1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
«Адамның басы – Алланың добы»

Асан мен Зәуре есiмдi көршiлерiмнiң Атыраудан Алматыға қоныс аударғандарына 25 жылдың жүзi болып қалыпты. Алғаш көшiп келген күндерiнен бүгiнге дейiн қайғы мен қуанышқа ортақтасқан көршi болып келемiз. Екеуi нағыз Құдай қосқан жұбайлар деуге болады. Ақкөңiл, кiшiпейiл, жылы жүздi жандар. Асан мен Зәуренiң туған-туыс бауырларын ауылға тастап, Алматыға көшiп келулерiнiң бiрден-бiр себебi – жұрт секiлдi ұрпақ сүю болатын. “Бала көрмесең, қоныс аудар” деген аталы сөздi алға тартып, екеуiнiң Алматыға келген түрлерi ғой. Бұл қадамдары зая кетпей, көршiлерiм көп ұзамай ата-ана атанды. Зәуреш ұл баланы дүниеге алып келдi. Есiмi – Қайнар.
Қайнар көз алдымызда өстi, оқыды, тоқыды. Орта мектептi, содан кейiн Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, жұмысқа орналасты. Күмбiрлетiп күй тартып, әуендi ән салатын нағыз өнерлi жiгiттiң өзi болды.
Бiрде Қайнарды институтта бiрге оқыған жолдасы туған күнiне шақырады. Ешқашан iшiмдiктi аузына алмаған Қайнар баламыз сол кеште жолдастарының кеу-кеулеуiмен ащы судың дәмiн татыпты. Мiне, сол кештен кейiн Асан мен Зәуренiң Құдайдан жалбарынып сұрап алған балаларының тағдыры мүлде басқа арнаға ауысты.
Ащы су Қайнарды көп ұзамай өзi сүймейтiн қызға үйлендiруге мәжбүр еттi.
Қазiр жынын алған бақсыдай Қайнардың бұрынғы сал-серiлiгi жоқ, жүрiсi шұбалаң. Iштен тынып, өкiнiшi өзегiн өртегеннен болар, ащы су iздеп, көшенiң iшкiштерiнiң қатарына қосылды. Iстеп жүрген жұмысынан да айырылды...
Ара-тұра Қайнардың әке-шешесiне тiл тигiзе бастағанын да байқап қалып жүрмiн. Байғұс әкенiң мал-мүлкiнiң барлығын iшiмдiкке сатып бiтiрдi. Жалғыз ұлдың әлегiнен қазiр Асан көршiмнiң қолында дүние де қалмады. Несiн айтайын, көп ұзамай кiсi өлiмiне қатысы бар деген айыппен түн ұйқыларын төрт бөлiп, Құдайдан жалбарынып сұрап алған ұлдары темiр тордың арғы жағынан бiр-ақ шықты...
Мiне, «Адамның басы – Алланың добы» деген осы болар. Дұшпаныңа да тiлемес осындай жағдайды басынан өткiзген көршiлерiмнiң үмiттерi өлмесiн деп тiлегеннен басқа амалым жоқ.
Л.ДҮНГЕНБАЙ,
Ұзынағаш ауылы,
Жамбыл ауданы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар