында қаскөйлердiң қолынан қаза тапқан үш ағайындының туыстары “қылмысты екi адам жасады” дегенге сенбейдi. Бұл туралы ҚазАқпарат тiлшiсiне марқұм Мұқият Зарылханның туған ағасы Адал Зарылхан айтқан. Адалдың айтуына қарағанда, оның қаза болған туыстары оңайшылықпен дес бермейтiн, қарулы азаматтар бол­ған. “Олар өз қолдарын өздерi байлап бермесе, екi адамның күшi үш адамға қалайша жетедi? Бұл тiптi миға сыймайтын дүние”, – дейдi кө­зiне жас ала отырып
29 қыркүйек 2016

Асып-тасқаннан ба, әлде әлдебiреуге әлдененi меңзегiсi келе ме, әйтеуiр Қазақстанның полицей­лерi “өнер” шығарып жатыр. Соңғы бiрер күннiң өзiнде екi бiрдей құзырлы органның өкiлi ел назарына ерекше iлiндi. “Суы қызып кеткен” бiрi көлiктен түспей-ақ, кiшi дәретiн көшеге ытқыта салуды жөн санапты. Екiншiсi қызметтiк көлiгiн өзге көлiктiң артына “шаптап” тастаған. Суретi мен бейнебаяны әлеуметтiк желiнi кезiп жүрген екi оқиға да жұрттың жағасын ұстатты

29 қыркүйек 2016
МАТАЕВТАРДЫҢ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ СОТТА ОСЫНЫ АЙТТЫ
27 қыркүйекте Астанада жалғас­қан Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, “ҚазТАГ” ақпарат агент­тiгiнiң бас директоры Әсет Матаевтың сотында әкелi-балалы Матаевтардың соңғы сөзi тыңдалды. Есiл аудандық сотындағы отырыс жарыссөзден басталды. Матаевтар келтiрiлген зиянды өтеу туралы шағым арызбен келiспейтiндерiн мә­лiмдедi.
29 қыркүйек 2016
«Бүкiл Қазақстан бiлсiн»
СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ СОТ
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың соттағы соңғы сөзi
9 ай бойы қаржы полициясы, прокуратура және соттар Матаевтардың журна­листiк отбасына бұрын-соңды болмаған қысым жасап келедi. 2016 жылдың 13 қаңтарында бiр мезетте билiк орындары тарапынан қуғындау басталды. Алдымен бiз­дi 300 миллион теңге көле­мiнде бюджет қаржысын жымқырдыңдар деп айыптады. Кейiн бұл сан 450 млн теңгеге жеттi. Сосын 1,5 млрд теңге шамасында табыс тапты-мыс деген желеумен 680 миллион теңгеге өсiрдi.
27 қыркүйек 2016

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов, оның екi орынбасары және екi бөлiм басшысы пара алу үстiнде қолға түстi. Сәуiр айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментi таратқан осы мәлiмет елдi елең еткiздi. Байқайсыз ба, соңғы кездерi жемқорларды осылайша топ-тобымен, үйiр-үйiрiмен ұстау жиi­ледi.

27 қыркүйек 2016
Қағынған қарақшылар үш адамды өлтiрiп, 9 баланы жетiм еттi
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында қарақшылар қолынан қаза тапқан үш жiгiттiң мәйiтi осы аптада жер қойнына берiледi. Олардың артында 9 бала қалды. Марқұмдардың туыстары әзiрге күдiктiлерге қатысты ештеңе бiлмейтiндерiн айтып отыр. Қытайдан көшiп келген Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлiмхан Шығыс Қазақстаннан Алматыға мал тасып, сатумен нәпақасын тауып жүрген.
22 қыркүйек 2016
Соттың аяғы көрiнер емес
Қазақстан Жур­налис­тер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен ҚазТАГ-тың бас директоры Әсет Ма­таевтың iсi бойынша сот отырысы кеше Астанада қайта жалғас­ты. “БАҚ өкiлдерi процеске кедергi келтiредi” деген желеумен, сот барысын олардың көршi залда онлайн көруiне болатынын айтқан прокурордың сұрауына орай, Астананың №2 Есiл аудандық сотының төрағасы Ақболат Құр­мантаев журналистердiң сот залында отыруына рұқсат бермедi. 
20 қыркүйек 2016
Олар алдымен жәбiрленушi, куәгер болып, артынан айыпталушыға айналуы – осының айғағы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық №2 сотының 8 ақпан 2016 жылғы үкiмiмен Қылмыстық кодекстiң 106-бабының 3-бөлiмiмен және 293-бабының 1-бөлiмiмен кiнәлi деп танылған Сарыағаш аудандық iшкi iстер басқармасының қызметкерлерi Бекжiгiт Алимкулов пен Асқар Сейдуллаев 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкiмге наразылық келтiргенiмiзбен Оңтүстiк Қазақстан облыстық қылмыстық iстер жөнiндегi апелляциялық алқасы iстi өзгерiссiз қалдырды.
20 қыркүйек 2016
Сот iсiндегi келеңсiздiктер халықаралық ұйымдарға белгiлi болады

Астанада Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, “ҚазТАГ” ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаевтың соты жалғасуда. Дүйсенбiдегi кезектi сот отырысында Алматы қаласы мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң өкiлi Нұрлан Серкеев­ “Ұлттық баспасөз клубы” қоғамдық бiрлестiгi мен оның басшысы Сейiтқазы Матаевтың салық заңдарын бұзғанын мәлiмдедi.

16 қыркүйек 2016
Матаев iсi шетелдiк журналистердi де алаңдатады

Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымы ой еркiндiгi, сөз бостандығы мәселелерiне арналған жиынын Алматыда өткiздi. Азаматтық қоғам сарапшыларының үшiншi iскерлiк кездесуiнiң жұмысына Германияның ЕҚЫҰ-дағы өкiлдiгi қолдау бiлдiрген екен. Аймақтардағы сөз бостандығына қатысты жағдайларды нақтылы талқылаған бұл алқалы жиында қазақстандық, сербиялық, грузиялық, ресейлiк, қырғызстандық,

15 қыркүйек 2016
Қылмыскердi қорғайтын полиция Қазақстанда ғана бар шығар
Бүгiнде полиция қызметкерлерiнiң жауапсыздығы, сот пен прокуратура жүйесiнiң әдiлетсiздiгi жөнiнде күнде шуласып жатамыз. Азаматтардың құқығын қорғайды деген бұл мекемелер құқықты алдымен өздерi бұзып жатса, халық кiмге барып шағынады? Әбден амалы таусылған ел сосын ақпарат құралдарын жағалайды. Дәл осындай себеппен бiзге Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентiнiң тұрғыны Серiк Ыбышев келiп шағымданды.
15 қыркүйек 2016

14 қыркүйекте атышулы “сыра королi” Тоқтар Төле­шевтiң соты басталады. Қылмыстық iсте мемлекеттiк құпия материалдар жария болады деген желеумен сот жабық жағдайда өтпек. Т.Төлешевке 16 қылмыстық бап бойынша айып тағылған. ҰҚК Төлешевтi билiктi күшпен басып алмақ болды және осы мақсатта қарсылық шаралары мен жаппай тәртiпсiздiктердi ұйымдастыруды көздедi, қазiргi билiк жүйесiн өзгертуге тырысты деп айыптайды. Сот орындығына онымен бiрге тағы 25 адам сыбайласы ретiнде отырады.

8 қыркүйек 2016
Жемқорлықпен айыпталды жетi әкiм
ЖАППАЙ ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАССА, БҰЛ КӨРСЕТКIШ 77-ГЕ ЖЕТIП ЖҮРМЕСЕ...
Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы iс-қимыл Ұлттық бюросының қарқыны қатты. Әсiресе, Ұлттық бюроның Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департа­ментi жыл басынан берi жемқорларды үйiр-үйiрiмен, тоб-тобымен ұс­тай­тын дәрежеге жеттi. Қайбiр жолы департаменттiң қызметкерлерi Оңтүстiк Қазақстан облыстық iшкi iстер департаментi әкiмшiлiк полициясына қарасты тiркеу-емтихан бөлiмiнiң бiрнеше лауазымды офицерiнiң қолына кiсен сал­ған болатын.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»