1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
Қазiргi қарттардың жастарға үйретерi жоқ сияқты...

Өткен демалыста Алматыда бiрге оқыған курстас досым қайтыс болып, соның қонақасына барып қайттым. Қазақылығы басым, жарқын жүздi азамат болатын, жаны жаннатта болсын. Менiң айтайын дегенiм – досым жайлы емес, досымның қонақасына жиналған шала қазақ ағайындар туралы болмақ. Мен Атырауда, ол Алматыда болғандықтан ара-тұра кездескенiмiз болмаса, тек телефонмен хабарласып тұратынбыз. Сол себептi де қонақасына жиналған көпшiлiктiң көбiсiн тани алмадым. Дастарқан басына отырғызғанда менi ақсақалды аталар мен ақ самайлы апаларымыздың қасына жайғастырды (өзiм де жас емеспiн, 50-ден асып барам). Барлығы күбiр-күбiр әңгiме айтып отыр. Түр-әлпеттерiне қарасам, кәдiмгi қазақтың ата-әжелерi. Бiрақ айтып отырған сөздерiн естiгенде құдды бiр орыстың шалдары мен кемпiрлерiнiң арасына кiрiп кеткендей болдым.
Кiлең қазақ отырып, барлығы бiр-бiрiмен орысша хал сұрасуда. Алматының жастары орысшаға бейiм деп еститiнмiн, бiрақ үлкен кiсiлер қазақша сөйлейтiн шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, жасы да, кәрiсi де орысша сөйлеуге әуес екен. Ол аздай бiр-бiрiнен “Неге Құран оқымай жатыр?” деп сұрап қояды. Араларындағы бiр кiсiнiң “қазiр оқымайтын болса, марқұм жайлы бiр-екi ауыз сөз айтайын” дегенiне не дерсiз?! Сонда адамның жаназасы шығарылмай жатып, Құран оқылмайтынын “ата-апа” деп сыйлап жүрген қарияларымыздың бiлмегенi ме?! Орнымнан атып тұрып, “не айтып, не шүлдiрлеп отырсыздар?” деп айқай салуға шақ қалдым. Өзiмдi әзер ұстадым.
Жалпы, бiздiң өлкеде қазақылық Алматыға қарағанда жақсы сақталған екен. Атырауда жүрiп мұндай жағдайға бiрде-бiр рет тап болмаппын. Бiрақ елiмiздiң оңтүстiк астанасының жастары түгiлi, қарттарының мәңгүрттiкке бой алдырғанын көрiп, қатты қапаландым. Бұрын қарияларымыз жастарға үлгi болып, ақыл айтып, жастарға бiлетiндерiн үйретiп отыратын едi. Ал дастарқан басындағы аталарымның әңгiмесiне қарап отырып: “Мына түрлерiмен қазiргi қариялар жастарға не үйретедi?” деген үлкен сұрақ ойыма келдi. Расымен, ақсақалдарымыз тым ұсақталып кеткен сияқты. “Бiзде шалдар көп, бiрақ ақсақал жоқ” деген сөздiң жаны бар екен.
Абылғазы ҚҰРМАНБЕК,
Атырау қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті