1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 қаңтар 2017
Қарттың зары

Жұдырықтай жүрегiме шөккен мұң,
Ғұмырымда жақсы, жаманды өткердiм.
Шың, құзы бар арнасында өмiрдiң,
Шұбырынды, шұбар ала топ көрдiм.

Үзiлердей жұқарған жүйке бiр күн,
Әуенi жоқ шер толы күй-көңiлдiң.
Тiлiм шұбар, иесiз жерiм жетiм,
Жанды жеуде қорлығы мына өмiрдiң.

Жемқорлары қаптаған залым заман,
Ашкөздерге тойым жоқ, халiм жаман.
Түрмеде отыр Макс, Талғат, балаларым,
Жiгерлерi құм болып жалындаған...

Шылауында жүр осы кiмдер кiмнiң?
Жынды адамдай мең-зең бiр күйде жүрмiн.
Жағымпаздар жайлаған бұл қоғамда,
Шынымды айтсам, келмейдi өмiр сүргiм.

Болжай алмай ертеңiм не боларын,
Шырмауында отырам сан ойлардың.
Жаным менiң жай таппай шырқырайды,
Жайын ойлап тiлiмнiң болашағын.

Шындықты айтсаң, жалтақтар таласады,
Мазалайды жас ұрпақ болашағы.
Шындық өшiп, өтiрiк өрге басса,
Тарихынан ұрпақтар адасады...

Сондықтан да мұңдылау жырым бүгiн,
Ұғынады жанымды, сырымды кiм?!
Ел тағдырын ойлаумен жараланып,
Қансыраған жүрегiм тiлiм-тiлiм.

Сол жүректен кетпейiн арманда боп,
Өшпейдi алаулаған ойдағы от.
Өшiрем деп үнiмдi, атсаңдар да,
Сендер iшер қан менде қалған да жоқ...

Болат ШАЙМАНҰЛЫ,
журналистика ардагерi,
Алматы қаласы
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті