1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
«Қонаев бекетi» деп өзгертейiк

Бұрын Өзбекстан мен Қазақстан темiржолының шектесер тұсы, яғни шегарасы Шеңгелдi бекетi болатын. Бүгiндерi қазақ темiржолы 55 шақырымға ұзарып, екi ел арасындағы темiржол шегарасы Сарыағаш бекетi болды. Шеңгелдi бекетiнiң Сарыағаш секiлдi iрi бекетпен орын ауыстырғаны – әрине, қуанарлық жағдай. Осындай өзгерiс болған күннен бастап Сарыағаш бекетiне темiржолдың өркендеуiне ерекше үлес қосқан Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың есiмiн беру туралы ұсынып жасап келемiз. Бiрақ әлi күнге дейiн бiздiң ұсынысымызға тиiстi орындар тарапынан жауап қайтарылған жоқ. Биыл, яғни 2017 жылы Д.А.Қонаев атамыздың 105 жылдығы. Мұндай атаулы күнге үкiметiмiз мән берiп, тиiстi деңгейде атап өтетiнiне өз басым кәмiл сенiмдiмiн де. Ендiгi айтпағым, осы мерейтойға Қазақстанның Өзбекстанмен шектескен Сарыағаш бекетiн “Қонаев бекетi” десек, қандай жарасымды болар едi.
Тәуекел ӘБIЛБЕКОВ, құрметтi темiржолшы.
Арыс қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті