1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
Мұны қалай алыпсатарлық демейсiң?!

Кеңестiк кезеңде “алыпсатар” деген ұғым жұрттың зәресiн алушы едi. Қазiр бұл сөз жиi қолданылмаса да, қаптаған дүкендердегi тауар бағалары осы алыпсатарлықты еске түсiрiп жатқандай. Оған мысал ретiнде мына бiр жағдайды айта кетейiн. Жақында бiр супермаркеттен өзiм жақсы көретiн “Жокей Арабика Триумф” деген кофенiң ең кiшкентай ыдыстағысын сатып алдым. Кофенiң бұл түрi Алматы дүкендерiнде сирек болады, бағасы – 590 теңге.
Тағы бiрде сүт алмақ болып, “SMALL” (Розыбакиев пен Мыңбаев көшелерiнiң қиылысындағы) супермаркетiне бардым. Жаңағы 590 теңгелiк “Жокей Арабика Триумф” деген кофем бұл жерде 990 теңге екен. Ойпыр-ай! Бұл не болғаны сонда?! Супермаркеттiң шекесiндегi “Бiзде өте төмен баға!” деген жазуы өтiрiк болғаны ма?! Бұл дүкендегi тауарлардың бағасы ең төмен емес, ең қымбат қой! Содан ойлана келе, бұл дегенiмiз бұрынғы алыпсатарлықтың бүгiнгi түрi екен ғой деп топшыладым. “Алыпсатар” деген ұғым ашық қолданылмаса да, дүкендер ойына келген бағаны қойып, оның есесiн қайтарып жатыр екен.
Құттыбек ҚЫБЫРАЙҰЛЫ,
Алматы қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
казах | 14 қаңтар 2017 11:04
зан бар бирак орындалмаиды, оны карап жаткан зан орындары жок, баринин оилаитыны баю
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар