1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 қаңтар 2017
Тiлдiң шұбарланғаны – бүлiне бастағаны

Бұрындары баспасөз беттерiнде арагiдiк болса да филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигi Рабиға Сыздықова апайымыз бен белгiлi жазушы Шерхан Мұртаза терминология мен ономастикаға байланысты кейбiр орын алып жатқан олқылықтар жөнiнде өз пiкiрлерi мен көзқарастарын айтып отыратын. Қазiр дәл сондай белсендiлiк танытып жатқандардың қатары жоқтың қасы. Тек оқтын-оқтын ғана санаулы тiл жанашырлары бой көрсетiп, құнды-құнды пiкiрлерiмен көрiнiп қалып жатады. Ал нағыз тiл ғылымдарының мамандары болса “сен тимесең, мен тименiң” бодауында кетiп, өздерiн тасада ұстауда.
Сондықтан да болар, тiлге, сөзге бай қазақ бола тұра сөзiмiздiң соңына әйтеуiр бiр нәрсенi жамап, жасқамасақ жүре алмайтын болдық. Соның салдарынан шетелдiң небiр терминдерi қазақтың көркем сөздерiн басып озды. Телеарналарымыздағы шетелдiк тiркемелер көбейiп кеттi.
Мысалы, “маңдайалды”, “озық үлгiдегi” және “айтулы” деген сөздерiмiздi белiнен бiр сызып, орнына “бренд” дегендi шегелеп қойдық. Бұл сөздi ендiгi қолданыстан шығару қиын-ау. Себебi, үлкенi де, кiшiсi де, телеарналар да, баспасөз беттерi де осылай сайрауда.
“Құлақтан кiрiп бойды алар, әсем ән мен тәттi күй” деген аталы сөз бар. Осындағы “әсем ән”, “тәттi күй” деген сөзден артық қандай әсерлi сөз болуға тиiс. Егер айтылар ән әсем болмаса, тартылар күйiңiз соншалықты бiр тәттi шықпаса, сiздiң құлақтан кiрiп, бойыңызды балқытуы мүмкiн емес. Бiрақ қазiр осы “әсем” деген сөзiмiздi “хит” деген сөз жығып тастағандай. Өкiнiштiсi де осы. Халықты тәрбиелейтiн телеарналар мен баспасөздердiң осы бiр түрпiдей тиетiн сүреңсiз сөздi жиi қолдануы одан да өкiнiштi. Оған қоса сол “хит” әндi орындайтын топтардың атаулары да шетелше.
Бұл тек бiрдi-екiлi мысал ғана. Осы уақытқа дейiн қазақтың тiл қолданысында емес, тiптi ой-санасына кiрiп шықпаған сөздер бүгiндерi жетерлiк (кастинг, КазNEWS, хит-ән, флеш-моб, бенефис деп кете бередi).
Өркениеттiлiк жақсы, әрине, бiрақ оған өз тiлiмiздi құрбан етiп бармауымыз керек шығар. Керiсiнше, сол өркениеттiлiкке өз тiлiмiзге деген жанашырлық таныту арқылы, өз салт-дәстүрлерiмiздi жан-жақты, мәдениеттi түрде дамыта отырып жеткенiмiз дұрыс қой.
Мағынасыз жарнамаларды тiлiмiзге жапсыра бергендi тоқтатпасақ, тiлiмiз шұбарланып, небiр асыл сөздерiмiздi жоғалтып алуымыз әбден мүмкiн.
 

Серiкбай ТҰРЖАН,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесi,
Бәйдiбек ауданының “Құрметтi азаматы”

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті