1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
Ауылдың «көркейiп жатқанын» теледидардан ғана естимiз...

1980 жылдары қорасы да, өрiсi де мыңғырған малға толы болған ауылдық жерлердiң халқы бүгiндерi өлместiң күнiн көрiп отыр. Шындық осы! Теледидардан әр күнi дерлiк айтылатын “ауылдық жерлердiң көркейiп, экономикасы жақсарып келедi” деген пiкiр мүлдем шындыққа жанаспайды. Дәлел ретiнде Қасым ауылын (Қарқаралы ауданы) алып қараңыз. Қазiр ауыл халқының жартысынан көбi байшыкештердiң қол астында жұмыс iстейдi. Ал олар болса, қарапайым халықты ретi келсе, еңбекақысын бермей, қаңғытып жiберуге дайын отыр. Ауылдық жерлерде жұмыс жоқ болғандықтан, жастардың барлығы қалаға кетiп қалған.
Жазда жолдың тесiк-шұңқырын жөндеуге халық ақша жинап, кiрiскен де болатын. Сол кезде Жақыпов Жаннұр есiмдi кәсiпкер азамат, өзi басқа ауылдан болса да, қаржылай қолдау көрсеттi. Қыс басталардан бұрын ауыл мешiтiне Омаров Мейрам есiмдi Қарағанды облысының тұрғыны он тонна көмiр түсiрiп бердi. Ауылымыз үшiн осындай игi iстер атқарған азаматтарға ауыл тұрғындарының да алғысы шексiз.
Ендi мiне, қыстың ортасы болды, бiрақ қазанның он бесiнен бастап жауған қардан жол әлi күнге тазаланған жоқ. Ол қардың үстiне желтоқсанның қары жамалып, жолдың сорабы күртiк қардан көрiнбей қалды. Әкiмдiктегiлер қыстың ауыр болатынын ескертуiн ескерттi. Бiрақ халықтың қаржылық жағдайы нашар болғандықтан, қысқа отын, көмiр түсiрiп үлгере алмаған отбасылар да аз емес. Қысқа дайындық ретiнде алдын ала азық-түлiкпен қам жасайтын жұрт биыл оған да толық қамдана алмады. Тазаланбаған жолдың кесiрiнен ауырған адамдардың ауруханаға жетуi де қиынға соғып тұр.
Осы уақытқа дейiн ауыл тұрғындары әкiмдiктiң табалдырығын тоздырып бiттi. Әкiмдiктегiлер тұрғындар үшiн қолдарынан келгендерiн iстеуге тырысып-ақ бағуда, бiрақ қажет техниканың жоқтығынан олардың да жағдайы мәз емес.
Осы мәселелердi алға тарта отырып, ауылымыздың жағдайын жақсарту мақсатында үкiметтен көмек күтемiз. Ауыл тұрғындары бұрынғыдай жұмыспен түгел қамтамасыз етiлсе, ауылымыз қайтадан бұрынғы қалпына келер ме едi, қайтер едi...
Сәбит ТОҒАМБЕКОВ,
Қасым ауылы,
Қарқаралы ауданы,
Қарағанды облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті