1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
7 ақпан 2017
Мейрамхан Себдайырқызы Iзбасар: «ЕРКIНДI ТҮРМЕДЕ ӨЛIМШI ЕТIП САБАҒАН»

7 қаңтарда Еркiн Жұмашұлы Iзбасар Алматыда көшеде көлiкпен бара жатқанда, қасындағы екi адаммен бiрге Ақтөбе облысында заңсыз мұнай ұрлығына қатысы болуы мүмкiн деген күдiкпен ұсталды. Уақытша тергеу изоляторына қамалған Еркiн Iзбасарға қатысты тергеу аяқталмады, нақты айыптар әлi қойылған жоқ. Спорт шеберi, “Ағайынды төртеудiң” жетекшiсi 20 қаңтарда тергеу изоляторынан Ақтөбедегi темiржол ауруханасына

2 ақпан 2017

“Тәуелсiз кәсiподақ керек” деп талап қойғаны үшiн қамауға алынып, әкiмшiлiк және азаматтық жазаға тартылған «Ойл Констракшн Компани» мұнайшылары жұмыссыз қалды. 4 адам жұмыстан шығарылды. 20-50 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салынып, 4 миллион теңгеге жуық компанияның дәлелденбеген әлдебiр “шығынын” төлеуге мiндеттелгендер ендi апелляциялық сотқа

2 ақпан 2017

Бiз – Ақмола облысы Ерейментау ауданының Қойтас ауылдық округiне қарасты Ажы ауылының тұрғындарымыз. Ажы ауылының географиялық орналасуы Павлодар облысымен шекаралас. Өлеңтi өзенiнiң оңтүстiгiнде, облыс орталығы Көкшетау қаласынан 500 шақырым жерде. Сiздерге хат жазып, көмек сұрап отырған себебiмiз мынадай: “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша салынып жатқан Астана – Өскемен заманауи автомагистральды тас жолы ауылдан 16 шақырым жерден өтедi. Ауылдан шығатын 16 шақырым дала жолы тас жолдың 205-шi шақырымында қиылысады. Осы қиылыстан Ажы ауылына бұрылатын өткел

31 қаңтар 2017
Тапсырыс берушiлер тасада қалды...

ОЛАР ЖҰМСАҒАН ЖҰМЫССЫЗДАРҒА СОТ ҮКIМ ШЫҒАРДЫ

“Не шықса да Шымкенттен шығады” деген сөз осындайда еске түседi. Қайбiр жылы Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қыздың орнына жiгiт кiрiп, елдi шулатып едi. Жуырда Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты мемлекеттiк қызметкерлердiң немесе осы қызметке кiргiсi келгендердiң орнына емтихан тапсырып, шенеунiктерге заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топқа үкiм оқыды. Жалған сынақ тапсырушылар былтыр қазан айында әшкереленген болатын. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа

26 қаңтар 2017
«Құпия қызметтiң» кезектi жорығы

ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫБРИТАНИЯДА САЯСИ БАСПАНА АЛҒАН АДАМДЫ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДIККЕ IЛIНДI

Астанада Ресей және Түркияның бастамасымен Сирия дағдарысын бейбiт реттеу келiссөздерi басталған тұста түрiк елiнде БТА банктiң бұрынғы басшыларының бiрi Жақсылық Жарымбетовтiң ұсталғаны және белгiсiз жаққа әкетiлгенi туралы ақпар тарады. “Ашық Диалог” Фундациясы деп аталатын құқық қорғаушы ұйымның сайтында 21 қаңтар күнi қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтiң әрiптесi, Ұлыбританияда саяси баспана алған Ж.Жарымбетовтi қазақстандық арнайы қызмет орындары түрiк әрiптестерiмен бiрге Стамбұл әуежайынан ұрлап кеткенi туралы
 

26 қаңтар 2017
Маңғыстау мұнайшыларын жаппай соттап жатыр

Маңғыстаудағы аштық жариялаған мұнайшыларды билiк күшпен тарқатты. Қаңтардың 5-iнен ас-су iшпеген 700-ге тарта адамды бұл күнде бiр-бiрлеп сотқа тартып жатыр. Олардың бiрсыпырасы үш мәрте сот алдына келдi. “Ойл констракшн компани” мекемесi жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынды аштық жариялағандардан өндiрiп алмақшы.

26 қаңтар 2017

Сонымен, 61 жастағы журналист Бигелдi Ғабдуллиннiң бас бостандығы бес жылға шектелдi. Астана қаласы қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған аудандық сотының судьясы Бағлан Ыдырысов журналист Бигелдi Ғабдуллиндi айыпты деп тауып, оған прокурор Әлiбек Айтжанов сұраған жазаны үтiр-нүктесiн өзгертпей кестi. Central Asia Monitor газетiнiң бас редакторы әрi Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелдi Ғабдуллинге бес жыл iшiнде

24 қаңтар 2017

20 қаңтарда Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы азаматтық белсендiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянның түсiрген шағымы бойынша iстi аяқтап, үкiмдi сол күйiнде қалдырды. Сөйтiп, 16 қаңтарда, апта басында басталған сот созбақталып жұмаға жеткенде әу бастағы үкiмнiң өзгерiссiз қалғаны жиналған жұрттың көңiл-күйiн түсiрiп, ашу-ренiшiн тудырды.
Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиеваның айтуынша, Макс пен Талғат соттың “жарылқамайтынын” алдын ала сезiп бiлiп, үкiмдi тыңдау үшiн “эфирге” шығудан бас тартқан. Бейнетаспадан жарқ етiп көрiнудi жөн деп таппаған. Осы жерде естерiңiзге сала кетейiк, азаматтық қос белсендiнiң апелляциялық соты

24 қаңтар 2017
«Арбаға таңылған адамды соққыға жыққан» елде әдiлеттiлiктi қайдан табасың?

Ақтөбе облысында заңсыз мұнай өндiрумен, ұрлаумен және оны заңсыз тасымалдап, сатумен айналысты, осы мақсатта ұйымдасқан қылмыстық топ құрып оған жетекшiлiк еттi деп айыпталған Еркiн Iзбасардың адвокаты Серiк Сәрсенов өзiнiң қорғауындағы азаматты кiнәсiз деп санайды. Оның айтуынша, елiмiзде спортшылардың қамқоршысы, мүгедектер ұйымының белсендi мүшесi, кей ортада қылмыс әлемiнiң беделдi тұлғасы ретiнде көрсетiлген

19 қаңтар 2017
Әскерилерге үкiм шықты

18 қаңтарда Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы Бекболат Тәжмұқан 5 маусымдағы теракт кезiнде қарсылық көрсетпегенi үшiн №6655 ұлттық гвардияның екi әскери қызметшiсiне үкiм шығарды. Қайырғали Оразжанов 3 жыл 6 айға, Қайнарбек Тастанбеков 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Екеуi де – майор. 5 маусымда түс кезiнде кезекшiлiкте тұрған екi майор гвардия қақпасын бұзып кiрген 17 содырға қарсы табельдi қару қолданбай, казармаға тығылып, есiктi iштен жауып алып, дәретхана терезесiнен

19 қаңтар 2017

Ендi ел-жұрт уақытша тiркеуге тұру үшiн Халыққа қызмет көрсету мекемелерiне барып әуре болмастан, өз үйiнен-ақ өтiнiш бере алады. Онлайн-тiркеудi енгiзудегi негiзгi мақсат – xалыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектердi азайту. Бұған дейiн онлайн-тiркеу арқылы тек тұрақты тiркеуге ғана тұруға болатын. Уақытша тiркеу мәселесi сөз болған үкiмет жиынында Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев онлайн-тiркеу бойынша министрлiк тарапынан белгiлi бiр кемшiлiктердiң кеткенiн

19 қаңтар 2017
«Бопсалау» және билiктегiлердiң бәйек қағуы

БИГЕЛДI ҒАБДУЛЛИНГЕ ҚАТЫСТЫ АСТАНАДА БАСТАЛҒАН СОТ КОМЕДИЯ МЕН ФАРС ЖАНРЫН ЖАЗУШЫЛАРҒА ТАПТЫРМАС ҺӘМ САРҚЫЛМАС ТАҚЫРЫП БОЛҒАЛЫ ТҰР

Әуелде 2016 жылдың 15 қарашасында Central Asia Monitor газетiнiң бас редакторы әрi Radiotochka.kz порталының директоры, 61 жастағы Бигелдi Ғабдуллиннiң ұсталғанын жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы хабарлаған сәтте журналистика саласында жүргендер “бұл қалай?” деп таңырқап қалған едi. Оның үстiне жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Ғабдуллин мемлекеттiк қызметкерлердi ақпараттық шабуыл арқылы

19 қаңтар 2017

16 қаңтарда Атырауда Макс Боқаев пен Талғат Аянның апелляциялық шағымы бойынша басталған сот араға бiр күн салып, сәрсенбiде қайта жалғасты. БАҚ өкiлдерiнiң айтуына қарағанда, сот залына фото, бейнетаспа аспаптарын кiргiзуге рұқсат берiлмеген. Соның салдарынан таспаға жазу, түсiру мүмкiншiлiгi болмаған. “Жас Алаштың” өткен санында (“Батырлардың апелляциялық соты”, №4, 17 қаңтар, 2017 ж.) бiз Макс Боқаевқа өзiн танымайтын мемлекеттiк қорғаушы берiлгенiн жазғанбыз. Әрине, ондай адвокатқа Макс мұқтаж

17 қаңтар 2017

Атырау облыстық сотында жердi сатуға, шетелдiктерге жалға беруге қасқайып қарсы тұрып, қара орман қазақтың мүддесiн көздеп, билiкке наразылығын ашық бiлдiргенi үшiн жазықсыз сотталған бүгiнгiнiң қос батыры Макс Боқаев пен Талғат Аянның апелляциялық шағымы қаралып жатыр. 16 қаңтарға белгiленген сотқа батырлардың жанашырлары, ниеттестерi барып қатысып, қолдау көрсетпекшi болған. Өкiнiшке қарай, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер жасауылдары жақтастардың жолын кесiп, түрлi айла-шарғы ұйымдастырды. Алматыдан Атырауға алдын ала билет

17 қаңтар 2017

Маңғыстаулық мұнайшылардың тәуелсiз кәсiподақтың жұмыс iстеуiне мүмкiндiк беруiн сұрап, аштық жариялағандарына он күннен асты. Наразы жұмысшылардың алды ауруханаға түсiп жатыр. Олар Ақтауға президенттi шақырғанымен, ол дауыс Ақордаға жетпейтiн тәрiздi. Осыдан бес жыл бұрын Маңғыстауда дәл осындай жағдай орын алған. Онда да мұнайшылар наразылық танытқан. Бiрақ он күн емес, ол сегiз айға ұласқан едi. Соңы көптеген адамның өлiмiне

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»