25 ақпан 2010
Үш айдай уақыт өттi...
Қазақстанның Мемлекеттiк хатшысы әрi Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев: «Жақында 24 сағат бойы тек қазақша көрсететiн жаңа үш телеарна ашылады», – деп едi. Мiне, одан берi үш айдай уақыт өттi. Саудабаевтың айтқаны орындалды ма? Жоқ. «Қазақстан», «Хабар», «Ел арнаны» ашсаң, шетелдiң атыс-шабыс киноларын күнiне екi реттен көрсетедi. Көп киноның жартысынан көбi жарнамамен өтетiнi тағы бар. Мән-мағынасы, жастарға деген үлгi-тәрбиесi жоқ кинолар. Оның орнына «Тамаша» ойын-сауық отауын, «Бауыржан» шоуды жетiсiне бiр рет телеарналардан көрсетiп тұрса, ол да жақсы болар едi...
Әлқуат ОРАШҰЛЫ,
Шиелi кентi,
Қызылорда облысы.





Уәж айту