1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15867) 5 желтоқсан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 желтоқсан 2013
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы

“Жас Алаштан” “Көктемiр деген кiм?” (№93, 21 қараша, 2013 ж.) деген мақаланы оқып, мен де сiздерге Қойсана апамыз туралы кiшiгiрiм мақала жiберiп отырмын.
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Ол кiсi Кенесары ханның серiгi, орыс басқыншыларына қарсы соғысқан әйгiлi қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады. Ер Ағыбайға екiқабат кезiнде елiнiң жылқыларын түн жамылып барымташылар келiп ұрлап кетедi. Мiне, сол кезде ержүрек әйел барымташыларды соңынан қуа жөнеледi. Ақыры қуып жетiп, бәрiн аттан түсiрiп байлап ауылына әкелген.

Ауылға келген соң қарақшылардың басшысы былай дептi: “Бiздi аттан түсiрген әйелдiң күшi емес, оның iшiндегi баласының күшi”. Көп уақыт өтпей Қойсана Ағыбай батырды туыпты. “Алып анадан туады” дегенде халқымыз алыптардың анасы да тегiн адам болмайды дегендi меңзесе керек.
Айтолқын МЕДЕТОВА,
Қарағанды облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті