1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 қаңтар 2017
Үмiт әлсiреп, күдiк күшейiп барады

2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi тұрғындардың денсаулығына тиетiн экологиялық зардаптарды ғылыми тұрғыда зерттеу туралы шешiм шығарып, экологияның әсерiнен болатын зардаптарға талдау жасау үшiн мамандарды аймақтарға аттандырған едi. Мiне, осы тапсырма бойынша олар ең алдымен Созақ ауданында болып, жергiлiктi тұрғындардың денсаулығын жан-жақты тексеруден өткiздi. Бұдан кейiн олар тексеру жұмыстарының нәтижесiн тиiстi орындарға мәлiмдеп, зиянды зардаптардың алдын алуға байланысты кешендi iс-шаралар жоспарлап, аудан халқын емдеудiң жаңа тәсiлдерiн қолға алу керек болатын. Сонымен бiрге тексеру басталғаннан кейiн үш жылдың iшiнде талдаудың нақты қорытындысын ресми түрде жариялауға тиiс едi.
Одан берi де бес жылдың жүзi өттi, бiрақ тексеру жүргiзген мамандар жұмған ауыздарын ашпай, үн-түнсiз жатыр. Олардың бұл үнсiздiгi уранның уын жұтып жатқан аудан халқының үмiтiн әлсiретiп, күмәнiн одан сайын күшейте түсуде. Бүгiн болмаса, ертең жарияланып қалар деп баспасөз беттерiн үмiтпен шолып жүрген менiң де сабырымды күдiк жеңiп барады... Министрлiктiң бұл тапсырмасы не себептi аяқсыз қалды екен?
 

Байдiлдә АЙДАРБЕК,
Созақ ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті