1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15867) 5 желтоқсан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 желтоқсан 2013
Мемлекеттiк қызметтiң саудасы қызып тұр

Елiмiзде жоғары оқу орнын бiтiргенiмен, екi қолына бiр күрек таппай сандалған жұмыссыз жастардың саны азаяр емес. Мамандығы бойынша еңбек жолын бастау ниетiмен мемлекеттiк мекемеге бас сұқса, әкесiнiң құнын сұрап басшысы отырады бетiн қайтарып. ҰБТ-дан бағы жанбай, төрт жыл ақылы бөлiмде оқып, ата-анасының қалтасын жұқартқан ұл-қыз ендiгiсiн ар тұтып, қала асып, қара жұмысқа жегiлуден басқа амалы қалмайды, әрине. Ал “ставкасы” жоғары лауазымды қызмет қашанда бай-бақуаттылардың балаларына бұйырған.

Қазiр еден жуушыдан елбасыға дейiнгi әрбiр мемлекеттiк қызмет ашықтан-ашық саудаланып жатыр. Өтiң жарылып кетсе де жұ­мыс орныңды сақтандыруың шарт, яғни пара беруiң керек. Әулетi мен дәулетiне сенгендер ди­ректор да, әкiм де болып жатыр, бiлiмi жет­се де, жетпесе де. Ал тақтан түсiп қалған жағдайда аттан түспей келесi таққа жайғасатыны тағы бар. Осы ретте Қыдыр атаның қолын алып “ғұмыр бойы тақтан түспейсiң” деген кепiлдiк батасын алған ба деген ойда қаласың. Астанадан бөлiнген қаржыны игермесе де, жүктелген жұмысты алып бара алмаса да ескерту алып жүре беретiн шiренген шенеунiктер орынтақтарын қаншамен сақтандырғанын бiлмедiк. Есесiне оңтүстiкте мемлекеттiк қызметке орналасу құнын бес жасар балаға дейiн бiледi. Әсiресе, Мақтаарал      сияқты шалғай аудандарда мем­лекеттiк қызметтiң саудасы қызып тұр. Төменгi сатыны ғана айтып өтейiн, еден жуушы – 50 мың, балабақша тәр­бие­шiсi – 200 мың, мектеп мұ­ғалiмi – 450 мыңмен жұмыс орнын сақтандырып жатыр.
Пара алған басшы қоластындағы жұмысшыға талап қоя бiледi дегенге сену қиын. Ақша берiп жұмысты болған дәрiгер аурудан, мұғалiм оқушыдан, МАИ қызметкерi жүргiзушiден бiр­деңе алғысы келiп тұрады.
Шынын айтқанда, бiздiң мемлекеттiк қызметкерлердiң мемлекетке қызмет етiп жүрген­дерi шамалы. 
 “Нұр Отан” партиясы түзген “Жемқорлықпен күрес” бағдарламасы “ұсталмаған ұры емес” деп жүргендерге тоқтау болар деген ойдамыз. Себебi мемле­кеттiк қызметте жүргендердiң 80 пайызы “нұротандықтар” ғой.
Нұрлан ТОБАҒАБЫЛ,
Жетiсай қаласы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті