1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
2 тамыз 2016
Редакциямызға полиция қызметкер­лерiнен жәбiр көрген, әдiлетсiз сот шешiмi­нен кейiн кiмге шағымданарын бiлмей тауы шағылған жандар жиi келедi. Төменде баяндалатын оқиғаны айтып берген азаматтың елдегi сот жүйе­сiнен жерiгенi соншалықты, 18 жылға сотталған ұлына ара­ша бола ма деп қоғамдық ұйымдар мен журналис­тер­дi ғана жағалап жүр.
26 шілде 2016

Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетi мен “Қазақтелеком” АҚ-тың 312,9 млн теңгесiн жымқырды деген айыппен осыдан алты ай бұрын iстi болған Сейiтқазы Матаевқа елiмiздiң бiрқатар зиялы қауым өкiлдерi араша түстi. Осыдан бiрнеше күн бұрын Н.Назарбаев­қа хат жазған олар, өздерiнiң С.Матаевты парасатты, адал азамат ретiнде бiлетiндiктерiне сендiрдi.

26 шілде 2016
Қыжыртпа
Бас прокурор Жақып Асанов қоластындағы қызметкерлерге кiтап оқуға кеңес бердi. Расында, прокуратура қызметкерлерi аздап таным-түсiнiгiн кеңейтiп, жайлап ой-өрiсiн дамытпаса, жағдай қиындап кеткен секiлдi. Өйткенi қазiр әлеу­еттi құрылымда “адасып” келгендер мен адал жұмыс iстейтiн­дер­дi айыру қиындаған. Ал халық кө­ңi­лiнде “прокуратураға тек “көке­сi” барлар ғана кiре алады” деген пiкiр қалыптасқан. Мұны бас прокурордың өзi айтты. Демек, мәселе мәз емес. Ал оны шешудiң қандай жолы бар?
21 шілде 2016
Бұл арызды жазып отырған себебiм, мен әдiлдiк үшiн күресемiн деп, жазықсыз жаланың құрбаны болдым. Сiз­дерге түсiнiктi болу үшiн бәрiн басынан бастап айтқаным жөн шығар деп ойлаймын. Менiң негiзгi мамандығым – педагог. 40 жылға жуық осы Панфилов ауданында қызмет еттiм, кезiнде аудандық Пионерлер үйiн басқардым, педагогикалық колледжде мұғалiм, одан кейiн завуч, аудандық бiлiм бөлiмiнде басшысы, мектепте директор болдым.
21 шілде 2016
Қарағанды облысындағы жемқорлар бiр жылда отыз мектептi «жұтып» жiбердi
Елдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жұмада Қарағандыға жолы түсiп, кеңей­тiлген кеңес өткiздi. Оның облыстық мекеме басшыларын қалай “қысқанын” аймақтағы шен-шекпендi бейнебайланыстан бақылап отырды. Облыста былтыр және биыл тиiсiнше 79 және 21 мемлекеттiк қызметкер тәртiптiк кеңестiң талқысына түсiптi. Қаржылық бақылау органы былтыр —
19 шілде 2016
ТАЛҒАТ АЯН ДА ОСЫ НАУҚАНҒА IЛIГЕ МЕ?
Жер саудасына қатысты митингiге байланысты қамауға алынып, абақтыда жатқан Талғат Аян жуырда халыққа хат жазған едi. Онда ол өзiнiң кiнәсiз екенiн дәлелдей отырып, тағылған айыптаулардың күл-талқанын шығарған. Дегенмен әлеуметтiк желiде Талғатқа тағы бiр айып тағылуы мүмкiн екенiн әйгiлейтiн және бiр ақпарат пайда болды.
14 шілде 2016
“Алматыжарнама” ЖШС директоры С.Сыздықовтың “Трибуна” тәуелсiз апталығына қар­сы түсiрген арыз-шағымы бо­йынша соттың екiншi күнi “қызық” өттi. Дәлiрек айтсақ, бұл процесс әдiлетсiз сот жүйе­сiнiң Ақ­орданың тапсырысымен тәуел­сiз баспа­сөз­дi қалай жаба алатынын айқын көрсеткен шыжыққа толы болды. Бұл процесс бұрындары талай сотқа қатысып
14 шілде 2016
Министр сотқа жүгiнуi мүмкiн
Осыдан бiрнеше күн бұрын Фейсбук әлеуметтiк желiсiнде режиссер Талғат Жә­нiбековтiң Мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқорлыққа байланысты айыптаған бейнежазбасы жария­ланды. Өзiн “Жокер”, “Прелести жизни”, “Қуаныш” фильмдерiнiң режиссерi ретiнде таныстырған Т.Жәнiбеков қазiр “Феникс” картинасын да­йындау үстiнде екен.
12 шілде 2016
11 шiлдеде Алматы қаласының Медеу аудандық соты “Алматыжарнама” компаниясының директоры Сыздықовтың “Трибуна” басылымына қарсы берген талап-арызын қарауды одан әрi жалғастырды. “Ашық сот” деген аты ғана. Судья ә дегеннен “Трибуна” газетi­нiң журналисi Денис Кривошеевтiң мақала жазу барсында “Аzianews kz”, Ratel.kz, ҚазТАГ, Zakon. kz, КТК және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан ресми ақпарат көзiн пайдаланғанын, осыған орай, 
12 шілде 2016
ҰҚК-нiң оған таққан көп айыбының бiрi осындай
Атышулы шымкенттiк бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты айыптауларға ел әлi сенбейдi. Ұлттық қа­уiпсiздiк комитетi алғашқыда қызды-қыздымен тым асыра айтты ма, әлде түймедейдi түйедей ететiн кей­бiр әрiптестерiмiз бояуын қалыңдатып жiбердi ме деп едiк. Жоқ, кешегi күнi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Тоқтар Төлешовке қатысты тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлап, қылмыстық iске қатысты бiраз тың мәлi­меттердi жайып салды. Не сенерiмiздi, не сенбе­сiмiздi бiлмей тағы да дал болдық.
1 шілде 2016
ТҮЙМЕДЕЙ ЕЛДIҢ ТАУДАЙ ҚАЙРАТЫ
Футболдан Англия ұлттық құрамасының бас бапкерi қызметiн атқарған Рой Ходжсон қызметiнен кеттi. Еуропа чемпионатының ширек финалына иек артар тұста ағылшындар күтпеген жерден Исландия құрамасынан ұтылды. Сең соққандай әрi-сәрi күйге түскен Ходжсон футболшыларының исландықтардан дәл осылай жеңiледi деп ойламаса керек, әлi есеңгiреп жүр­ген көрiнедi. 
1 шілде 2016
Ақтау әкiмдiгiн күзеткен полицей қазасы туралы ақиқатты бүркемелеу әрекеттерi бар

Маңғыстау облысы IIД күзет басқармасының полицейi Қарлыға Жаңабергенованы белгiсiз бiреулер былтырғы желтоқсанда Ақтау қаласы әкiмдiгiндегi қызмет орнында атып кеткен. Мар­құмның туыстары содан берi жарты жыл өтсе де қылмыстың ашылмай отырғанына күйiнедi. Олардың пiкiрiнше, қылмыстық iстi тергеп жатқан Маң­ғыстау облыстық iшкi iстер департаментi өлiмнiң себебiн ашудың орнына алдымен оны онкологиялық ауру болғандықтан күйзелiстен өлдi деген жалған дерек таратып, кейiн iстi мүлде тоқтатуға тырысқан.

28 маусым 2016
Адамды шыншылдығы үшiн кiнәлауға бола ма?
Өткен 2015 жылдың сәуiр айында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебiнiң мұғалiмi Айман Сағидуллаева маған келiп, мұғалiм­дердi аудан билiгi тарапынан “сенбiлiк” арқылы 15 күндей қара жұмысқа жегетiнiн, сайлауға, санаққа араластырып, тiптен халықтың қой-сиырына дейiн санаттырып, әкiмшiлiк қызметкерлерiнiң жұмыстарын түгелдей мектеп мұғалiмдерiне жүктейтiнi және әншiлердiң концерттерiне билет сатып алу мұғалiм­дерге мiндет­те­летiнi жайлы шындықты жеткiзген болатын. Бiлiм саласында болып жат­қан келеңсiз жағдайларға көз жұма қарай алмай, көмектесуге бел будым. Өзiм баcқаратын “Жалын” журналының қызметкерi Жанна Иманқұлға Айман
28 маусым 2016
 «САҢЫРАУДЫҢ АСТЫНА ТҮСКЕНДЕЙ» СОТ БОЛҒАН...
Иә, бiр емес, екi сот! Оған кiмдер қатыс­пады деңiз? Сексеннiң сеңгiрiне шыққан үлкен қаламгер ағамыз Ғаббас Қабышұлы таяғын тiренiш етiп тұрып, аталы сөз айтты. Мәскеудiң төрiнде, Горбачевтың алдында, көгiлдiр экран арқылы, күллi әлемге Желтоқсан шындығын үш минутқа сыйғызып, бүкiл қазақтың жоқшысы, ар-намысы бола бiлген әйгiлi ақын Мұхтар Шаханов аға да ақиқатқа араша түстi. Осындай ниетпен iске қатысқан қаламгерлер
28 маусым 2016
Атырау облыстық сотының қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы “бастықтарымның тапсырмасымен кiсi өлтiрдiм” деген атышулы мәлiмдемесiмен белгiлi болған экс-полицей Манарбек Өтеуовтiң апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. 2016 жылғы мамырдың 3-iнде Атырау облысының қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Өтеуовтi адам ұрлады, қызмет өкiлетiн терiс мақсатта пайдаланды
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»