1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
8 қараша 2016
Куәге қалай жауап берудi үйреткен
ҰҚК ТЕРГЕУШІСІ МЕН ӨКПЕЛЕГІШ ПРОКУРОР ТУРАЛЫ СӨЗ
Қарашаның 2-ciнде жалғасқан Атыраудағы Макс Боқаев пен Тал­ғат Аянға қатысты сот проце­сiнде бiрқатар қала тұрғындары, өндiрiстiк компаниялар жұмысшылары жауап бер­дi. Қарабатан мұнайшылары айт­қандарынан қайтпады, өздерiн еш­кiмнiң шақырмағанын, ерiктерiмен барғандарын, заңсыз еке­нiн бiлме­ген­­дерiн, бiлсе де баратындарын мә­лiмдедi. Олардың сотқа дейiн­гi тергеудегi жауаптарының алшақтығынан мезi болған ҰҚК пысықай тергеушi­сiнiң бiрi куәнi сот алдында шақырып, қалай жауап беру керек­тiгiн үйретiп жiбергенi белгiлi болды. Сотқа сәрсенбiден бастап арнайы келген Нидерланд Корольдiгi елшi­лiгiнiң миссия басшысының орынбасары Ян Хаусман мен АҚШ елшi­лiгiнiң саяси бөлiмi бастығы Нинг -чуан Джу бақылау жасай бастады. Сот отырысына қатысып, оны жымия тыңдап отырған АҚШ елшiлiгi өкiлiне ренжiген “намысшыл” прокурор, судьядан оған ескерту жасауды сұрады. ҰҚК тапсырысымен жасалып, адвокаттар “дұрыс аударылмаған” деп сот отырысы басынан берi шағымданып
8 қараша 2016
“Тұңғышбай Жаман­құлов қамауға алынды” деген хабар қазақтың құлағына “Қайыр хан қамалды” дегендей болып естiлдi. Өйткенi талантты актер осы рөлi арқылы Мемле­кет­тiк сыйлыққа ие бол­ған. Жалғыз Қайыр хан емес, Т.Жаманқұлов театр және кино өнерiнде Абылай хан, Әбiлхайыр, Құнанбай т.б. сынды қазақтың бiртуар тұлғаларын сомдады. Сондықтан шығар, оның қамауға алынуына қатысты хабарды қарапа­йым халық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң өкiл­дерi қолын артына қайырып, Абылай ханды айдап бара жатқандай, Құнанбайдың қолына кiсен сал­ғандай қабылдағаны анық.
3 қараша 2016
“Бұзақылар” босап шықты

ТҮРМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI ОЛАРДАН ҚҰТЫЛҒАНША АСЫҚҚАН

Кеше Алматыда атыраулық батырлар Макс Боқаев пен Тал­ғат Аянды қолдап, акция өткiзбек болғаны үшiн 10 тәулiкке қамалған белсендiлер босап шықты.
Белсендiлер Сүйiндiк Алдабергенов, Құрал Медеуов және Асхат Берсалимовтi 23 қазанда Алматы орталығынан (Арбат бойынан) полиция ұстап әкеткен едi. Сол күнi Алматының әкiмшiлiк соты оларды “бейбiт жиын, митинг, шеру өткiзу тәртiбiн бұзғаны” үшiн 10 тәулiкке
3 қараша 2016

Бет қатталып жатқанда Астанадан жағымды хабар жеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық және әкiмшiлiк iстер бо­йынша касса­ция­лық сот алқасында Жасан Зекей­ұлының шағымымен сотқа тартылған оның бұрынғы жұбайы Гүлия Әлихан­қызы мен қайын атасы Әлихан Әлiбектiң шағымына қатысты iс қаралды. Кассациялық сот алқасына төрағалық еткен судья А.Қасымов пен алқа құрамындағы судьялар Е.Исмайылов, Т.Ибрашевтың қатысуымен кассациялық шағымды қарау кезiнде “Жас Алаш” газетiнiң де мүддесi қорғалды. 

3 қараша 2016
Заңда мұндай айыптау бабы жоқ. Бiрақ менiң баламды осындай “негiзде” соттады
 
Баяғыда бiреу “өзiң Құ­дай болмаған соң, көретiн күнiң осы” дептi. Қалай дөп басып айтқан деймiн. Әсiре­се, мынандай әдiлетсiздiк әмiрiн жүргiзiп тұрған заман­ға лайық мақал. Мен, Кәрбоз Боздақов, табанымнан таусылып, шындық iздеп шырылдап жүрген жанмын. Ұлыма жабылған жала менiң маңдайыма жағылған күйедей болды. Бiреулер қысастықпен болмағанды болдыртты, ұлыма iстемегендi iстеттi. Бәрi сол қу дүниенiң қамы үшiн, аранды ашқан арам ақшаның iзi үшiн. Сiздерге мән-жай түсiнiктiрек болу үшiн басынан баяндайын.
3 қараша 2016
Жалғыздың пикетi

БҰҒАН БҰҰ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ӘРТҮРЛI

Әлеуметтiк желiлерде Қазақстанның белсендi азаматтары елдегi заңсыздықтар­ға, әдiлетсiздiктерге қарсы, адам құқықтары мен сөз бостандығы, демократиялық қағидалар үшiн мерзiмсiз, жалғыз, үнсiз митинг жариялауды бастады. Бұған билiктiң қалай қарайтыны және наразылықтың жаңа түрiне қандай шара қолданатыны әзiрге белгiсiз. Есесiне, жалғыздың пикетiне байланысты Қазақстан билiгi мен БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитетiнiң арасында көзқарас қайшылығы туып отыр.

1 қараша 2016
Рақымшылық күтсең, кешiрiм сұра

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай Қазақстанда соттал­ғандарға рақымшылық жасалмайтын болды. Билiк алдағы уақытта мұндай тәжiрибеден бiржола бас тартпақ. Қазақстанның iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов ресми түрде кешiрiм сұрағандардың ғана бостандыққа шығуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi.

1 қараша 2016
Шенеунiктер ұсынған өзгерiстер ненi көздейдi?
Қазақстанның IIМ аңшылық мылтық иелерiнен басы артық қаруды тартып алуды ұсынуда. Қазiр заң бойынша бiр адамның он аңшылық қаруын сақтауға құқығы болса, шенеунiктер ұсынған өзгерiстер қабылданған жағдайда бұл сан төртке қысқарады. Құзырлы орган басшылары мұндай шара елдегi қылмыс деңгейiн төмендетiп, террорлық шабуылдардың санын азайтуға себiн тигiзедi деп санайды.
1 қараша 2016
Атыраудағы №2 қалалық соттың аядай залында Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот процесiнiң өтiп жатқанына жарты айдан асты. Ұлттық қауiпсiздiк ко­ми­тетi қызметкерлерi жүргiзген сотқа де­йiнгi тергеудегi алынған жауаптар мен сот тергеуiндегi жауаптар арасындағы айырмашылық кейде жер мен көктей. Оның қай­сыбiрiн iстi жүргiзушi судья да рас­тады. Материал аудармаларының сапасы нашар әрi дұрыс еместiгiне шағымданған адвокаттар тергеу материалын сот қа­рауынан алып тастауды талап етумен келедi.
27 қазан 2016
Жұмысшылар берген жауаптарынан бас тартты
Атырауда Боқаев пен Аянның сотында куәлiк еткен “Болашақ” мұнай өңдеу зауыты мердiгер компанияларының жұмысшылары жауаптау хаттамасына таныспай қол қойғандарын жария еттi. Прокурордың өтiнiшiн қабылдаған судья iстi жүргiзген тергеушi мен жауапталған куәларды беттестiретiнiн айтты. Адвокаттар куәларға қысым жасала ма деп күдiктенедi.  Бұған дейiн сот залына келуден бас тартқан Макс Боқаев пен Талғат Аян дүйсенбiден берi сот отырысына қай­та қатыса бастады.
27 қазан 2016
Таңатаров өлiп кеттi
...кiм алдап соққанын бiлу мүмкiн емес
24 қазанда Ақтөбе мамандандырылған қылмыстық сотында маусым терактiсiне байланысты сот басталды. 18 қазанда алдын ала тыңдау бастала бере 10 минуттан соң судья Ахметқали Мол­­дағалиев айыпталушыларға бұ­рылып, микрофонды өшiрiп тастады.
27 қазан 2016
Мұндай “бұзақылармен” мақтануымыз керек!
Өткен аптаның соңында, 23 қазан күнi Алматыда 5 қоғам белсен­дiсiн полиция көшеден ұстап әкеттi. Сол күнi кешке Алматының ауданаралық әкiмшiлiк соты бес белсендiнiң iсiн қарап, үшеуiн он тәулiкке қамауға шешiм шығарды. Құрал Медеуов, Асхат Берсалимов және Сүйiндiк Алдабергенов есiмдi азаматтар “бейбiт жиын, митинг, шеру өткiзу тәртiбiн бұз­­­ғаны” үшiн 10 тәулiкке қамалды. Ал Әсел Мақсұт пен Ақерке Әбi­шеваға ескерту жасалған.
25 қазан 2016
Алматы көшелерiнде лаң сал­ған атышулы Руслан Күлiкбаев­тың негiзгi соты кеше басталды. Бұ­ған дейiн алдын-ала сот тыңдаулары жүргi­зiлгенi хабарланған да едi. Жа­уапкердiң өте ауыр қылмыс жасағаны ескерiлiп әрi оның дойыр мiнезi белгiлi болғаннан кейiн алдын ала тыңдау да, кеше басталған сот та тергеу-оқшаулау абақтысында өтiп жатыр.
25 қазан 2016
Астана қаласының Алматы аудандық соты Бердiбек Сапарбаевтың моральдық шығын өндiру туралы Айдын Егеубаевқа қатысты арызын жартылай қанағаттандырды. Өйткенi ол өзiнiң нұқсан келген ар-намысының өтеуiн 5 млн теңгеге бағалаған. Ал сот айыпкерден 100 мың теңге өндiру жөнiнде шешiм шығарды. Сот А.Егеубаевтың 2016 жылдың 10 шiлдесiнде “www.уоutube.соm” бейнепорталында Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданына қарасты жалпы көлемi 87 437 гектар жер­дi 2010 жылдары
20 қазан 2016
Шейхтар үшiн шабылатын қаулы шығарды
Вице-премьер бастап облыс әкiмдерi қоштап оларға құрақ ұшып қызмет көрсетуi керек
10 қазаннан бастап Бiрiкен араб әмiрлiгi мен Катар елдерiнен келген шейхтарға Оңтүстiк Қазақстан облысында дуадақ аулауға рұқсат. Арабтар қазақ жерiнде бой жазып, көңiл көтерiп, саятшылықтың қызығын көруiн анау-мынау емес облыстың әкiмдерiнiң өздерi қамтамасыз етуi тиiс. Үкiметтiң осы жөнiндегi қаулысында солай деп жазылыпты.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»