1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2017
Қай жерiмен ойлаған мыналарың...

Министрдiң мұнысына амал бар ма?!
Ұсыныпты “тiркеудi” адамдарға.
Сорлы халық топырлап, зәбiр көрiп,
Күнi бойы қамалды мына ЦОН- ға.

Айға қарап отыр ма депутаттар,
Ақын Мұхтар айтқандай, “жепутаттар!”
ЦОН-ға қалай барады тiркелуге,
Зағиптар мен науқастар, кiлең қарттар?

Тiркеу ашты халықтың қал-жағдайын,
Баспанасыз, жұмыссыз “сандалбайын!”
Соның көбi – қазақтың жастары екен,
Қаңғып келген қалаға сормаңдайым...

Тiркеу жасап ел iшiн тазаламақ,
Бар әлемге осылай болмақ мазақ.
Шетелдiктi үш айдай тайраңдатып,
Он күн өтсе қазақты жазаламақ!

Кiм бекiткен бұл заңды “есi жарым”,
Қарсы қойып билiкке елдiң бәрiн!
Ауыстырып алған ба ойлайтұғын,
Басы мен аяғының орындарын!


Аймұханбет БЕЙСЕМБЕКОВ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті