1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
Барлық Алаш ұлдарының сүйегi елге қайтарылсын

Былтыр улап-шулап жүрiп Кейкi батырдың бас сүйегiн елiмiзге қайтардық. Батыр бабамыздың елге қайтқан бас сүйегiмен бiрге қазақтың рухы да бiр көтерiлiп қалды. Ендi жақсы iстiң жалғасы ретiнде, көп соза бермей, Кенесары ханның бас сүйегiн де елiмiзге қайтарсақ, үлкен сауап болар едi. Және Кенесары ханның бас сүйегi Астанаға, Кенесары ханның сарбаздары жатқан жерге жерленсе, құба-құп емес пе?!  Егер Кенесары ханның бас сүйегiн ел президентi өзi сұратса, оны Ресей мiндеттi түрде тауып берер едi деп ойлаймын. Осымен сабақтас тағы бiр жайт бар. Сүйектерi сыртта жатқан Алаш ұлдары аз емес. Солардың баршасының сүйектерiн елге алдырып, қайтадан ақ жуып, арулап көмсек деген ойым бар.
Қалдыбай СЕРIКБАЙҰЛЫ,
Жезқазған қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті