1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №9 (16195)   2 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
2 ақпан 2017
Алаяқтардан сақ болыңыз!

Көптен берi үйiмдi сатпақшы болып жүргенмiн. Ел қатарлы сатылым туралы хабарламамды интернеттегi сайттарға да жарияладым. Не керек, ұзақ уақыт бойы үйiмдi сұрап, телефон соғатындардың қатары көбейдi. Бiрақ елдегi қаржы дағдарысының әсерi ме, әлде басқа жағдай ма барлығы бiр рет хабарласып, жоқ болып кетедi.
Осыдан бiрнеше күн бұрын Петропавлдың азаматымын деп бiреу телефон соқты. “Үйiңiздi сатылымға қойыпсыз, интернет арқылы таптым. Үйiңiз маған ұнап қалды. Алдын ала төлем жасайын, сiз хабарламаны алып тастаңыз. Ешкiмге сатпаңыз!” деп әлгi жiгiт менi қуантып тастады. “Алдын ала төлем ретiнде бiр мың АҚШ долларын шотыңызға аударсам жете ме?” дедi. Ұзақ уақыт бойы үйiмдi өткiзе алмай жүргендiктен, “әрине жетедi” деп, ойымда ештеңе жоқ, бiрден келiсе кеттiм. Екеумiз бiраз сөйлесiп, үйдiң қазiргi жағдайын, нақты орналасқан жерiн, барлық ұсақ-түйектерiн сұрап, ақыры үйiмдi алатын болып, ақшаны аудару үшiн жеке шотымның номерiн сұрады. Ойланбастан банк карточкамның номерiн әлгiге айттым. Содан ол ақша аударайын деп жатқанын айтып, банкоматка барып бiр-екi санды растауымды сұрады. Бiрден жұмыстан сұранып шығып, банкоматка барып айтқанын орындадым. Қуанышыма қоса аңқаулығым да бар. Әне-мiне шотыма бiр мың АҚШ доллары түседi деп күтiп отырғанымда, банкiден қоңырау шалып, “Алаяқтар сiздiң карточкаңызға қол салмақшы болғандықтан шотыңыз бұғатталды” деп хабарлағанда жүрегiм аузыма тығылды. Абырой болғанда, есепшотымда ақша жоқ болатын.
Кейiн, банк қызметкерлерiнiң сақтығына риза болдым. Олар ескертпегенде алаяқтардың жемi болып қалар едiм. Мен бұл оқиғаны бiреуден көмек сұрау үшiн немесе бiреуге арыздану үшiн айтып отырған жоқпын. Қазақшылыққа салынып, “не iстей алар дейсiң” деп, кей кездерi өзiмiз танымайтын азаматтарға көп мәлiметтердi жайып салып отырамыз. Соның кесiрiнен қаншама халық алаяқтардың арбауында кетiп жатыр. Сол үшiн осы бiр жайтты редакцияға жолдап, оқырмандарға алаяқтардан сақ болыңыздар дегiм келедi.


Кәусар БАҚЫТҚЫЗЫ,
Қарағанды қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті