Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
«Жас Алаш» газетiнде жарияланған «Хоум кредиттен» Нұрсұлтан Назарбаев та несие ала алмайды» деген тақырыптағы («Жас Алаш», №3, 12 қаңтар, 2010 жыл) мақаланы оқып отырып, туындаған кейбiр ойларымды ортаға салуды жөн көрдiм. Қазақстанда жыл өткен сайын қазақтiлдiлердiң саны артып келе жатқаны шындық. Әсiресе, кiсi аты-жөндерiне байланысты реформа өте қажет. Мәселен, менiң аты-жөнiмде орыс әлiпбиiнде жоқ «ә», «i» деген әрiптер бар. Ал осылар жеке құжаттарының барлығында «а», «и» болып жазылған. Түрлi мәселелерге қатысты мемлекеттiк мекемелер мен жеке кәсiпорындарда тиiстi қағаздарды толтыруға тура келгенде, олардағы қызметкерлердiң барлығы да: «Аты-жөнiңдi жеке куәлiгiңде қалай жазылса, дәл солай жазуың керек» деген қатаң талап қояды. Сол себептi, тiптi қазақша жазылған арыз, өтiнiш, келiсiмшарт, сенiмхат, түсiнiк хат, резюме сықылды құжаттарға аты-жөнiмдегi төл әлiпбиiмiздiң әлгi әрiптерiн орысшамен ауыстыруға ерiксiз мәжбүр болып жүрмiн..
Жалпы, елiмiздегi қостiлдiлiк саясаттың, соның iшiнде қосәлiпбилiктiң мемлекеттiк тiлдiң етегiнен аямай тартып тұрғаны жасырын емес. Сондықтан, бұл мәселенi тезiрек шешу керек деп есептеймiн. Ал оны шешудiң жолы оп-оңай. Мәселен, туыстас әзербайжан, өзбек, түркiмен ағайындар мұндай қолайсыздықтарды өз елдерiндегi барлық халықтарға ортақ та жалғыз жаңа латын әлiпбилерiн қабылдау арқылы бiржолата жойды. Егер мен өз аты-жөнiмдi аталған мемлекеттердiң қолданысындағы әлiпбилерi негiзiнде жазсам, ол – Dauletbaev Abdisaly болады. Бұл қазақ тiлiн бұрмаламай, таза жазуға және барлық халықтарға ұлтымыздың шынайы аты-жөндерiн анық жеткiзуге өте ыңғайлы әлiпби екенi өз-өзiнен көрiнiп тұр.
Ал бiз болсақ, әлi де сол баяғы кириллица жетегiнде ерiп келемiз. Әсiресе, шет тiлдерден енетiн сөздер мен терминдердi орыстар өз тiлдерi мен әлiпбилерiне ыңғайластырып қалай қабылдаса, бiзде де еш талғамай-ақ дәл солай атау және жазу ежелден қалыптасып қалған. Бiр ғана мысал: «Panasonic» деген атауды орыстар «Панасоник» дейдi. Дұрысы, ол «Панасоник» емес, «Пәнәсөнiк» болуы керек. Жапон да, ағылшын да, француз да, бәрi-бәрi дәл осылай атайды. Тiптi, орыстар АҚШ-тың жаңа президентiнiң есiмiн «Барака» десе, бiз де оны осылай атап, шулап жүрмiз. Әсiлi оның есiмi «Барака» емес, кәдiмгi қазақшаға ұқсас «Барақ» екенiн сауатты кiсi бiрден аңғарады. Бұл айтылғандар мыңдаған шетелдiк терминдер мен сөздерге де тiкелей қатысты.
Мақалада сөз етiлген банк филиалындағы оқиға осындай шәлкестiктерден туындап отырғанына дау жоқ. Сондықтан, бұл мәселеге Ата заңымыздағы «ресми тiл» туралы бапты тезiрек алып тастап, Қазақстандағы барлық халықтарға ортақ та жалғыз қазақша латын әлiпбиiне өту және мемлекеттiк тiлге барынша басымдылық беру арқылы ғана түпкiлiктi нүкте қоюға болады деп санаймын.
әй сендердің осыларын дұрыс, шынында оны Барақ деп атаған сай көрінеді.
Барақ | 8 ақпан 2010 20:36
Әбідсали мырза тегіізді өзгертіп қазақша жаздырып алыңыз...куәлік ауыстыру қиын емес қой...сонда құжат бойынша деп талап етесіз.....айтқаныңыз дұрыс...бірақ өзіңізден бастамайсыз ба