1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 қаңтар 2017
Қонақтарды жақсы күткен студенттердiң еңбегi елеусiз қалмайды

Алда болатын қысқы универсиада кезiнде ерiктiлерге үлкен сенiм артылып отыр. Жалпы әлемдiк спорт сайыстарының тәжiрибесiнде “ерiктiлер тобының” жарысқа қаншалықты үлес қосатындығы әлi толық жазылып та, айтылып та жүрген жоқ. Олимпиада, универсиада сияқты халықаралық iс-шаралар кезiнде қаншама шетелдiк қонақтар мен спортшылар бейтаныс елге келедi. Сол қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, баратын жерiне жол сiлтеу – “ерiктiлердiң” басты мiндетi. Универсиада кезiнде де ерiктiлердiң атқаратын жұмыстарының iшiндегi негiзгiлерi – халықтың спорт сарайына кiрiп-шығуын бақылау, медициналық көмек көрсету, көрермендермен жұмыс жүргiзу, мәдени iс-шаралар кезiнде қонақтарды жайғастыру, тiркеу, қауiпсiздiктерiн бақылау, бас ақпараттық орталықта т.б жұмыс орындарында қызмет көрсету.
Жуырда бiздiң елде де 28-қысқы Универсидаға ерiктiлердi iрiктеп алу байқауы мәресiне жеттi. Ерiктiлерге қойылған негiзгi талап – ағылшын тiлiн жетiк бiлуi. Елiмiздiң әр аймағынан ерiктiлер тобына қосылу үшiн өтiнiш бiлдiргендердiң саны 14 мыңнан асты. Оның 9303-i – Алматы қаласынан. Бiр қызығы, ерiктiлер қатарына қосылу үшiн өтiнiш бiлдiргендер арасында алпысты алқымдап, жетпiске аяқ басқандар да болды. Соңында комиссия мүшелерi ниет бiлдiргендердiң арасынан 3000 адамды iрiктеп алды. Сонымен қатар, елiмiзде өтетiн универсиада барысында ерiктi атанғысы келген шетелдiң жастарынан да өтiнiш өте көп түсiптi. Солардың iшiнде ерекше белсендiлiк танытқан ресейлiк жастардан – 3594 өтiнiш түсiптi. Алыс-жақын елдер қатарынан Италия, Канада, АҚШ, Қытай, Ливан,Ұлыбритания, Гонконг, Украина, Молдавия және Өзбекстан азаматтары Алматыдағы аламанда ерiктi атануға өтiнiш жолдапты. Бұдан бөлек, ерiктiлердi осы байрақты жарысқа тарту мақсатында 15 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық келiсiмдер жасалған. Және ерiктiлердiң жұмысын қадағалап, бағыт-бағдар беретiн, олармен дайындық дәрiстерiн өткiзетiн 150 адам iрiктелген. Қазiр ерiктiлердiң жұмысы қызу жүрiп жатыр. Көптеген iс-шараларға белсене араласып, алдағы сынға тәжiрибе жинауда. Қонақтар қала тарихы мен көрнектi жерлер туралы сұрақтар қойғанда, жауап бере алмай жатса, бұл – ерiктiлерге үлкен сын. Сондықтан ерiктiлердi iрiктеу кезiнде олардың бiлiм деңгейiне де көп көңiл бөлiндi.
Ел абыройын төмендетпей, универсиада кезiнде жоғары деңгейде қызмет көрсеткен студенттердiң еңбектерi елеусiз қалмайды. Оларға өздерi оқып жатқан оқу орындарынан мақтау грамоталары берiлiп, оқуында жеңiлдiктер қарастырылады. Сондықтан да “Жас келсе – iске” демекшi, дүбiрi жақындап келе жатқан универсиада ойындары кезiнде қазақы қонақжайлықты асқан шеберлiкпен көрсетуге жан-жақты дайындықтарын пысықтап жатқан жастарымыздың iстерiне табыс тiлеймiз.
 

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті