1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 қаңтар 2017
Жаңа Жыл және Қадiр түнi

Жаңа жыл қарсаңында әдеттегiдей жұмыстан кейiн аялдамада тұрып, анасы мен қызының арасындағы әңгiмеге ерiксiз куә болдым. Жасы 25-30 шамасындағы қазақтың әдемiше келген келiншегi қызына жаңа жыл түнiнiң кереметтiгiн, ол түнi көктегi перизат (фея) жерге түсiп, үйiндегi шыршаның түбiне сыйлық қалдырып кететiнiн әдемiлеп айтып жатыр екен. Кiшкентай қызы анасына қарай мойнын созып, қуанып, күлiмдеп тыңдап тұр. Кiшкентай перiштенiң анасы айтқан ертегiге сенiп, қуанып тұрғаны менiң жанымды құлазытты. “Бәлкiм, анасы да әлi күнге осы ертегiге сенетiн болар” деген ой келдi.
Иә, бала кезiмiзде Аяз ата мен Ақшақарға сенiп өстiк. Мектепте болатын жаңа жылдық шырша, 31 желтоқсанда жайнап кететiн көл-көсiр дастарқан, сыйлықтар, жап-жаңа киiм, түнгi он екiде көк аспанда көмкере атылатын сан алуан отшашу... Барлығын асыға күтетiн едiк. Жаңа жыл түнiндегi жүрек лүпiлi де, үкiлi үмiт те өзгеше, бөлек болатын. Бөлек болмай қайтсiн, желтоқсан басталмастан батыстың Санта-Клаус туралы түрлi фильмдерi ертегiлер елiне елiтiп, барлық жер бiр-бiрiнен қалмай жаңа жылды жарнамалап, қызыл-жасыл етiп, сәндеп қояды ғой. Базарларда халықтың ығы-жығы болып сауда жасап жататыны тағы бар. Мерекелiк көтерiңкi көңiл-күй барлық жерден сезiледi. 31-i күнi бар кiр-қоңды жуып, үй-iшiн тазалап, қарыз-құрыздан құтылып, барынша жақсы дайындалатын едiк. “Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай өтесiң” деген сөзге кәдiмгiдей иланатынбыз.
Кейiн исламға бет бұрып, шариғаттың шарттарын ұға бастағалы мен үшiн жаңа жылдың мәнiнен де, сәнiнен де дым қалмады.
Мұсылмандықты толықтай қабылдап, тұрмыс құрған соң, жаңа жыл түнiнiң орнын Қадiр түнi басты. Қадiр сүресiн оқығанда бойым шымырлап кеткенi әлi есiмде. Адамның бiр түндегi құлшылығы 83 жылдық ғибадатқа тең. Дәл сол түнi жерде береке орнап, көктен ағылар перiштелер ұсақ тастардан да көп болады екен. Қадiр түнiне ынта-ықыласпен дайындалып, дастарқан жайып, таза, әдемi киiнiп, бiр-бiрiне сыйлық сыйлап, қонақ шақырып, олармен бiрге құлшылықпен өткiзсең, шынымен де, тағдырың қайта қаралып, Алла Тағаланың саған рақымы түсiп, Хақтың ризалығына бөленедi екенсiң. Осылардың барлығын бiлгеннен кейiн санамда өзгеше сәуле пайда болды.
Әлбетте, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнi – күнтiзбе жаңарып, жаңа жылға аяқ басамыз. Келер жылға үмiтпен қараймыз. Күнтiзбенiң жаңаратын күнi деп бiлемiз. Бiрақ аялдамада тұрған әйелдiң қызына айтқанындай, өтiрiкке иек артудың не керегi бар? Сыйлығымызды жасасақ жасайық, бiрақ жас сәбилердi ойдан шыққан перизат пен Санта-Клаусқа иландырмай-ақ қойсақ болады ғой.
 

Арайлым ҚАЙЫП,
Ақтөбе қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті