1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
Балалардың тiл байлығы өте жұтаң

Тәуелсiз ел болғанымызға 25 жыл толғанда, қазақ тiлiн сүмiрейтiп, “үштiлдiлiк” деген бәленi ойлап таптық. КСРО-ның кезiнде ұл-қызымыз орысша сөйлесе дедiк. Себебi талап солай болды. Соған мәжбүрледi. Ал бүгiн тәуелсiз ел болып отырсақ та, ана тiлiмiзге лайықты түрде көңiл бөле алмай отырмыз. Менiң ойымша, ағылшын тiлiне әлемдегi көп тiлдердiң бiрi деп қарауымыз керек. Оны асқақтатып, мiндеттi түрде оқисың деудiң қажетi жоқ. Үйренем деген адам өзi үшiн үйренсiн. Әр бала өзiнiң ана тiлiмен қоса қай тiлдi меңгергiсi келедi, соны меңгерсiн. Және оны бала-бақшадан бастап мiндеттеудiң түкке қажетi жоқ. Оның орнына балаға кiшкентайынан бастап қазақ тiлiнiң ұлылығын, құдiретiн, қасиетiн толық танытуға атсалысайық. Себебi, қазiргi балалардың сөздiк қоры аз, тiлi өте жұтаң. Айтылған сөздi тек тура мағынасында қабылдайды.
Айшықты, ажарлы сөйлеу, ойды астарлап айту дегеннiң не екенiн бiлмейдi. Егер ана тiлiн жетiк меңгермеген балаларға өзге тiлдi үйрететiн болсақ, қазақ тiлi бұдан да жаман күйге душар болады.
Ана тiлiмiздiң шығу төркiнiнен бастап, тұрақты тiркестер, сөздердiң көп мағыналылығы, мақал-мәтелдер, синонимдiк қатар деген мәндi мәселелердi балаларға тереңiрек ұғындырып, күнделiктi өмiрде қолдана бiлуге дағдыландыруымыз қажет. Балабақшадан бастап ағылшын тiлiн оқытуға арналған қаржы мен сағаттарды қазақ тiлiн дамытуға, қадiрлеуге, мәртебесiн арттыруға жұмсасақ, еш ұтылмаймыз.
Серғазы ӘБIЛЖАНОВ,
Түлкiбас ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті