1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16050) 10 қыркүйек, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
10 қыркүйек 2015
Нағыз iрi тұлғалар өте қарапайым келедi

Жақында Корея Республикасының бұрынғы президентi   Ли Мен Бактың естелiк­терiн оқып шығып, керемет әсер алдым (Ли Мен Бак. “Өмiрде ғажайып нәрсе өз-өзiнен бола салмайды”, Алматы, 2012 жыл). Бала кезiнен кедейшiлiктiң ащы дәмiн татып, өзiнiң еңбекқорлығымен, табандылығымен жоғары бiлiм алып, iрi компанияларды бас­қар­ған болашақ Корея президентi сексенiншi жылдары “Хюндай” компаниясының құрылыс бөлiмiнiң басшысы ретiнде Малайзияда көпiр салу жұмысына жетекшiлiк етедi.

Көпiрдiң ашылу салтанатына Малайзия премьер-министрi қатысатын болғандықтан, кәрiс жұмысшылары ел басшысына құрмет көрсетiп, оған арнап ыстық күннен көлеңкелейтiн жайлы шатыр орнатады. Сол кезде құрылысқа келген Малайзия премьер-министрiнiң хатшысы шатырды көрiп: “Не ашылу салтанатына қатысатын 5000 адамға да шатыр жасаңыз, немесе шатырды премьер-министр тұратын жерден алып тастаңыз. Халық күннiң астында шыжып отырғанда премьердiң жалғыз өзiнiң шатырдың астында көлеңкеде отыруына болмайды”, – дейдi. Кәрiс компаниясы амалсыз малайзиялық құрылыс кәсiпорындарының жұмысшыларын жалдап, бiр тәу­лiк iшiнде көлемi 6600 шаршы метр жиналған халық отыратын шатыр жасап шығады. Малай­зия­­лықтардың шенге бас ұрмайтын еркiн рухы, ел басшыларының қарапайымдылығы демократия қағидаларын жасынан бойына сiңiрiп өскен Ли Мен Бактың өзiн, өз сөзiмен айтқанда, “есi­нен тандырады”. 
Жалпы, адам табиғатының бұлжымайтын өз заңдылығы бар: нағыз iрi, ұлы тұлғалар қарапайым және саф алтындай салмақты келедi. “Қазақстан” телеарнасынан 5 қыркүйекте (2015 жыл) көрсетiлген Халық қаһарманы, ғарышкер Тоқтар Әубәкiровпен өткен сенбiлiк кездесу осындай ойға жетеледi. Осы хабарда бiр назар аударғаным, ең жоғары марапатқа да, мадаққа да лайық қазақ халқының сүйiктi ұлы өзi туралы көп сөйлемей, әңгiме барысында негiзiнен, өз өмiр жолында кездескен есiмi қалың елге бел­гiлi азаматтардың жақсы қа­сиеттерiн сөз еттi. Мұндай iзет­тiлiк те кешегi өткен Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы, Шәмшi Қалдаяқов, Талғат Бигелдинов, Мұқағали Мақатаев, Герольд Бельгер сияқты тұлғаларға тән iрiлiктiң, тектiлiктiң белгiсi! Олардың ешқайсысы да халыққа сiңiрген еңбегiн, қоғам үшiн төккен терiн әңгiме етiп мақтанған емес.
Алайда ертеңгi елге қорған болар азаматтар асқақ тұлға­лар­ға қарап өсетiнiн ескерсек, ұлт мақтанышына айналған ер­лердi лайықты бағалай алмай отырмыз-ау деген ой мазалайды. Қазiргi жастар қазақ батырлары мен дарындарының өмiр жолынан да, елiмiзге топырлап келiп даңғырлап кететiн, тойқұмар жұрттың қалтасын қағатын Ресей әншiлерiнiң даңғаза әуендерiне әуес.
Тәуелсiздiк алғанымызға 25 жылға жуық уақыт өтсе де көп ретте кеңес дәуiрiнен қалған сүрлеумен келе жатқанымыз да шындық. Алғашқы кеңес ғарыш­керi ұшқан 12 сәуiр Қазақстанда атаусыз қалып жатқан жоқ. Сөз жоқ, бұл – адамзат тарихындағы айтулы оқиға. Дегенмен тәуелсiз елiмiздiң алдымен өз батырларымызды ардақтап, Тоқтар Әубәкiров ғарышқа көтерiлген 2 қазанды Қазақ ғарышкерлерiнiң күнi деп жыл сайын мерекелегенi дұрыс болмас па едi?!.
Марат ОМАРҰЛЫ,
Қызылжар қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті