1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16050) 10 қыркүйек, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
10 қыркүйек 2015
Әр iстi ақша бұзар килiккенде

Оқырман шығармашылығынан

“Бай жақсы батырдан да, билiктен де,
Әр iстi ақша бұзар килiккенде”.
Деген екен бұрынғы бабаларым,
Ол кезде де осылай сый күткен бе?
 
Ал қазiр ешкiм дағы пысқырмайды,
Заңдарыңды еш жерге қыстырмайды.
Бет көрсе жүз ұялған заман өткен,
Он теңге алмай титтей де iс қылмайды.
 
Жаба тоқу жауырды қанға сiңген қасиет,
Шын мәнiнде бұл ендi елге түскен қасiрет.
Уа, Алла! Санасын дүние жаулап,уланған,
Арсыздарға ұят пен нысап нәсiп ет!
 
 
ТҮЗУ ЖОЛҒА САЛА КӨР
Түлкi болған ыңғайлап заманына,
Разы өздерi осы бiр амалына.
Арам дүние ешқашан көгертпейдi,
Не жетсiн жеген нанның адалына.
 
Әркiмнiң өзiндiк бар түсiнiгi,
Соған орай болады кiсiлiгi.
Жасы үлкенге желкесiн күдiрейтер,
Еске алмастан өзiнiң кiшiлiгiн.
 
Қазiр жоқ қасиеттер бұрынғыдай,
Харам жеуден басқа жоқ ұғымында.
Болашақты бағамдау қорқынышты,
Түзу жолға сала көр, өзiң Құдай.
 
АДАЛДЫҚ
Арын таза ұстаған шетқақпай боп жүредi,
Жайлы орынға жайғасар артында бар тiрегi.
Егер көкең болмаса, ақша керек көбiрек,
Бұл жасырын нәрсе емес, жұрттың
 бәрi бiледi.
 
Алшысынан түсiп тұр алаяқтың асығы,
Iлгерiге үмiтпен қараған жөн асылы.
Адам адам болғалы ешнәрсе жоқ баянды,
Келедi әлi, иншалла, адалдықтың ғасыры.
Сапархан Бекпейiсов,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті