1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15528) 3 қыркүйек, жұма 2010
оқырман хаттарын екшейтін Салима ЫСҚАҚОВА
3 қыркүйек 2010

Моңғолиядағы қазақтар “Керей қойын” өсiредi екен. Бұл қойға сол Моңғолияның қазақ ғалымдары ғылыми сипаттама берiп, бұл қойды “Керей қойы” деп атап, оны арнайы тiркетiптi. Бұл қойдың жүнi тығыз әрi аяғы ұзын болады екен.

3 қыркүйек 2010

Менiң әкем аңшы едi. Өзiм де аңшымын. Жасым 70-ке толып қалса да, әлi күнге айына бiр рет тау-тасты аралап, аң аулауға шығып тұрам.

3 қыркүйек 2010

Жақында ғана жазушы танысымнан естiдiм. Бiздiң бiр баспа (Алматыдағы баспалардың бiреуi) “Қыз Жiбек” жырын басып шығарыпты.

3 қыркүйек 2010
Қаражалда әкiм ауысты. Мұқашев Ғалымның орнына басқа Ғалым, Ғалым Әшiмов келдi. Жаңа әкiмнiң тындырар жұмысын, алла жазса, болашақта көре жатармыз. Ал Қаражал қаласына 2 жыл басшылық жасаған Ғалым Мұқашев туралы не айтуға болады? Жеткен жетiстiк­терi мен жiберген қате­лiктерi, кемшiлiктерi қандай?“Жетiстiктерi” туралы әкiмшiлiк тарапынан шындық пен өтiрiгi араласқан халыққа көп ақпарат берiлдi. Ал кемшiлiктерi мен қате­лiктерi туралы ше? Қала тұрғындары арасында бұ­рын­ғы әкiмнiң атқарған жұмысы туралы сұрау жүр­гiзсеңiз, басым көпшiлiгi Мұқашев мырзаның жұмысына терiс баға берерi хақ.
3 қыркүйек 2010
ҚР бас прокуроры Қайрат Мәмидiң назарына!
Адам хатты, арызды ерiк­кеннен жазбайды. Әрбiр хаттың артында адам тағдыры тұр. Кез келген адам хатты үлкен үмiтпен, “осыдан бiр нәтиже шығады-ау” деген сенiммен жазады. Осыны ескерген президент Н. Назарбаев құзырлы мекемелерге елден келген хаттарға, қағаздарға мұқият қараңдар, дер кезiнде жауабын жазып, мәселенi оң шешуге тырысыңдар дегендi сәт сайын айтып отырады. Әрине, құзырлы мекемелер президенттiң айтқанын қалт еткiзбей, хатқа жауап жазудан еш шаршаған емес. Бiрақ, одан не пайда, бәрiбiр оң шешiлiп жатқан мәселе жоқ. Қайта бiздiң мекемелер соңғы жылдары қағазбасты болып бара жатқан сияқты.
3 қыркүйек 2010

2008 жылы күйеуiм қайтыс болып, үлкенi 18, кiшiсi 3 жастағы, шиеттей 6 баламен жесiр қалдым. Содан бергi 2 жыл iшiндегi басымнан өткен қиындықты дұшпаныма да тiлемес едiм. Өзiм жұмыссыз, балалардың күтiмiмен, екi күннiң бiрiнде ауырып-сырқап (бәрi жоқтықтан ғой) үйде отырдым. 18-ге толған үлкен ұлымды “жұмысқа тұрғызамын” деп, бармаған жерiм, баспаған тауым қалмады. 2009 жылдың аяғында “Өзенмұнайгаз” ӨФ-нда болған жұмысқа алу байқауына да қатыстық. Еш нәтиже болмады.

3 қыркүйек 2010
Менiң ауылға келгенiмдi көрiп көршi келiншек ерекше бiр қуансын. Үйiне шайға шақырып жалпақтап жатыр. Көршiм шайға шақырса, одан бас тартып нем бар, бара қойдым. Тозығы жеткен дастар­қан үстiне қолдан жапқан таба нанды үйеме етiп турап тастапты. Одан есiк алдына еккен бес-алты түп қызанағынан екi-үш қызарғанын терiп әкелiп, салат iстедi. Сөйтiп, алдыма шетi сынық кесесiмен шәйiн ұсынды.
– Сенiң келгенiң дұрыс болды. Қанша дегенмен оқы­ған адамсың ғой, маған арыз жазып бере қойшы, – десiн шай үстiнде ол шақыруының мәнiсiн түсiндiрiп. Сөйттi де жыларман күйде жағдайын айта бастады:
26 тамыз 2010

Басқа жердi бiлмеймiн, дәл Көкпектi ауданында қазақ тiлiнiң құрдымға кетiп бара жатқаны жасырын емес. Қай мекемеге кiрсең де, тек қана орыс тiлiнде сөйлесiп отырған қазақ жастарын көресiң. Бiр таңғаларлығы, бұл мекемелерде бiр де бiр басқа ұлттың өкiлдерi кездеспейдi. Ал сондағы мекеме басшылары оларға қазақ тiлiнде сөйле деп ескерту жасаудың орнына өздерi солармен қосыла орысша сөйлеседi. Көшеде, қоғамдық орындарда да солай орысша сөйлескен қазақ жастарынан аяқ алып жүре алмайсың. Бiр сөзбен айтқанда, бiзде қазақтарды жек көретiн, оның тiлiн менсiнбейтiн нигилистердiң жаңа буыны өсiп, жетiлiп келедi.

26 тамыз 2010

Таджима елiндегi Джоугахана тауында Игаки деген сарай бар. Қай патшадан қалған сарай екенi белгiсiз, әйтеуiр сонда Джинджюроу деген самурай тұрған екен. Ђз заманында императорға адал қызмет еткен даңқты самурай болыпты. Император да Джинджюроуға сенiм артып, оған үнемi күрделi iстердi тапсырады екен. Джинджюроуды көре алмаған өзге самурайлар «Бiз тұрғанда бұны неге сонша әспеттейдi. Бүкiл даңқ та, сый-құрмет те Джинджюроудiкi» деп үнемi қызғанып жүрiптi. Содан олар бiрiнен соң бiрi императорға кiрiп, Джинджюроуды жамандай берiптi.

26 тамыз 2010

Алматының көпшiлiк көп жүретiн жерлерде iлулi тұрған жарнамаларда кемшiлiктер, қателiктер кезiгiп тұратыны жасырын емес.

26 тамыз 2010

...Мен де бiрталай жасқа келiп қалдым. Өткен өмiрiме қарап отырып, мақтанатын тұстарым көп екенiне қуанамын. Басқасын айтпай-ақ қояйын, әкелерiм мен ағаларымның өзi мақтан тұтарлық-ақ азаматтар. Үлкен әкем Оспан Кiшкентаев 1907 жылы дүниеге келген. Өз бетiнше хат танып, кейiннен ауыл шаруашылық жағынан оқу бiтiрiп, бригадир болып жұмыс iстеген адам. 1942 жылы армияға алынып, соғыстан мүгедек болып оралды. Өмiрiнiң соңына дейiн колхозда қой фермасының меңгерушiсi болды. Бала-шаға, немере сүйдi.

26 тамыз 2010

Бiздiң 19 жастағы баламыз Дидар Әбдуалидың Алматыдағы банк колледжiнiң 2-курсында оқып жүрген кезiнде оң аяғының тiзесiнен төмен iсiк пайда болды. Оған республикалық онкология институты сүйек iсiгi деген диагноз қойды. Баламыз 2 рет химиялық терапия алған соң, облыстық аурухана оң аяғын тiзеден жоғары кестi. Операциядан кейiн 6 рет химиялық терапия алды. Дәрiгерлер тексерiп, 6 ай уақытқа химияны тоқтатты. Мiне, осы кезде балам кәдiмгiдей қунап қалды. Қуанышымызда шек болмады. “Барлық қиындық арт­та қалды” деп ойладық.

26 тамыз 2010

Құдаларымыз фермерлiк шаруашылықпен айналысқан соң, әрi өзiме кәсiп болсын деп малдарға жем жеткiзiп, сатып, кәсiпкерлiкпен айналысайын деп шештiм. 2007 жылдың желтоқсанынан бастап банктен анықтама арқылы несие алу үшiн таппаған пайданы таптым деп, әлеуметтiк, кәсiпкерлiк және тағы да сол сияқты салықтарды салық комитетiне төлеуге тура келдi. Ал Ақтөбенiң Халық банкi 2008 жылы сәуiр айында “облыс орталығы болмаса аудан орталығындағы үйлер кепiлдiкке жарамайды” деп қарап тұр.

26 тамыз 2010
Бiздiң әскер қатарында болғанымызға да жиырма жылдай болып қалыпты. Алайда сол күндердiң әрбiр қызықты сәттерi мен қиын күндерi әлi күнге дейiн көз алдымызда. Әр ұлттан құралған өрiмдей жастар Германия Демократиялық Республикасының (ГДР) Франкфурт қаласына түстiк. Үш күннiң iшiнде бәрiмiздi жан-жаққа тарата бастады. Бес жауынгер Веймар қаласындағы №47054 мотоатқыштар полкiнiң 3-батальонының 3-взводына түстiк. Үлгiлi тәртiбiмiз бен жауынгерлiк қыз­метi­мiздi жақсы атқарғанымыз үшiн алты айға жетпей сержант атағын алдық. Әскери мiнде­тiмiздi өтеген қаладан ФРГ мемлекетi 80 шақырым жерде болды. Ол кез аузын арандай аш­қан алып мемлекет­тердiң бiрiне-бiрi азу тiсiн ақситып тұрған шағы болатын
19 тамыз 2010

Бiздiң ауылда Қыбырай деген қу тiлдi кiсi болған екен. Әзiлкеш, ақкөңiл Қыбырайдың айтқыштығы әлi күнге дейiн ел аузында. Үлкен адамдардан естiгенiмдi оқырмандарға жолдап отырмын.

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»