1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15435) 8 қазан, бейсенбі 2009
оқырман хаттарын екшейтін Салима ЫСҚАҚОВА
8 қазан 2009
Жақсыдан шарапат

Гүлбаһрам Мыңжанова апайдың бүлдiршiн шағы II дүниежүзiлiк соғыспен тұспа-тұс келiптi. Жастығына қарамай, пошта тасуға көмектесiптi. Кейiн еңбек жолын   сол поштада қызмет етуден бастаған. 1971 жылы Қайнар ауылына көшiп келiптi. Мұнда да таңның атысынан күннiң батысына дейiн совхоздың жұмысынан қол үзбептi. Мiне, қазiр Гүлбаһрам апайдың зейнеткерлiкке шыққанына он бес жылдан асты. Дегенмен, кiшкентайынан тынбай жұмыс iстеп үйренiп қал­ған адам үйде тыныш отыра алсын ба? Бәрiне араласып, құраласып жүргенi. Құдайға тәуба, жоғарғы бiлiм алған балалары өз алдына бiр-бiр үй. Олар бүгiн аналарына еңбектерiнiң жемiсiн жегiзуде. Тұңғыш ұлы Бақытбек – тәртiп сақшысы, ол кiсiнiң өзi де зейнетке шыққанына қара­мас­тан еңбек етудi әлi күнге дейiн жалғастыруда. Мараты – мал дәрi­герi, қыздары – Алма, Свет­лана, Гүлзейнет әр­түр­лi мекемелерде есеп­шi   қызметiн атқарады.

Қайнар ауылында мәдениет ошақтары жоқ. Бiрақ, бiр қуанарлығы, жастар мешiтке барады, үлкендердiң сөзiне құлақ асады. Ауыл әкiмi де ауыл ақсақалдарымен ақылдасып отырады. Ақсақалдар алқасының шешiмiмен Гүлбаһрам апай Қайнар ауылдық округiнiң   құрметтi азаматы атағына да ие болды. Ауыл арасындағы кейбiр дау-дамайды шешуге де ақсақалдар үлкен үлесiн қосады. Мысалы, ауылда қолында немересiн бағып отырған Валентина Сергеевна деген әжей кенеттен қаза тауыпты. Немересi 14 жаста ғана екен, туған анасы оны кезiнде тастап кеткен. “Сол бала далада қалмасын” деп ақсақалдар алқасы шешiм шығарып, жасы кәмелетке жетпеген балаға әжесiнiң үйiн заңдастырып берiптi. Қасына оған қарайтын адамды қосыпты. Ақсақалдар алқасының белсендi мүшесi ретiнде бұған Гүлбаһрам апайымыз да көп үлес қосты.
Әл-ауқаты нашар отбасыларына көмек ретiнде әкiмияттан ұн, көмiр бөлiнген де ақсақалдар алқасы қадағалап отырады. Олардың тiзiмiн бекiтетiн де ақсақалдар алқасы. Көптеген мерекелердiң басы-қасында жүретiн де – ақсақалдар алқасы.
Мiне, қоғамға қолынан келгенше үлес қосып келе жат­қан Қайнар ауылының ақсақалдар алқасы осындай игiлiктi iстер тындырып жүр.  
Нұрғайша ЖАЗЫЛТАЕВА,
Қайнар ауылы,
Талғар ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті