1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
Қайда кетiп барамыз?

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары баршамыз байлыққа кенелiп қалатындай көрiнген-дi. Ендi қарап отырсам, байлыққа кенелмек түгiлi, барымыздан айырылып қалған тәрiздiмiз. Кезiнде жақсы дамыған мақта шаруашылығын бүгiндерi ұқсата алып отырмыз ба? Жоқ! Мұнайдың үстiнде тұрып, жанар-жағармайды Ресейден сатып аламыз. Кезiнде Алматыдағы АХБК он мыңнан астам жастарды жұмыспен қамтыған едi. Қазiр ол да жоқ. Айта берсек, жоғалтқан нәрсемiз жетерлiк.
Бiрақ бәрiнен де елiмiздегi Ғылым Академиясын таратып тастағанымыз маған маза бермейдi. Қазiр iрi-iрi өндiрiс орындарының жартысынан астамы – шетелдiктердiң қолында. Жастар алған бiлiмдерiн, ашқан жаңалықтарын, жасаған технологияларын iске асыратын, өзiмiзге тиесiлi қандай өндiрiс орындары қалды? Қазақ жастары алған бiлiмдерiн қашанғы шетел кәсiпкерлерiнiң компанияларында iске асыруы керек? Осы ұстанған саяси бағытымыз қаншалықты дұрыс? Келешек ұрпаққа не мұра қалдырамыз? Бұл жөнiнде ешкiм де нақты жауап айта алмайды.
Айбек ЖИЕНБЕТ,
Ақши селосы,
Iле ауданы,
Алматы облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті