1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
11 тамыз 2016
Қосымша куәгерлер сотқа шақырылмайды

Адвокат Ботакөз Бейсенованың «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясындағы қаражат жымқыру iсi бойынша айыпталған Талғат Ермегияевтiң iсi бойынша қосымша куәгер ретiнде Ерболат Досаев пен Қайрат Келiмбетовтi және Р.Жошыбаевты сотқа шақыру туралы өтiнiшi қанағаттандырылмады. Бұл туралы Астана сотының қылмыстық iстер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқаржан Кенжеғарин мәлiмдедi.

9 тамыз 2016
Владимир Козлов мерзiмiнен ерте босауы мүмкiн

4 тамызда Қазақстанда тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының жетекшiсi Владимир Козловты түрмеден мерзiмiнен бұрын босату туралы сот шешiмi шыққаны белгiлi болды. Қазақстандағы адам құқықтары мен заң үстемдiгi бойынша халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис әлеуметтiк желiдегi парақшасында бұл шешiмнiң 15 күннен соң күшiне енетiнiн хабарлады.

9 тамыз 2016
Айдын ЕГЕУБАЕВ: Сапарбаев сотқа берем десе, оған да дайынмын

Шiлде айындағы Жер комиссиясының Астанада өткен отырысында “Алаш жолы” қозғалысының және “Нұр-Отан” партиясының мүшесi Айдын Егеубаев ел азаматтары атынан нақты ұсыныс жолдаған едi. Оның мәлiмдемесi талайдың төбесiнен жай түскендей әсер еткенi анық. Себебi дерек көп. Сол деректердiң денi жер дауына, Қазақстанда жұмыс iстеп жат­қан қытайлық компанияларға, олардың қазақ жерiн қашан, қалай алғанына қатысты өрбiген.

4 тамыз 2016

Медеу аудандық сотында тәуелсiз “Трибуна” газетi бойынша iс қаралып, басылымға 5 миллион теңге айыппұл салынғаны оқырман есiнде болар. “Ар-намысыма кiр келтiрдi, моральдық шығынға ұшыратты” деп сотқа арыз берген “Алматыжарнама” компа­ния­сының басшысы Сұлтанбек Сыздықовтың талабы солайша қанағаттандырыл­ған.

2 тамыз 2016
Редакциямызға полиция қызметкер­лерiнен жәбiр көрген, әдiлетсiз сот шешiмi­нен кейiн кiмге шағымданарын бiлмей тауы шағылған жандар жиi келедi. Төменде баяндалатын оқиғаны айтып берген азаматтың елдегi сот жүйе­сiнен жерiгенi соншалықты, 18 жылға сотталған ұлына ара­ша бола ма деп қоғамдық ұйымдар мен журналис­тер­дi ғана жағалап жүр.
26 шілде 2016

Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетi мен “Қазақтелеком” АҚ-тың 312,9 млн теңгесiн жымқырды деген айыппен осыдан алты ай бұрын iстi болған Сейiтқазы Матаевқа елiмiздiң бiрқатар зиялы қауым өкiлдерi араша түстi. Осыдан бiрнеше күн бұрын Н.Назарбаев­қа хат жазған олар, өздерiнiң С.Матаевты парасатты, адал азамат ретiнде бiлетiндiктерiне сендiрдi.

26 шілде 2016
Қыжыртпа
Бас прокурор Жақып Асанов қоластындағы қызметкерлерге кiтап оқуға кеңес бердi. Расында, прокуратура қызметкерлерi аздап таным-түсiнiгiн кеңейтiп, жайлап ой-өрiсiн дамытпаса, жағдай қиындап кеткен секiлдi. Өйткенi қазiр әлеу­еттi құрылымда “адасып” келгендер мен адал жұмыс iстейтiн­дер­дi айыру қиындаған. Ал халық кө­ңi­лiнде “прокуратураға тек “көке­сi” барлар ғана кiре алады” деген пiкiр қалыптасқан. Мұны бас прокурордың өзi айтты. Демек, мәселе мәз емес. Ал оны шешудiң қандай жолы бар?
21 шілде 2016
Бұл арызды жазып отырған себебiм, мен әдiлдiк үшiн күресемiн деп, жазықсыз жаланың құрбаны болдым. Сiз­дерге түсiнiктi болу үшiн бәрiн басынан бастап айтқаным жөн шығар деп ойлаймын. Менiң негiзгi мамандығым – педагог. 40 жылға жуық осы Панфилов ауданында қызмет еттiм, кезiнде аудандық Пионерлер үйiн басқардым, педагогикалық колледжде мұғалiм, одан кейiн завуч, аудандық бiлiм бөлiмiнде басшысы, мектепте директор болдым.
21 шілде 2016
Қарағанды облысындағы жемқорлар бiр жылда отыз мектептi «жұтып» жiбердi
Елдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жұмада Қарағандыға жолы түсiп, кеңей­тiлген кеңес өткiздi. Оның облыстық мекеме басшыларын қалай “қысқанын” аймақтағы шен-шекпендi бейнебайланыстан бақылап отырды. Облыста былтыр және биыл тиiсiнше 79 және 21 мемлекеттiк қызметкер тәртiптiк кеңестiң талқысына түсiптi. Қаржылық бақылау органы былтыр —
19 шілде 2016
ТАЛҒАТ АЯН ДА ОСЫ НАУҚАНҒА IЛIГЕ МЕ?
Жер саудасына қатысты митингiге байланысты қамауға алынып, абақтыда жатқан Талғат Аян жуырда халыққа хат жазған едi. Онда ол өзiнiң кiнәсiз екенiн дәлелдей отырып, тағылған айыптаулардың күл-талқанын шығарған. Дегенмен әлеуметтiк желiде Талғатқа тағы бiр айып тағылуы мүмкiн екенiн әйгiлейтiн және бiр ақпарат пайда болды.
14 шілде 2016
“Алматыжарнама” ЖШС директоры С.Сыздықовтың “Трибуна” тәуелсiз апталығына қар­сы түсiрген арыз-шағымы бо­йынша соттың екiншi күнi “қызық” өттi. Дәлiрек айтсақ, бұл процесс әдiлетсiз сот жүйе­сiнiң Ақ­орданың тапсырысымен тәуел­сiз баспа­сөз­дi қалай жаба алатынын айқын көрсеткен шыжыққа толы болды. Бұл процесс бұрындары талай сотқа қатысып
14 шілде 2016
Министр сотқа жүгiнуi мүмкiн
Осыдан бiрнеше күн бұрын Фейсбук әлеуметтiк желiсiнде режиссер Талғат Жә­нiбековтiң Мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқорлыққа байланысты айыптаған бейнежазбасы жария­ланды. Өзiн “Жокер”, “Прелести жизни”, “Қуаныш” фильмдерiнiң режиссерi ретiнде таныстырған Т.Жәнiбеков қазiр “Феникс” картинасын да­йындау үстiнде екен.
12 шілде 2016
11 шiлдеде Алматы қаласының Медеу аудандық соты “Алматыжарнама” компаниясының директоры Сыздықовтың “Трибуна” басылымына қарсы берген талап-арызын қарауды одан әрi жалғастырды. “Ашық сот” деген аты ғана. Судья ә дегеннен “Трибуна” газетi­нiң журналисi Денис Кривошеевтiң мақала жазу барсында “Аzianews kz”, Ratel.kz, ҚазТАГ, Zakon. kz, КТК және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан ресми ақпарат көзiн пайдаланғанын, осыған орай, 
12 шілде 2016
ҰҚК-нiң оған таққан көп айыбының бiрi осындай
Атышулы шымкенттiк бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты айыптауларға ел әлi сенбейдi. Ұлттық қа­уiпсiздiк комитетi алғашқыда қызды-қыздымен тым асыра айтты ма, әлде түймедейдi түйедей ететiн кей­бiр әрiптестерiмiз бояуын қалыңдатып жiбердi ме деп едiк. Жоқ, кешегi күнi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Тоқтар Төлешовке қатысты тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлап, қылмыстық iске қатысты бiраз тың мәлi­меттердi жайып салды. Не сенерiмiздi, не сенбе­сiмiздi бiлмей тағы да дал болдық.
1 шілде 2016
ТҮЙМЕДЕЙ ЕЛДIҢ ТАУДАЙ ҚАЙРАТЫ
Футболдан Англия ұлттық құрамасының бас бапкерi қызметiн атқарған Рой Ходжсон қызметiнен кеттi. Еуропа чемпионатының ширек финалына иек артар тұста ағылшындар күтпеген жерден Исландия құрамасынан ұтылды. Сең соққандай әрi-сәрi күйге түскен Ходжсон футболшыларының исландықтардан дәл осылай жеңiледi деп ойламаса керек, әлi есеңгiреп жүр­ген көрiнедi. 
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»